Аэрозольдердің электрлік қасиеттері. Аэрозоль бөлшектерінің электрлік қасиеттерінің лиозольдегі бөлшектердің электрлік қасиеттерінен едәуір ерекшеленеді.
1. Аэрозоль блшектерінде ЭҚК пайда болмайды, себебі газдың диэлектрлік өткізгіштігі төмен болғандықтан онда электролиттік диссоция жүрмейді.
2. Бөлшектердегі заряд иондардың адсорбциясы есебінен туындайды. Олар газ фазасында космостық, УК және радиоактивті сәулелермен газдың ионизациялануы нәтижесінде түзілуі.
3. Бөлщектер зрядтары табиғаты мен мөлшерінің бірдейлігіне қарамастан әртүрлі болады.
4. Бөлшектер заряды уақыт өте мөлшері де заряд таңбасы да өзгеріске ұшырайды.
5. Спецификалық адсорбция болмаса, бөлшектер мәні өте кішкентай.
6. Спецификалық адсорбция бөлшектері күшті полярлы заттармен түзілген аэрозольдерге тән.
Практикадан белгілі, металл және олардың оксидтерінің аэрозольдерінің бөлшектері теріс зарядталады.( Zn,ZnO,MgO, Fe2O3) , ал бейметалдар мен олардың оксидтерінің аэрозольдердегі бөлшектері оң зарядталады (SiO2,P2O5) NaCl мени крахмал бөлшектері оң зарядталған, ал ұн бөлшектері теріс зарядталған.
Агрегативті тұрақтылық коагуляция.Аэрозольдер –басқа дисперсті жүйелерге қарағада агретативті тұрақсыз жүйелер. Мұндағы коагуляция тез жүреді; бөлшектердің әрбір соқтығысуы олардың өзара бірігуіне әкеледі.
Аэрозольдердің коагуляциялануына келесі факторлар әсер етеді:
-бөлшек формалрының диаметрінің төмен болуы.
-колидисперстілігі
-қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің болуы.
-конвекциондық ағым, механикалық араласу, ультрадыбыстық тербелістер.
Аэрозольдерді бұзу әдістері.Аэрозольдер агрегативті тұрақтыз болса да, оларды бұзу проблемасы өте күрделі пробема Аэрозольдерді бұзу қажеттілігін тудыратын негізгі проблемалар:
-атмосферадағы өндірістік зиянды аэрозольдерді тазарту.
-өндірістік түтіндерден бағалы өнімдерді сүзіп алу.
-жаңбырды жасанды жолмен жауғызу немесе бұлттар мен тұмандарды сейілту.
Аэрозольдерді келесі жолдармен бұзуға болады:
-ауа ағысы әсерімен немесе аттас зарядталған бөлшектер арқылы.
-седиментация
-ыдыс қабырғаларына диффузиялануы
-коагуляция
-дисперсті фаза бөлшектерін буландыру
Ең ежелгі тазарту құрылғысына түтін мұржасын алуға болады. Зиянды аэрозольдерді, атмосфераның жоғарғы қабатына жіберіледі. Себебі кейбір химиялық қосылыстар атмосфераның жоғарғы қабаттарында күн сәулесі әсерінен және әр түрлі реакциялар нәтижесінде зияны аздау заттарға айналады. (Мысалы, норильскідегі таулы-металлургия комбинатының үш каналды мұржасының биіктігі -420м)
Бірақ қазіргі кезде түтінді қалдықтар алдын ала тазартуды қажет етеді. Аэрозольдерді бұзудың түрлі әдістері бар, олардың барлығы да 2 сатыдан тұрады:
-біріншісі-дисперсті бөлшектері сүзіп алу, оларды газдан бөліп алу.
-екіншісі-бөлшектердің газды ортаға қайта түсуін болдырмау.
Тозаңды сүзіп алу әдісі инертті және электрлік күштерге негізделген. Тозаңды сүзіп алу әдістерін схема түрінде көрсетуге болды.