14 Дәріс Аэрозольдер Дәрістің жоспары


Аэрозоль бөлшектерінің формасы ( пішіні)



бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі33,15 Kb.
#132139
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лек14

Аэрозоль бөлшектерінің формасы ( пішіні)
Аэрозольдардағы сұйық тамшылар әр кезде сферикалық, ал қатты бөлшектер әр алуан формаларға ие болуы мүмкін.Оларды 3 топқа жіктеуге болады:
1.Изотермиялық бөлшектер, оларға шариктер, тура көпбұрышты немесе оларға жақын пішінді бөлшектер жатады.
2.Пластинкалар- екі үлкен өлшем және бір кіші өлшемге ие бөлшектер: жапырақтар, дисктер, мүйіздер.
3.Талшықтар- бір бағытта ғана созылған және басқа екі бағыттарда анағұрлым кіші өлшемге ие бөлшектер: инелер, жіптер және минералды талшықтар.
Бөлшектер формасы алыну жолына және материалға байланысты болады. Мысалы, будың конденсациялануы нәтижесінде түзілетіндері әдетте сферикалық формаға ие болады.
Аэрозоль структурасы ( құрылысы)
Аэрозоль бөлшектері өзінен өзі өмір сүруі мүмкін немесе тізбекке бірігуі мүмкін, олар агломерат немесе флокула деп аталады. Олар әдетте берік түтіндерде орналасқан жоғары зарядталған ұсақ бөлшектерден түзіледі. Аэрозольдер, сондай-ақ тамшылардан тұруы мүмкін, олар газбен немесе тамшы бөлшектерден тұрады. Оның құрамында толықтырғыш болады. Осылай, аэрозольдегі бөлшектер тығыздығы ьастапқы зат тығыздығынан ерекшеленуі мүмкін.
Беттік қасиеттері.Аэрозольді бөлшектер, ұзақ өлшемдерге ие бола тұрып, дамыған беттік қабатқа ие, мұнда адсорбция, жану және т.б. химиялық реакциялар жүруі мүмкін.Үлкен беті гигроскопиялық немесе электр зарядтарымен әсерлесу қабілеті сияқты физикалық қасиеттерді негізге алады.
Аэрозольдердің оптикалық қасиеттері. Аэрозольдердің оптикалық қасиеттері лиозолдер оптикалық қасиеттеріндей заңдылықтарға бағынады, алайда аэрозольдерде тығыздықтағы үлкен айырмашылық есебінен айқын байқалады.
Аэрозольдер үшін жарықты жұту және шығару құбылыстары тән.
Шашыраған жарық интенсивтілігі J p бізге белгілі Рэлей теңдеуімен анықталады:
νV2 n12 –n0 2
J p =J0 R —— , мұнда K=24π3 ( ———— )
λ4 n12 +2 n0 2
Бөлшектің сыну көрсеткіші n1 ортаның сыну көрсеткішінен n0 анағұрлым үлкен болғандықтан, аэрозольдер үшін К шамасы лиозолдеріне қарағанда үлкен.
Рэлей теңдеуінен аэрозольдердің қызыл түстіден гөрі , көк және сары түсті жарықтарды көбірек шашыратады.Атмосфераның төменгі қабатында аэрозольді бөлшектердің көп болатынын ескерсек, не себептен таң атқанда және күн батқанда аспанның қызғылт түсті, ал күндіз көк болатынын түсінуге болады. Күн көкжиекке жақындағанда, оның сәулелері атмосфераның төменгі қабатынан ( аэрозольдік бөлшектер көп бөлігі : шаң, түтін, тұман) өтеді де, жарық шашырап, бізге қызыл түсті жарық сәулелері жерге вертикаль бағытта түседі де, ауа қабатының аэрозольдік бөлшектерінің суммалық мөлшері аз болғандықтан тек қысқа толқынды жарық шашырап, аспанға көкшіл түс береді.
Кейбір металл немесе көмір бөлшектері жарықты жұтады. Түтіннің қара түсті болуы- түтін бөлшектерінің барлық көрінетін сәулелерді жұтылдыруынан. Ал ақ түсті түтіндер, керісінше, барлық көрінетін сәулелерді шашыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет