Диспергационды әдістер
Диспергационды аэрозольдер газды ортада қатты және сұйық денелердің ұсақталуы ( ұнтақталуы ) нәтижесінде пайда болады.
Қатты денелердің тозаңдатылуы екі сатыда жүреді: ұнтақтау, кейін тозаңдату. Заттың аэрозоль күйіне өтуі аэрозольді қолданған сәтте жүзеге асуы керек, өйткені басқа дисперсті жүйелер- эмульциялар, суспензиялармен салыстырғанда аэрозольдерді алдын – ала дайныдап қоюға болмайды. Тұрмыстық жағдайларда сұйық және ұнтақ тәрізді аэрозольдерді алудың жалғыз көзі болып, “аэрозольді қорап” немесе “аэрозольді баллон” аталатын құрылғы табылады.
Аэрозольдердің жалпы характеристикасы ( сипаттамасы)
Аэрозольдердің қасиеттері мына төмендегілермен анықталады:
дисперсті фаза заттары және дисперсті орта табиғатымен;
аэрозоль бөлшектік және массалық концентрациясымен;
бөлшектердің өлшемі және бөлшектердің өлшем бойынша таралуы;
біріншілік бөлшектердің формасымен;
аэрозоль құрылысымен;
бөлшектер зарядымен.
Аэрозольдер концентрациясының характеристикасы (сипаттамасы) үшін, басқа дисперсті жүйелер тәрізді, массалық және сандық (бөлшектік) концентрация пайдаланылады.
Массалық концентрация-газ көлемі бірлігіндегі барлық өлшенген бөлшектер массасы.
Сандық концентрация- аэрозоль көлемі бірлігіндегі бөлшектер саны.
Аэрозоль бөлшектерінің өлшемі
Бөлшектердің минимальді өлшемі заттың агрегатты күйде болу мүмкіндігімен анықталады.Мысалы, судың бір молекуласы газ да, сұйық та, қатты да дене түзе алмайды.Фазаның түзілуі үшін кемінде 20-30 молекулалы агрегат керек. Қатты зат немесе сұйықтың ең ұсақ бөлшегі 1*10-3 мкм-ден кіші өлшемге ие болуы мүмкін емес.
Кейбір аэрозольдердің бөлшектерінің размерлері
Аэрозоли
|
Условное обозначение
|
Размеры частиц, м
|
Туман (Н2О)
|
Ж/Г
|
5*10-7
|
Солистые облака
|
Ж/Г
|
1*10-6-1*10-5
|
Дождевые облака
|
Ж/Г
|
1*10-5-1*10-4
|
Н2SO4 ( туман)
|
Ж/Г
|
1*10-6-1*10-5
|
ZnO
|
Т/Г
|
5*10-8
|
Табачный дым
|
Т/Г
|
1*10-7-1*10-6
|
Топочный дым
|
Т/Г
|
1*10-7-1*10-4
|
P2O6
|
Т/Г
|
1*10-6-1*10-5
|
Газды үздіксіз орта ретінде қарастыру үшін, бөлшек өлшемдері газ молекулаларының еркін әрекетінен анағұрлым үлкен болуы керек. Бөлшектердің өлшемдерінің жоғары шегі қатаң түрде анықталмаған, алайда 100 мкм-ден ірілеу бөлшектер ұзақ уақыт ауада ұсталып қала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |