Аэрозольдер классификациясы 1.Дисперсті фаза агрегатты күйіне байланысты:
- тұман (С/Г ) ;
- түтін, шаң ( Қ/Г) ;
- смог ( С+Қ ) / Г [Smog]=Smoke (түтін) + fog ( тұман)
2.Дисперстілігі бойынша:
- тұман (С/Г) , 10-5 ≤d ≤ 10-3 см ;
- түтін ( Қ/Г) , 10-7 ≤ d ≤ 10-3 см ;
- шаң Қ/Г , d > 10-3 см .
3.Алыну әдістері бойынша:
- конденсациялық ;
- диспергациялық.
Аэрозольдердің алыну жолдары Басқа микрогетерогенді жүйелер тәрізді, аэрозольдер екі түрлі жолмен алынуы мүмкін: қатаң дисперсті жүйелерден ( диспергатционды әдістер ) және нағыз ерітінділерден ( конденсациялық әдістер ).
Конденсациялық әдістер Бұл әдістер гомогенді жүйеде жаңа фазаның түзілуіне байланысты. Оның түзілуінің міндетті шартты қаныққан будың болуы болып табылады, оның конденсациясы дисперсті фаза бөлшектерінің түзілуіне акеледі. Қаныққан будың көлемді конденсациясы үш жағдайда болуы мүмкін:
адиабатикалық таралу ( кеңею);
әртүрлі температураларға ие, бу және газдар араласуы;
газ қоспасының салқындатылуы.
1.Газдың адиабатикалық кеңеюі. Мұндай жолмен бұлттар түзіледі. Ылғал ауа жылы массасы атмосфераның жоғары қабаттарына көтеріледі. Ол жерде атмосфералық қысым төмен болғандықтан, адиабаттық, яғни ауаның салқындануы және су буының конденсациясы байқалады. Оншалықты биік емес жерлерде топтасқан бұлттар түзіледі, мұнда су сұйық тамшы түрінде болады, атмосфера жоғары қабатында температура анағұрлым төмен болады, нәтижесінде құрамында мұз кристалшалары болатын ақ ұлпа тәрізді бұлттар түзіледі.
2.Әр түрлі температураларға ие, бу және газдар араласуы. Осылай атмосфералы тұмандар түзіледі. Көбнесе тұман түнде ашық ауа райында пайда болады, яғни бұл кезде Жердің беті жылуды интенсивті бере отырып, қатты салқынданады. Жылы ылғал ауа салқынданып жатқан жер немесе оның беткі бөлігіндегі суық ауамен араласып, сұйықтық тамшылары түзіледі. Осы жағдай жылы және суық ауа фронттар кезінде де байқалады.
3.Құрамындағы бу болатын, газды қоспаның салқындатылуы. Бұл жағдайды ( күйді) су қайнаған шәугім мысалында көрсетуге болады. Шәугім мұрыншасынан су буы шығады, біз оны көрмейміз, өйткені оның түсі болмайды.Әр қарай су буы жылдам салқынданады, су конденсацияланады және де шәугім ұшында біз сүтті бұлт – тұманды көреміз. Ұқсас жағдай біз аязды күнде әйнекті ашқанда байқалады.Одан да бәрік аэрозоль ыдыста қызған май бөлмеде газ ( майлы аэрозоль) түзгенде пайда болады, оны бөлмені жақсылап салқындату ғана жоюға болады.
Сондай-ақ, конденсациялық аэрозоль ұшқыш емес өнімдер түзілуіне әкелетін газды реакциялар нәтижесінде түзілуі мүмкін:
жағар майлар жанғанда түтінді газдар түзіледі, олардың конденсациясы ағымдық түтіннің пайда болуына әкеледі;
Фосфор жанғанда ауада ақ түтін ( Р2О5 ) пайда болады;
Газ тәрізді NH3 және HCl әрекеттесуі нәтижесінде NH4Cl ( қатты түтін түзіледі);
Түрлі металлургиялық және химиялық процесстерде жүретін металлдардың ауада тотығуы, нәтижесінде металл оксидтері бөлшектерінен тұратын түтіндер пайда болады.