ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ТАРИХЫ МƏСЕЛЕЛЕРІНЕН
Статья посвящена изучению вопроса казахстанско-российской государственной границы. На
основе источникового материала авторы рассматривают исторические, политические, со-
циально-экономические предпосылки формирования современной государственной границы.
The article is devoted to study of the question of the Kazakhstan-Russian state border. Author con-
siders the historical, political, social and economical preconditions of the shaping the modern state
border on the base of the sources material.
2005 ж. 16 қарашада Мəжілістің жалпы отырысында Ресейдің Думасында «Қазақстан Респуб-
ликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы» келі-
сім-шарттың заң жобасы қаралып бекітілді. Бүгінде бұл оқиға маңызды тарихи оқиғалардың біріне
айналды.
Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік шекарасы өткен ғасырдың 20-шы ж. РКФСР құ-
рамындағы Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің əкімшілік-аумақтық шекарасы болып анықтала бастады. Осы
жауапты жұмыстың алғашқы ізін салғандар қатарында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері-
нің болғаны белгілі. Кеше ғана тəуелсіздік алған еліміз бүгін бір мүшелден асып барады. Бұл тарих
үшін қас-қағым сəт. Осы аз ғана тарихи қысқа мерзім ішінде республикамыз 100 жылға тең келетін
жолды жүріп өтті. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Қазақстан осы жылдары Отан
тарихындағы абыройлы да асқақ табыстарымен өрнектей алды. Төрткүл дүниенің төрт құбылысынан
тұрақты дос, айнымас əріптес, сапарлас серіктер, қақысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа
мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді». Тəуелсіздік жылдарында қазақ деген ұлттың ба-
рын, сол ұлттың атауында кең байтақ жерге ие Қазақстан мемлекеті бар екенін жер-жаһан танып,
абыройының асқанын əлем елдері біліп, олардың басшылары мойындады. Жер — елдіктің белгісі, ол
халық бірлігінің, оның тұтастығының көрінісі. Жерсіз ел болмайды. Жерден айырылу елден, елдігі-
нен айырылу деген ұғыммен бірдей.
Қырревком 1920 ж. маусымында Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиясын құру туралы жобаға
байланысты РКФСР Ұлт істері Халық Комиссариатына «Қырғыз (Қазақ) өлкесінің территориясы мен
шекарасы» деген құжатты ұсынды. Онда осы көктем, жаз айларында Қырревкомның атқарған күрделі
істерін атап өтті. Олар біріншіден, жалпы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне дайындық жұ-
мыстары, екіншіден, Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру тура-
лы жобаның жасалуы, үшіншіден, Қазақ өлкесінің территориясы мен шекарасын анықтау мəселесі.
Осыған байланысты РКФСР Ұлт істері Халық Комиссариаты мен Қырревкомның кейбір мүшелері
«Қазақ өлкесінің шекарасын» анықтау барысында өздерінің ерекше пікірлерін білдірді. Олар қазақ-
тың байырғы жерлерін бір ғана Қырғыз (Қазақ) Автономиясына беру мүмкін еместігін, бұлай істеу
тек буржуазиялық ұлтшылдардың күшеюі мен билігінің кеңеюіне əкеп соғатынын ескертті. Сондық-
58
тан бұл авторлар Қазақ Республикасынан Орал облысының Гурьев, Лбищенск жəне Орал уездерін,
Торғай облысының Қостанай уезін, Ақмола облысының Петропавл, Омбы, Көкшетау уездерін мүл-
дем шығарып тастауды ұсынды. Осындай қарсылықтарға қарамастан, 1920 ж. көктемде Семей мен
Ақмола губревкомы Сібір ревкомының қарамағында болғандықтан, «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару
жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ережеге» сəйкес осы екі ревкомды біріктіру мəсе-
лесін қолға алды
1
. Алдын ала жоспарланған осы маңызды жұмыспен айналасу үшін облыстардан
уəкілдер Орынбор қаласына шақырыла бастады. Солардың арасында қазақ халқының аяулы ұлдары-
ның бірі, еліміздің тəуелсіздігі үшін күрескен «Алаш» қозғалысының басшыларының өкілі, көрнекті
мемлекет жəне қоғам қайраткері, əрі ғалым, ұстаз, белгілі ағартушы Əлімхан Əбеуұлы Ермековтің
атын ерекше атауға болады.
Бүгінде туғанына 115 жыл толып отырған Ермековтің есімі өткен ғасырдың 90-шы ж. дейін көп-
шілікке белгілі болмады. Оның аты Қазақ Совет энциклопедиясына кірмеді, тарихшылар ол туралы
үнсіздік білдірді. Тек математиктер ғана Қазақстандағы математика білімі мен ғылымы тарихын қа-
растырғанда Ермековтің фамилиясын оқта-текте ауызға алып, оның математика саласындағы еңбек-
теріне тоқталатын. Шындығында, Ермековтің ғылыми-ағартушылық қызметін былай қойғанда рес-
публикамыздың шекарасының өткен ХХ 20 жылдарында анықталып, тиянақталуына біршама із қал-
дырғаны белгілі.
Ə.Ермеков 1920 ж. Семей облысының губерниялық комитеті уəкілі болып сайланды. Сəуірдің 3-і
күні оның қолына алдағы уақытта Қырəскериревкомның қол астына қызметте болатыны жайлы жол-
дама-куəлік берілді. Cақталған құжаттарда қайталана берген жеделхат мазмұндарына мұқият зер сал-
ғанда облыстардан тағайындалған осы уəкілдердің Орынборға тез жете алмағанын байқаймыз. Оған
кінəлі жергілікті ревком басшылары болды. 14 сəуірде Қырəскериревком тағы да Семей губревкомы-
ның атына жеделхат салып Ə.Ермеков, Д.Сəрсенов, Б.Ахмедов, А.Бірімжановтарды тез арада Орын-
борға аттандыруға бұйырады, егер бұйрық орындалмаса, революциялық трибуналға тартылатыны
көрсетіледі. Осы жеделхаттан кейін ғана 16 сəуірде Ермеков жəне Сəрсенов жолға шығады
2
.
19 сəуірде берілген жолдама Ермековтің Қырəскериревкомның қарамағындағы қызметкер екін-
дігін көрсетеді, сонымен бірге оған жолшыбай Омбы қаласында Сібревком алдында Семей губерния-
сындағы жалпы жағдай жəне қырғыздар жайлы баяндама оқу тапсырылған. Мамыр айының басында
Ермеков Орынбор қаласына жетеді. Ол кезде Орынбор Қырəскериревкомның жəне енді қаз тұрып
ұйымдаса бастаған республиканың уақытша орталығы еді. Мұның алдында 4 маусымда 1920 ж. Қыр-
ғыз Əскери Комитеті Орынбор губерниялық Атқару Комитетінің келісімімен — Орынбор губерния-
сын Қазақстанға қосу туралы шешім қабылданған болатын. Бұл шешім Орынбор қаласындағы жұ-
мысшылар мен тəжірибелі кеңес мамандарын болашақ республиканың қызметіне араластыру болып
табылды. Тағы бір себеп, Орынбордан өтетін темір жолдың Қазақстанды Орал, Поволжье жəне Орта-
лық Ресеймен экономикалық жағынан байланыстыруға қолайлылығы. Ал 1920 ж. 7 шілдеде Орынбор
мен Торғай губерниялары біріктіріліп Қазақстанның құрамындағы бір губерния болып бекітілді
1
.
Орынборда Ə.Ермеков Семей мен Ақмоланың Қырəскериревкомы құрамына қайтарылуы жөнінде
баяндама жасайды. Ол өз естелігінде: «Бұл Қазақ Автономиясының жасалмаған кезі. Баяндамамда мен
азамат соғысының аяқталуына байланысты Семей мен Ақмола облыстарын енді Қырəскериревкомның
қарамағына қайтару керектігін атап өттім. Жəне осы мəселені талқылау кезінде болашақ автономиялық
республика құру жəне оның шекарасын белгілеуге байланысты мəселелер көтерілді»
3
, — дейді.
Ə.Ермеков Омбы, Орынбор, кейін Мəскеуде жасаған баяндамаларында ең алдымен шекара бел-
гілеуде үлкен маңызға ие болып отырған Қазақстандағы жер мəселесінің тығырыққа тіреліп тұрған-
дығына басты назар аударады. Кеңес үкіметінің құрылуы барысында жəне Лениннің көзі тірісінде
бұл мəселе біраз шешімін тапқан да еді. Əрине, бұл жерде ұлт республикалары шекараларын больше-
виктер көп ойланбай, бас қатырмай-ақ өз беттерімен жасауға тырысып та жатты. Соның нəтижесінде
тұтас, тығыз орналасқан этникалық өңірлердің дəстүрлі байланыстары үзіле бастады. Мысалы, Қыр-
ғызстан мен Тəжікстанның Ленинабад облысында өзбектер көп қоныстанған болып шықты. Керісін-
ше, өзбектің Бұқара мен Самарқан қалаларының негізін тəжіктер құрайды (бұлардың көпшілігі кейін
күштеп өзбек деп жазылғаны белгілі).
Патша өкіметі тұсында қазақтың өзен-көлдің жағасындағы жайқалған орман-тоғайлар мен құ-
нарлы, қаратопырақты жерлері сонау XVІІІ–XІX ғ. өзінде-ақ заңдылыққа қайшы бола тұрса да, тұр-
ғылықты халықтан тартып алынып, Ертіс, Жайық сияқты өзендердің бойындағы он шақырымдық
алап кейін 70 шақырымға дейін созылып, бұл жерлерге қазақ қыстау салмасын, егін екпесін деген
жарлықтарымен олардың көшіп-қонуына тыйым салынған болатын
4
.
59
Жергілікті халықтарды жерге орналыстыру мəселесі Патша заманында шешілмей, қайта қазақ-
тардың жерін жөн-жосықсыз тартып алу ішкі Ресейде ірі жер иеленушілердің мүддесін қорғаған Сто-
лыпин реформасы жылдарында жаңа қарқынмен жүргізілгені белгілі. Столыпин Мемлекеттік Дума-
ның мінбесінен «қырғыз даласын игеру» жөнінде ұран тастап, Қазақстан мен Түркістанның жерінде
жергілікті халықтың талабын аяққа басып, патшалық əкімшіліктің тірегі болып табылатын орыс-ку-
лак шаруашылықтарын кеңінен дамытуға шақырды. Ата қонысынан айырылған қазақтар өздері ежел-
ден иелік еткен жерді мал жайылымы ретінде пайдаланғаны үшін орасан зор көлемде қаражат төлеп,
тез арада сіңірі шыққан кедейге, бірқатары казак семьяларына жалданып, олардың үй жəне ауыл ша-
руашылық жұмыстарын атқаратын жалшыларына айналып жататын. Отаршылар қазақтың қанына
сіңген ұлттық түсінікпен есептеспеді, санаспады. Аяққа басты, табанына таптады. Қорлады деген сол
емес пе, тұтас елді ыдыратты, бөлшек-бөлшек етті. Мысалы ХІХ ғ. II жартысында Алаш елі Омбы
(Ақмола, Семей облыстары) жəне Ташкент (Жетісу, Сырдария облыстары) генерал-губернаторлықта-
ры арқылы басқарылды. Орталықтары Орынбор, Орал қалалары болып есептелген Торғай мен Орал
облыстарына батыс пен солтүстіктің біраз аймағы кірді. Бөкей Ордасы Астрахань губерниясына ба-
ғынды. Маңғыстау түбегі мен оған жанасып жатқан Арал жəне Атырау теңіздерінің аралығындағы
жерлер Закаспий облысына (орталығы — Красноводск қаласы) қарады
5
.
Большевиктер де осындай арамза саясатты жалғастыра түсті. Түркістан Кеңес Республикасына
(1918) Орта Азияның басқа өңірлерімен бірге Қазақстанның екі оңтүстік облыстары Жетісу, Сырда-
рия облыстары кірді. Басқа жерлер əкімшілік жағынан бытыраңқы болып, РКФСР-дің əр түрлі губер-
ниялық кеңестеріне ауысты, солтүстік-шығыстағы Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбыда бол-
ған Батыс Сібір өлкесіне бағынды. Торғай облысы Орынбор губерниялық кеңесінің құзырына енді.
Бөкей облысы Астрахань губерниясының қол астына көшті.
Ə.Ермеков 1920 ж. көктемде Орынборда жасаған баяндамасында сол баяғы Ертіс, Жайық өзен-
дері бойындағы он шақырымдық алқаптарды оны атам заманнан бері иеленіп келе жатқан қазақтарға
қайтару жөнінде ұсыныс жасады. Жоғарыдағы қазақ жері мəселелерімен таныстырып болашақта қа-
зақтарды жерге орналастыру жайында өз түсініктерін ортаға салды. Қазақты жерге орналастырғанда,
əрине, қазақ жеріндегі аудандардың табиғат жағдайы мен шаруашылық түрлері жəне басқа да көрші-
лермен қатынастары ескерілу керектігіне тоқталып, өзге қазақ зиялылары сияқты қайтарылатын жер-
лер: «Объезчик, орманшылардың меншігінде болған жерлер, кабинет жəне басқа қазынаға алынған
жерлер, əр жерден шіркеу, монастырларға, офицерлерге, əскерге, переселен мекемелерінің малын ба-
ғуға жəне қоныстандырылып жатқан аудандарға алынған жерлер...», — деп атап өтіп, əзірге, қазақ
жалпы жерге орналасқанша, орталық аймақтардан көшіп-қонуды тоқтата тұру туралы маңызды ұсы-
ныс жасайды. Кейін осы ұсынысын ол Мəскеуде БОАК жəне Совнаркомның Қазақстанға байланысты
В.И.Ленин басшылығымен өткен мəжілістерде де ортаға салған. Семей мен Ақмоланың Қырəскери-
ревкомға енуі жөнінде үлкен жауапты жұмысты жүзеге асыру үшін Қырəскериревкомның 1920 ж. 18
мамырдағы қаулысы бойынша жаңадан құрылмақшы «Қазақ АКСР-інің жалпы жағдайы жəне оның
шекара мəселесі» жөнінде баяндама жасау үшін 2043 нөмірлі мандатпен Мəскеуге аттанады
6
.
Мəскеуге келгеннен кейін Қырревкомның өзге мүшелерімен араласа жүріп, Ермеков өзін іскер,
алғыр, жан-жақты білімді, мəдениетті қайраткер ретінде көрсетеді. Ə.Ермеков Қырревком мүшесі, əрі
коллегия төрағасы болып сайланды. Осы Мəскеудегі жұмыс сапарында онымен бірге Алашорданың
бұрынғы басқа да өкілдері болған. Олардың арасында Халел жəне Жанша Досмұхамбетов, Ахмет
Байтұрсыновтар болған.
1920 ж. 9–10 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы жанында барлық
мүдделі мекемелер мен ведомстволардың мəслихаты болып, онда Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаруға
байланысты жəне оның Ресей Федерациясымен шекарасы жəне өзара қатынастары туралы мəселелер
талқыланды. Онда Қырревкомнан — С.Пестковский, Ə.Жангелдин, А.Кулаков, А.Мырзағалиев,
Ə.Əлібеков, П.Петровский; Қазақстанның облыс орталықтарынан — С.П.Милютин, Д.Темірəлиев,
Ə.Ермеков, Оразаев, РКФСР Ұлт Істері Халық Комиссариатының төрағасының көмекшісі, Түркомис-
сияның Орталық Комитетінің мүшелері Г.И.Сафаров, Т.Рысқұлов, БОАК мен РКФСР ХКК төрағала-
ры, Жер Халық Комиссариатынан, Сібревком, Омбы, Астрахань, Челябі облыстық атқару комитеті-
нің басшылары жəне басқа да жауапты адамдар қатысты. Екі күнге созылған бұл мəжілісте болашақ
Қазақ Автономиясының территориясы мəселесі төңірегінде тиянақты шешім болмады. Сондықтан
бұл мəселелер 12–14 тамыздағы мəжілістерде жалғасын тапты. Өкінішке орай, көтерілген мəселелер
жөнінде біздер керекті құжаттар қолымызда болмағандықтан, тұжырымды түйіндер шығара алмадық.
Бір білгеніміз 14 тамызда болашақ Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Республикасын құру жəне оның
60
шекарасын белгілеуге байланысты мəселені 17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өтетін БОАК
мен ХКК-нің біріккен отырысында талқыға салу көзделді.
Осыған байланысты Ə.Ермеков Қазақ өлкесінің жағдайы мен оның шекарасын белгілеу мəселе-
лері бойынша Халық Комиссарлары Кеңесінің мəжілісіне дайындалады. Мəжіліс 1920 ж. 17 тамы-
зында өтеді. Төрағасы В.И.Ленин болған ХКК-нің осы отырысында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық
Кеңестік Республикасын құру туралы жоба жасалды
7
. Бұрын В.И.Ленинмен телефон арқылы сөйлесіп
(1918 ж. наурыз) таныс болған Ə.Ермеков енді оның алдында баяндама жасау мүмкіндігіне ие бола-
ды. Ə.Ермеков бүкіл өміріне өшпес із қалдырған бұл оқиға жайында өз қолымен естелік жазып қал-
дырған. Бұл қолжазба бүгінде ұлы Мағауия Ермековтің, журналист-жазушы Нөгербек Мағзұмұлы-
ның жеке архивтерінде сақтаулы. Сонымен бірге Жайық Бектұров «Орталық Қазақстан» (1989 ж.
3 қыркүйек) газетінде жариялаған «Үш Əлекең» мақаласында: «Ə.Ермеков ауызекі сөзге шешен бол-
са да, қартая келгенде естелік жазуға зауқы соқпады. Өзіміз жалынғандай болып жаздырған Ленин
туралы естелігі кезінде біраз білікті адамдардың қолдарына таратылды. Бұл кісі революция көсемі
В.И.Ленинге ерекше ықыласты болатын. Ол өзінің бұл ықылас–ниетінен абақтыда отырғанда да таң-
бапты. Өйткені үкімет, сот орындарына жазған шағым арыздарының бəрінде де ұлы көсемді адамзат-
тың пайғамбарындай қадір тұтып отырыпты. Ə.Ермековтің осы ықылас-ниетін біліп, біз кезінде ол кі-
сіге өзінің В.И.Ленинмен кездесуі жайлы естелік жазуына себепші болдық», — дейді. Бұл естеліктің
көшірмелері, сонымен бірге інісі, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондентмүшесі Мүсілім
Ермековтің, жазушы Ғ.Мүсіреповтің архивтерінде де сақтаулы. Алғаш осы естелікті 1960-шы ж. жа-
зып болғанда Ə.Ермеков оны Ж.Бектұровқа бірінші нұсқасын оқып берген. Бірақ бұл естелікті Алма-
ты жарияламаған. Ғабит Мүсірепов бұл жөнінде: «Əзір жариялаудың реті келетін емес», — деп жаз-
ған екен. Енді осы естеліктерге сүйене отырып, Ə.Ермеков қатысқан В.И.Лениннің басшылығымен
болған Қазақстан шекарасын анықтауға байланысты жиналған комиссияның жұмысына тоқталайық.
Бірінші болып Кеңестік Түркістан Республикасында, əсіресе Жетісу өлкесінде жер реформасын жүр-
гізу туралы белгілі коммунист, орталық үкіметтің уəкілі Г.И.Сафаров баяндама жасаған. Ол патша
үкіметінің отаршылдық саясат кезінде, əсіресе Столыпиннің басқыншылық, озбырлық саясаты тұ-
сында қазақтың шұрайлы егіндік, шабындық жерлерінен айырылған еңбекші бұқараның ата мекенде-
рін, мəйектерін, жайлауын, күзегін өздеріне қайтарып, ондағы орыс кулактарын көшіру қажеттігін ай-
тып алға тартқан. Осы ұсынысын Г.И.Сафаров 1921 ж. РКП(б) Х съезінде ұлт мəселесі туралы Түр-
кістан жұртшылығы атынан Сталинге қосымша баяндама жасағанда Жетісу өлкесіндегі қазақ ауылда-
рының 35 % төрт-бес жыл ішінде аштан қырылып, ал олардың малдарының 70 % жұтқа ұшырағанын
көрсеткен. Г.И.Сафаров сол жолы Сталиннің ұлт мəселесіне байланысты жасаған баяндамасына қар-
сы ашық пікір айтып, ұлттық-мəдени дамуды ұлттардың өз еркіне беруді талап еткен. Ал Лениннің
алдындағы баяндамасында ол тіпті өзі бастап Жетісу өлкесіндегі Қордай, Іле бойындағы орыс кулак-
тарын қазақ жерінен көшіре бастағанын атап өткен
8
.
Сафаровтан кейін сөз алған Ермеков өз баяндамасында Қазақ өлкесінің жалпы жағдайына тоқта-
лады. «Каспий теңізі теріскей жағасындағы ұзындығы 70–80 шақырымға, Нарын құмына дейін со-
зылған, шаруашылыққа тиімді шығанақ-бұғазды орыс помещиктеріне, алпауыттарына əперілген, бас-
қаша айтқанда, П.А.Столыпиннің Мемлекеттік Думада «қазақ жерін игеру» деуінен кейін «миллион-
ный фонд» деп аталған өңірді жəне Ертістің қазақ жерінде ағатын өне бойының екі жағын, он шақы-
рымнан қатарластыра кесіп алып, сібірлік казак-орыстарға тартып əперген жерлерді болашақ Қазақ
республикасына қосу керектігін мен айттым»
9
, — дейді естелігінде.
Ол Солтүстік, Орталық уездерді жайлаған əр түрлі ұлттардың арасында алауыздық, шиеленіс ту-
ғызбау үшін, жергілікті ұлт өкілдерін дұрыстап жерге орналастырғанша Ресейден жаңа қоныстану-
шыларды көшіруді тоқтата тұрудың қажеттілігіне тоқтап, осы тұрғыда арнаулы қаулы қабылдауды
ұсынады.
Сонымен бірге Каспий-Атырау жағасындағы Астрахань жақ алаптағы бұғаз-шығанаққа тоқта-
лып, бұл аймақты болашақ Қазақ автономиясына қосу мəселесін көтергенде бұл ұсынысқа партияның
көрнекті қайраткерлері Ш.З.Элиава, Н.П.Брюханов, Н.Н.Крестинский, Астрахань губаткомының тө-
рағасы ашық қарсы шығады. Бұл жерлердің қалай да Ресей құрамында қалуын көздеген олар: «... қа-
зір Ресейде аштық əлі қабындап тұр. Атыраудың балығы астанамызға — Мəскеуге, Петроградқа қа-
жетті азық-түлік. Сондықтан бұл алқапты РКФСР-де қалдыру керек», — деп негіздеген. Бұл пікірге
Ə.Ермеков: «... аймақта тұратын халықтың көпшілігін қазақтар құрайды. Бұлардың негізгі кəсіптері-
нің бірі — балық аулау. Табыс табу үшін бұрын жалданатын, егер бұл жағалау енді өз иеліктеріне
көшсе, орталыққа беретін өнімді екі, үш есе арттырады», — деп тұжырымдайды.
61
Жалпы, Ə.Ермековтің естелігін оқи отырып, біз кезінде патшалық Ресейдің шет аймақтарға кем-
сітіп қарайтын астамшылық пиғылы, өркөкірек менмен мінезінің мұздай ызғары бертін Қазан төңке-
рісінен кейін де онша қайта қоймағанын аңғарамыз. Бұл əсіресе ұлт аймақтар енші алып автономия
болар кезде жиі бой көрсеткен екен. Естелікте бір таңданатын жай, ондағы əділетсіздіктің бетін қай-
тарып, тарихи шындыққа жол ашып отыратын көреген көсем Лениннің «кемеңгерлігіне» сүйсінбей
тұра алмайсың. Шынында, Қазақ автономиясы құрылып, оның шекарасы белгіленетін болғанда пар-
тия, шаруашылық басшылығында жетекшілік қызметте жүрген кейбір үлкен қайраткерлердің сөздері
ақиқаттан аттап, қазақтың өз жерін өзіне қимай, іштарлық жасап жорта бұра тартатын сəттері тарихта
аз кездеспейді. Солардың бірі Лениннің өзі жүргізген БОАК жанындағы Арнаулы өкімет комиссия-
сының Қазақ Республикасының шекарасын белгілеген мəжілісінде баяндама жасаған Ə.Ермеков қа-
тысқан отырыста болған жай. Соңынан патша заманында Астрахань губерниясының иелігіне көшкен
Нарын құмы жағалауын Қазақстанға қайтарып беру жөніндегі талас қызған кезде Лениннің, «Қай ха-
лық көп болса, соған берілсін» деген принциппен шешуін, оның «көсемдігімен» теңестіреді. Ал, шын
мəнінде бұл ұлт зиялыларының қажымас еңбектерінің нəтижесінде жеткен жеңістер еді.
Революцияның алғашқы алапатынан көп адамдар əлі кеңестік жаңа мемлекеттің тұтқа-кіндігін, тіз-
гін-шылбырын қалай ұстауды жете біле қоймаған кезде осындай тарихи істің басы-қасында Ə.Бөкейха-
нов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, Ə.Ермеков сияқты қайраткерлердің болуы, небір қиын, шиеленіскен,
əсіресе талай заман Ресейдің отары болып келген қазақ елінің тағдырының дұрыс, əділ шешілуіне өз
үлестерін қосуы тарихта бүгінде өз атымен аталып, өшпейтін оқиға ретінде бағалануы қажет.
Ə.Ермеков Мəскеуде болған Халкомкеңесі мен БОАК мəжілістеріндегі баяндамаларында негіз
болған мəселелер бүкіл қазақ халқының ойы, арман-мақсаты еді. Мысалы, Орталық мұрағатта
1920 ж. Волго-Каспий өңірі мен Астрахань губерниясындағы қазақ ұлты көп тұратын аймақтардағы
елді мекен тұрғындарының жиындарында қабылданған өтініш-тілектеріне сай қаулы-қарарлар осы-
ған дəлел. Олардың көпшілігі өздерінің территорияларын Қырғыз (Қазақ) ревком құрамына кіргізуді
білдірген өтініштер. Осы мəселені тезірек шешуді өтінген тұрғындар ұлтаралық келіспеушіліктің
жергілікті жерде бой алып келе жатқанын жəне астраханьдік басқарудың бұл жерге қолайсыздығын
атап, анық көрсеткен құжаттар жиі кездеседі
10
.
Сөйтіп, В.И.Лениннің төрағалық етіумен болған БОАК жанындағы Арнаулы үкімет комиссиясы-
ның Қырғыз (Қазақ) Республикасының шекарасын белгілеген мəжілісте Ə.Ермеков баяндама жасап,
Қазақстандағы шекараны анықтауда үлкен маңызы бар күрделі де, шиеленіскен жер мəселесіне тоқ-
талады. Каспий теңізінің солтүстік Нарын құмы жағалауын Астрахань губерниясынан қайтарып, Қа-
зақстанның шекарасын анықтауда өз ұсыныстарын жасайды. Бүгіндері Республикамыздың батысын-
да орналасқан Атырау облысының, Теңіз ауданындағы Ганюшкино, Забурение, Жанбай сияқты елді
мекендері халыққа жайлы қоныс болып, ал Каспийдің табиғи байлығы күн көрістің қайнар бұлағына
айналды. Бұл Ə.Бөкейханов, Ə.Ермеков сияқты қазақ зиялыларының Қазақстанның территориялық
тұтастығын реттеудегі қызметтерінің бір көрінісі ғана.
Айта кету керек, осы жолы Ленин мен Сталиннің алдында қазақ жерінің тұтастығын қорғаған
Ə.Бөкейханов пен Ə.Ермеков Семей жерінің шартты түрде Қазақ Автономиясына қарамайтындығын
пайдаланып, Сібір ревкомының құрамындағы қазақ тұрғындарының атынан келісім жүргізген. Ста-
лин алдына келген оқымыстыларды бишара күйге түсіріп, қорлаудан масаттана лəззат алатын парано-
икті көргенде Ə.Бөкейханов: «Сауатсыз, өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтынның нағыз өзі екен.
Қазақты былай қой, Ресейдің соры енді қайнайтын болды», — деген екен Ə.Ермековке. Оның бұл ай-
тқан пікірінің расқа шыққанын тарих өзі дəлелдеді.
Ал, Ақмола, Семей облыстарының Сібревком қарамағынан алынып Қазақстанға қосылуы оңайға
түскен жоқ. Сібревкомның кейбір мүшелері бұл мəселеге қарсы шықты. Тек 1920 жылдың II жарты-
сында олар Қазақстанмен арадағы шекараны анықтау мəселесін мекемелер мен ведомстволар кеңесінде
бес рет қараған. Бұл мəселе тіпті Қазақ АКСР-ының құрылуы туралы декрет шыққаннан кейін де өз ше-
шімін таппады. Бұл үшін 1921 ж. ақпан айында Қазақ үкіметі мен Сібревкомнан он адамнан тұратын
Төтенше комиссия тағайындалды. Комиссия отырыстарында бұл мəселе РК(б)П ОК-де 1922 жылы ақ-
пан, мамыр айларында, ал БОАК-де 1922 жылғы қаңтар жəне ақпан айларында талқыланды
11
.
Қазақ зиялылары В.И.Лениннің басқаруымен бүкіл елдің жəне республика мен облыстардың
мүдделерін ескере отырып, осы алауыздықты шешуді бірден-бір дұрыс жолын табуға тырысты, та-
ласты территориялық мəселені шешу қажеттігін жəне оны жаңадан құрылып жатқан Қазақ Республи-
касының пайдасына шешу керектігін дəлелдеді. Сібір ревкомының мүшесі В.Н.Соколов, В.И.Ленин
«Сібір тұтастығын» сақтап қалуды жақтаушыларды мəселенің дұрыстығына қалай көз жеткізгені ту-
ралы нақты естелік қалдырды
12
. Сол сияқты М.Жұмабаевтың 1921 ж. «Бостандық туы» газетінде жа-
62
рия еткен Ақмола, Семей облыстарын Қазақстанға қосу үшін келген Төтенше комиссияның ісіне ар-
налған мақаласы бар. 1920 ж. 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық
комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орын-
бор қаласында болатын «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру
туралы» декреті жарық көрді. Осы жерде тоқтала кететін бір мəселе — ол осы декреттің 11-бабында
Семей мен Ақмола губерниялары «Қырғыз Республикасының Орталық органдары түпкілікті ұйым-
дастырылғанға дейін Сібір ревкомының құрамында қалады», деп көрсетілгендігі. Сол кезеңде қуаң-
шылық Ресейдің 28 губерниялар қамтығанда, егін бітік шыққан Ақмола мен Семей губерниясын алып
қалудың да өзіндік бір сыры осы еді жəне екі губерния 1920 ж. санақ бойынша 2070676 халқы бар,
921000 шаршы метр жерді алып жатқан ұланғайыр территориясы мен Омбыға дейін темір жол мен су
жолдары қамтамасыз етілген шұрайлы жерден бірден айырылғысы келмегенін Қазақстан Республика-
сының Орталық мемлекеттік мұрағаттарындағы құжаттар куəландырады. Аталған губерниялардың ше-
караларын айқындау осы территориядағы мекемелердің мүлкі, құрал-жабдықтары мен қаражат мəселе-
сін шешуге келгенде бірден келісімге келе алмай Мəскеуге бірнеше рет шағымдануға дейін барады.
Семей губерниясы ресми түрде 1921 ж. мамыр айында Қазақстанға қосылғанымен, іс жүзінде
шекара мəселесіндегі даулар 1922 ж. да жүріп жатты. Соның біреуіне тоқталсақ, Ресей өз тарапынан
Павлодар уезіндегі тұзды көлдер ауданын əкімшілік жағынан Қырғыз (Қазақ) Республикасына қара-
ғанымен, шаруашылыққа пайдалану жағынан Сібревкомның қарамағында қалады деп, 1922 ж.
12 қаңтардағы қаулысында өз пайдаларына шешеді. Мəскеуден келген мына жеделхат осы мəселеге
соңғы нүкте қойғандай: онда «БОАК-нің 12 жəне 26-қаңтарындағы қаулысына сəйкес Павлодар
уезіндегі тұзды көлдер ауданы шаруашылық жəне əкімшілік жағынан Есілкөл станциясы Қырғыз Рес-
публикасының иелігінде қалдырылады»
13
делінген.
1920 ж. 4–12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі Қырғыз
(Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларация-
сын қабылдайды, оған сəйкес РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АКСР-і құрылу-
ын Жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл əскер депутаттары Кеңес-
терінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті Орталық Атқару Комитетін (ОАК) жəне В.Ра-
дус-Зеньковичті бас етіп Халық Комисарлары Кеңесін (ХКК) сайлады
14
. Бұл Актілер Республиканы
құрудың негізгі принциптерін бекітті. Сондай-ақ аталған құжаттар кеңестік басқару жүйесіндегі
РКФСР мен Қазақ АКСР мемлекеттік органдарының билік пропорциясы арасалмағы негізінде анық-
талды. Мұндай тəртіп Орталыққа Қазақ өлкесін толық басқаруға жəне оны орталық пен республика-
лық басқару органдарының құзыры арақатынасы мəселелерін шешуде басшылыққа алуға мүмкіндік
берді. Яғни басқару жүйесі РКФСР-мен ортақ үлгіде ұйымдастырылды. Заң шығару, атқарушы жəне
бақылау билігі бір орталықтан жүрді жəне ол даусыз шектеулі болды.
Іс жүзінде Орталықтың саяси-стратегиялық мақсатына бағындырыла отырып шешілген автоно-
мияландыру мəселесінде «автономия тəуелсіздік емес», «автономия-форма» ретінде қабылданды. Бұл
мəселеде федералдық байланыс арқылы қатаң орталықтанған мемлекет құру көзделді. Сол себепті
ұлттардың өз тағдырын өзі белгілеу, яғни шын мəніндегі ұлттық автономия мəселесі саяси мақсатқа
бағындырылды. Саяси билік мəселесінің автономиялы Қазақстан үшін дұрыс шешімін таппауы кейін-
гі уақытта оның тағдырына қатысты түбегейлі мəселелердің Орталық пайдасына шешілуіне жағдай
жасады. Бірыңғай кеңестік басқару жүйесін қалыптастыруға «федералдандыру принципі» арқылы қол
жетті. Бұл міндетті шешуде Орталықтың «белсенді» большевиктері аса дайындық пен шеберлік көр-
сетті.
Автономиялы мемлекеттің өз Конституциясы, мемлекеттік басқару органдары, олардың заң шы-
ғару қызметі, жоғарғы сот органдары болады жəне сонымен анықталуы тиіс. Қазақстан автономиясы
əуел бастан Орталықтың билеп-төстеу автономиясына айналды. Тіпті осы кезден бастап жоғарғы би-
ліктердің төрағалық қызметтеріне қазақтар басқа «бейтарап» ұлт өкілдерін сұрап алған, кейін бұл
«дəстүрге» айналды деген сияқты түсініктер қалыптаса бастады. Орталық үкімет республикаға «фе-
дерацияның» мүддесіне ғана сəйкес белгілі қызмет пен құқықтарды үлестіріп беріп, толық тəуелділік-
те ұстады. Қазақтарға бірыңғай ұлттық мемлекеттік аясында саяси жəне экономикалық бірігуіне мүм-
кіндік бермеуді мақсат тұтқан Орталық өз саясатын республика аумағында Кеңестік басқару жүйесі
құрылымдары көмегімен жүзеге асырып отырды.
Қазақстанда мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып Кеңестердің Бүкілқазақстандық съез-
дері бекітілді. Съездер аралығындағы уақытта жоғарғы билікті атқару Қазаткомға жүктелді. Бұл құ-
рылым 1936 ж. Кеңестердің барлық жүйесі қайта құрылғанға дейін сақталды. Ал, Қазхалком жұмыс-
шы-шаруа үкіметі ретінде заң шығарушы, басқару жəне атқарушы орган міндетін атқарды. Жер-жер-
63
де белгілі аумақ көлемінде бекітілген, құзырына сəйкес мемлекеттік билік пен басқару органдары бо-
лып жергілікті Кеңестер ұйымдастырылды. Сөйтіп Қазақстанда мемлекеттік органдардың республи-
калық жəне жергілікті екі жүйесі дамыды, олар — республикалық билік органдары мен салалық ор-
гандар. Кейінгісі Халкоматтар басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мен орындалуына басшылық жа-
сау жəне басқаруды ұйымдастырудың негізгі міндетін атқарды. Сонымен бірге ол Орталықтың билік
жəне басқару, сот, тағы басқада органдарының заңдарының Қазақстанда орындалуына бақылау жəне
басшылық жүргізді. Жергілікті органдар белгілі аумақ көлемінде жоғарғы органдардың заң актілерін
орындап, құзырына сəйкес шараларды жүзеге асырды. Олар тікелей билікті қолына шоғырландырған
жергілікті Кеңестер жəне атқарушы қызметті іске асырумен айналысатын жергілікті атқару комитет-
тері мен оның бөлімдеріне бөлінді.
Қазақстанды əуел бастан экономикалық тəуелділікте ұстауды көздеген Орталық РКФСР-дің Қа-
зақстан аумағында қаржы жəне шаруашылық саясатының бірлігін сақтау мақсатында құрылған Хал-
коматтардың бірқатарын өз қарамағында қалдырды. Атап айтқанда, Азық-түлік, Қаржы, Жұмысшы-
шаруа инспекциясы, Халық шаруашылығы кеңесі, Пошта жəне телеграф басқармасы, Статистика бю-
росы, Еңбек, жол қатынастары РКФСР халкоматтары қарамағына берілді. Ол жайында «Қырғыз (Қа-
зақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің 6 жəне 11-бапта-
рында анық көрсетілгенін жоғарыда атап өттік.
1920 ж. БОАК пен РКФСР ХКК-інің қаулысына орай республика құрамына əкімшілік көлемінде-
гі мына облыстар енгізілді:
а) құрамында Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан жəне Қарқаралы уездері бар Семей облысы;
ə) құрамында Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі бар
Ақмола облысы; (Омбы уезінің Қырғыз бөлігі мен Сібір бөлігінің шекарасын дəл ажырату Қырғыз
(Қазақ) Революциялық Комитеті мен Сібір Революциялық Комитетінің келісулері бойынша жүргі-
зілді).
б) құрамында Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз жəне Торғай уездері бар Торғай облысы;
г) Закаспий облысының Маңғыстау уезі; сол облыстық Красноводск уезінің 4-ші жəне 5-ші Адай
болыстары;
д) Астрахань губерниясынан Синеморск болысы, Бөкей ордасы жəне 1-ші, 2-ші Приморье округ-
теріне жапсарлас бұрынғы қазынаның оброкке берілетін жерлері. Жағалаудағы жерлер мен Сафро-
нов, Ганюшкин, Николаев болыстарына келетін болсақ, онда олар шаруашылық жағы болмаса, басқа
барлық жағынан Қырғыз Революциялық Комитетінің қарамағында қалды
15
.
1921 ж. Бөкей Ордасынан Қалмақ, Қамыс-Самар, Нарын, Примор, Талов жəне Торғын уездері-
нен тұратын Бөкей губерниясы құрылды. Ал, Адай болыстары мен Маңғыстау уезі біріктіріліп, оның
аты Адай уезі деп өзгертілді де, ол тікелей республиканың орталығына бағындырылды. Осы жылы
облыстар губернияларға алмастырылып, Верный қаласының атауы — Алматы, Гавриловка селосы
Талдықорған деп аталды. 1921 ж. Торғай мен Орынбор облыстары құрамынан жаңадан 4 уезден тұра-
тын Ақтөбе, 2 уез бен бір ауданнан, Қостанай жəне 2 уезден тұратын Орынбор губерниялары құрыл-
ды. Бұл қазақ жерінің Кеңес өкіметі дəуірі кезеңіндегі алғашқы əкімшілік-аймақтық бөлініске түсуі
еді. Республиканың геосаяси жəне экономикалық-географиялық жағдайы кейіннен талай рет өзгеріс-
терге ұшыраған болатын.
Солай дегенмен, қазақтың кеңестік ұлттық мемлекеттігінің жариялануының орасан зор тарихи ма-
ңызы болды. Қазақ халқы бұл актіні өзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қар-
сы сан ғасырлық күрестің нəтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.
В.И.Лениннің төрағалық еткен ХКК жəне БОАК мəжілістерінде болған пікірсайыс барысында өз
халқының тарихын тамаша білетін Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ə.Ермеков, М.Сералин жəне бас-
қалар ресми деректемелерден келтірілген мəліметті бай негізге сүйене отырып, өлкені отарлау, оның
жерін отаршылдық жаңа əкімшілік бөліністерге əдейі бөлшектеу, қазақтардың таңдаулы жерлерінен
қоныстандыру қорын құру, қазақтардың мыңдаған ауылдарын ата-бабасы қан төгіп, мұраға қалдыр-
ған ата қоныстарынан жаппай қуып шығу процесін ашып көрсетті. Қазақ қауымдарының халық бо-
лып топтасу кезеңінде оның территориясы қалыптасуының шынайы көрінісі көрсетілді.
Қазақ АКСР-інің «Семей, Ақмола, Торғай жəне Орал губернияларындағы бас учаскелерді еңбек-
ші қазақ халқына қайтару туралы» (1921 ж. ақпан), «Патша өкіметі қазақ жерлерінен меншігіне алған
жерлерді: а) Сібірдегі казак əскерлеріне, ə) Оралдағы (Жайық) казак əскерлеріне алған жерлерді ең-
бекші қазақ халқына қайтару туралы» (1921 ж. көкек) декреттерін
16
басшылыққа ала отырып, қазақ
халқы білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған жер оның заңды мұрагерлеріне қайтарылды.
64
Большевиктер партиясы билікке келгенге дейін əрбір ұлттың өзін-өзі билеу құқығын саяси бағ-
дарламалық дəрежеде мойындағанымен, билікке келген соң бұл мұратын тиянақты түрде іске асыра
алмады. Отарлық езгідегі елдің табиғи, ең негізгі мақсаты, əрине, саяси еркіндігін алып, өз отауын ті-
гу, яғни өзінің саяси, экономикалық жəне рухани талап-тілектерін қорғай алатын мемлекеттік жүйе
жасау, сол арқылы мына жер үстінде этнос есебінде өзін-өзі сақтау болатын.
Большевиктер Ресей империясы құрамында болған халықтардың бұл заңды талабын кеңестік би-
лікті орнату арқылы, яғни жұмысшы-шаруа мемлекетін құру арқылы, шешуге болады деп есептеді.
Ал түптеп келгенде, кеңестік мемлекет Қазақстан сияқты республикаларда ұлыдержавалық саясаттың
құралына айналды. Егер бұрын қазақ елі патша мен оның шенеуніктерінің айтқанын тыңдауға тиіс
болса, енді, негізінен, үстем ұлттың стратегиялық мүддесін жүргізуші Орталық Комитеттің, оның
жергілікті жердегі өкілдерінің нұсқауына ғана құлақ асып, соларды орындауға міндетті болды.
1921 ж. Қарқаралыда ұстаздық қызмет жасап жүрген Ə.Ермековті Семей губаткомның төрағасы
Əбілқайыр Досов оны Семейге шақыртып 20 наурыз 1924 ж. Губерниялық жоспарлау комитетіне тə-
жірибелі маман ретінде жұмысқа алады. Бұл туралы жазушы Ж.Бектұровтың Ə.Ермековтен алған ес-
телігінде: «Семей губерниялық Атқару комитетінің төрағасы Ə.Досов Қарқаралыға келгенде патша-
лық дəуір тұсынан орнығып қалған бұрынғы мамандар губернияның кеңес басшыларына, əсіресе елді
жерге орналастыру мəселесіндегі олардың ұсыныстарына бөгет бола беретіндерін айтып: «Əлеке, сіз
бізге осы жер мəселесі жайлы көмектессеңіз», — деп Семейге жұмысқа шақырғанын айтады. Сөйтіп,
Ə.Ермеков Семейге келіп Губерниялық жоспарлау басқармасына жұмысқа алынып, көп ұзамай оның
төрағасының орынбасары етіп тағайындалады
17
. Өзінің негізгі қызметін атқара жүріп, Ə.Ермеков сол
кезге дейін əлі шешімін таппаған жер мəселесімен айналысады. Бұған себеп, орыс ұлтының мүдделе-
рін білдірген кейбір жауапты қызметкерлердің қабылданып қойған декреттердегі қаулыларды жүзеге
асыру жөніндегі шараларды орындамауынан туып жатты. Ол былай тұрсын, жекелеген уездерді, тіпті
губернияларды республика құрамынан шығаруға əрекет жасалды. Мəселен, Орал губерниялық пар-
тия комитеті 1921 ж. маусым айында «Жайықтың сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірді қайтару
туралы» декретке наразылық білдіріп, Орал облысын ҚазАКСР-інен бөлу туралы орталыққа өтініш
жасауға шешім қабылдады. Алайда партияның Орталық Комитеті мұндай өтінішті қабылдамады, ал
РКП(б) Қырғыз облыстық комитетінің Төралқасы губкомның көзқарасын саяси соқырлық деп айып-
тады. Губкомның құрамына өзгерістер еңгізілді
18
.
Ал, 1924 ж. Алтай губерниясы қазақ тұрғындары тығыз орналасқан Коростелов даласы туралы
даулы мəселе көтерілді. Осы дауды шешу үшін Ə.Ермеков, Ə.Досов екеуі 1924 ж. 2 қазанынан 1-ші
қарашаға дейін, ал 1925 ж. 3–16 ақпаны арасында жеке өздері Мəскеу қаласында Алтай мен Семей
губернияларының шекарасын анықтауға байланысты құрылған комиссияға кеңесші болып, осы күр-
делі мəселені шешіп қайтады
17
.
Сонымен, Ə.Ермековтің Кеңес Үкіметінің саяси басқару жүйесіндегі қызметі 1919 ж. желтоқса-
нынан басталып жиырмасыншы жылдардың соңына дейін жалғасты. Осынау тарихи қысқа мерзімнің
ішінде-ақ ол Қазақстан Республикасының саяси тарихының беттерінде өзінің жарқын бейнесін мəңгі-
ге қалдырып үлгерді. Оның тікелей қатысуымен қазақ жерінің тұтастығын сақтау, шекарасын анық-
тау сияқты ең маңызды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан өңірінің Каспийдің
солтүстік жағалаулары мен Семей, Ақмола облыстары жерлері, кейіннен Коростелев даласының Қа-
зақстанға қайтарылуы.
Жалпы қазақ елі автономиялық республика (орталығы — Орынбор қаласы) болып құрылғаннан
кейін де ел аумағы талай өзгерді. Алғашқыда Ақмола, Семей, Орынбор, Торғай облыстары енгізілді.
Ал Закаспий облысының Маңғыстау мен Красноводск уезіндегі Адай руының 2 болысы жəне Астра-
хань губерниясының 4 болысымен бірге Бөкей Ордасына қосылад. Осы уақыттан бастап ел шеңбері
тұрақсыз күйге түсті. Бүгін былай болып өзгерген шекараның ертеңгі тағдырының не болатынын бол-
жау ол кезде тіпті мүмкін болмады. Мысалы, 1924 ж. Ташкент уезінің 9 болысы, Мырзашөл уезінің
Іріжар болысы жəне Самарқанд облысының Жизақ уезінің 6 болысы елімізге қосылады. Оның есесіне
келесі жылы Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылады. Қара Бұғаз шығанағының оң-
түстік жəне оңтүстік-шығыс бөлігіндегі біраз жерлер Түрікменстанға ауысады. 1924–1930 ж. бізбен
бірге болған Қарақалпақ Автономиялы облысы (кейін республика) əуелі РКФСР-ға (1930–1936),
кейін Өзбекстанға (1936) беріледі. Мұндай өзгерістер тарихымызда көп болды. Бəрін тізіп отыру,
əрине, мүмкін емес. Əйтеуір Кеңес өкіметі қазақ жерін сынақ алаңына айналдырып, шекарасын үнемі
жаңартып, тіпті іштен өзгерістер кіргізуге талпыныстар жасағаны шындық. Мысалы, 1956 ж. 16 шіл-
деде шешен халқының бостандық алуына сəйкес КСРО ішкі істер министрі Дудоров ОК-ке Қазақ-
станда Шешен-ингуш автономиясын құру туралы ұсыныс жасады. Бірақ жоғарғы жақ ұсынысты қа-
65
былдамады. Мақтаарал, Ильич, Бостандық аудандары Өзбекстанға өтті (10-нан 3 бөлігі ғана қайтты).
Сыртқы саясаттағы Алакөл ауданындағы Жалаңашкөлдегі кеңес-қытай қақтығысы шиеленісті.
1964 ж. Хрушев Маңғыстау өңірін Түркіменстанға беру жөнінде мəселе көтерді. Сол жылдары
Өзбекстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылары қатысатын Орта
Азия бюросы өмірге келгені белгілі. Мұның өзі бара-бара ұлттық республикалар арасындағы шекара-
ны жоюға бағытталған əрекет еді, бірақ көп ұзамай ол орнынан түсті. 1964 ж. 29 тамыз КСРО Жоғар-
ғы Кеңесінің «Немістерді жер аудару дұрыс болмады, бұл Сталиннің жеке басына табыну кезіндегі
зорлық» деген жарлығы шығып, соған сəйкес 1979 ж. 31 мамырда КПСС ОК саяси бюросы Қазақ-
станның Целиноград, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау облыстарына кіретін 5 ауданында орталығы
Ерементау болатын Неміс автономиялық облысын құру туралы құпия жарлық шығарды. Сол себепте
16–19 маусым күндері Целиноградта мыңдаған адам қатысқан шеру болды. Бұл орталықтың «бөліп
ал да, билей бер» саясатына қарсылық еді
5
.
1920 ж. Калининнің нұсқауымен ВЦИК-тің Серафимов басқарған ерекше комиссиясы бірнеше
жыл бойы арнайы зерттеу жүргізіп, Жетісу (қазіргі Алматы облысы) мен Қырғызстанның Шу жəне
Ыстықкөл облыстары аумағында орыс автономиясын құрудың қажеттілігі туралы əлеуметтік-эконо-
микалық негіздеме жасаған. Осындай идея КСРО ыдырау кезінде де болғаны белгілі. КСРО Жоғарғы
Кеңесінің депутаты болған Г.Попов пен Л.Васильеваның Қазақстандағы этногеографиялық картаны
қайта қарау туралы ойлары, елдің кейбір аймағын (мысалы, мұнай өндіретін Батыс Қазақстан өңірін)
Ресейге беріп, Ертістің оң жағалауында орыс автономиясын құруды айтулары немесе белгілі жазушы
Солженицын мен билік басында отырған М.Горбачевтің айтқан ойлары, жазған мақалалары не мақ-
сатты көздеді? Бір кездегі (1990 ж.) Орал казактары мен Өскемендегі ресейлік азамат Казимирчуктің
іс-əрекеттері де бізге ой салады. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін де осындай пікірдегі адамдар аз
емес. Осы жылдың қарашасында ресей-қазақстан шекара туралы келісім-шарттың заң жобасын ресей
Думасында талқылау барысындағы жұмыстарда оны анық көрсетті. Дума спикерінің орынбасары
В.Жириновский бұл құжат Ресей Федерациясының мүддесіне жауап бермейді десе, оның əріптесі
С.Бабурин құжатты тарихи жəне саяси жағынан қателік деп мəлімдегені белгілі
19
.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің ішінде жер көлемі
жағынан тоғызыншы орынды (2 млн. 724,9 мың шаршы км) алады. Халықтың орташа тығыздығы 5,5
адам (1 шаршы шақырымға), табиғи өсімі — 10,1. Бұл шекаралас жəне жақын алты елдің ішінде Қа-
зақстанда ғана төмен екенін көрсетеді. Тұрғын халықтың тығыздығына келсек, Қытай — 130 адам,
Қырғызстан — 24,5, Ресей — 8,5, Тəжікстан — 47,4, Түркіменстан — 7,8 жəне Өзбекстан — 47,4
адам. Осы алты елдің ішінде халқы өте сирек орналасқан мемлекет — тағы да Қазақстан. Шекарасы
15 мыңнан астам км қашықтықты алып жатыр. Оның 12 мың км ден астамы сусыз аймақтан өтсе, 3
мыңдайы сулы аймақты қамтиды (Каспий, Арал т.б.). Оның ішінде 8 мың км жуығы, яғни жартысы-
нан көбі, Ресеймен екі арада, 5 мың км Орта Азияның тəуелсіз мемлекеттерімен жəне 1460 км Қытай-
мен шектеседі. Территориясы батыста Волғаның (Еділдің) төменгі сағасынан, шығыста Алтай таула-
рының бөктеріне дейін 3 мың км, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстікте Тянь-Шань таула-
рына дейін 1700 км жерлерді қамтиды. Көршілес елдермен шекара мəселелері бүгінгі күні толық
анықталып, делимитацияланған. Мысалы: Қазақстан мен Қытай арасында Шығыс Қазақстан облысы-
ның Шағын оба асуы мен Сарышел өзені аудандарындағы даулы болып келген жерлер жөнінде 1998
ж. 4 шілдеде келісімге қол жетті. Жалпы көлемі 1000 шаршы км болатын осы даулы жердің 57 %-і
Қазақстанға, 43 %-і Қытайға жатады деп шешілді (407 шаршы км жер Қытайға өтті). Ал, 9 қыркүйек
2002 ж. Қазақстан-Өзбекстан арасындағы 54 шақырымдық шекара мəселесі екі елдің басшылары қол
қойған құжат арқылы қайта қаралып, анықталды. Қазақтар көп тұратын «Бағыс», «Арнасай» жерлері
Қазақстанға, ал Қызылорда облысының өзбектер көп тұратын «Нысан-1», «Нысан-2» жəне «Баймұ-
рат» атты елді мекендер Өзбекстанға өтті
20
.
Бүгінгі Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Ресей Федерациясымен қатынасқа айрықша мəн бе-
реді жəне өзінің сыртқы саясатындағы басым бағыттарының бipi ретінде қарайды. Бұл бағыт-ұстаным
«Қазақстан–2030» стратегиясында жəне елбасымыздың сыртқы саясат мəселелеріне байланысты сөй-
леген сөздерінде, жазған еңбектерінде жалғасын тауып отырады. Мысалы, «Қазақстан–2030» страте-
гиясының «Ұлттық қауіпсіздік» деп аталатын бipiншi басым бағытында: «... өз қауіпсіздігі мен аумақ-
тық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға жəне көршілерімізбен берік жə-
не достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын жəне тарихи достас көршіміз Ресей-
мен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз», — деп көрсе-
тілген.
66
Орыс мемлекеті біздің ежелгі көршіміз. Қазақ-орыс қатынастары сонау Киев Pyci мен Дешті
Қыпшақ кезеңінен бастау алады. Ал ХVІІІ ғ. аяғынан бастап тағдырдың жазуымен қазақтар мен
орыстар 260 жылдан астам уақыт бip мемлекеттің — алдымен Ресейдің, содан кейін кеңестік мемле-
кеттің құрамында өмip сүрді. Ғасырлар бойы бірлесіп өмір сүрген екі халықтың тарихында, тағды-
рында, мəдениетінде, дүниетанымында көптеген ұқсастықтар да қалыптасты. Кейін тарихтың айна-
лысымен ipгe ажыратқанымызбен, бұл елмен саяси-экономикалық, мəдени байланыстарымызды үз-
бей, керісінше, жаңа жағдайда шынайы достық пен əріптестікке негізделген қатынастарды қалыптас-
тырудамыз. 1992 ж. қазан айында Қазақстан мен Ресей арасында ресми дипломатиялық қатынас орна-
тылды. Сол жылы екі ел Достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек жөніндегі шартқа қол қойды. Бұл
құжат КСРО ыдырағаннан кейін екі елдің жаңа өлшем жағдайында өмip сүруіне жол сілтеді
21
. 1998 ж.
6 шілдеде Н.Ə.Назарбаевтың Ресейге сапары кезінде Қазақстан мен Ресей арасындағы Мəңгілік дос-
тық пен одақтастық туралы декларация қабылданды. Бұл құжат шын мəнінде тарихи маңызға ие бол-
ды. Сонымен қатар осы декларация негізінде 2007 ж. дейінгі экономикалық ынтымақтастықты ай-
қындайтын жаңа келісімге қол қойылды. Бүгінгі күн қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылық проблема-
ларында Қазақстан мен Ресейдің бірдей позиция ұстанып отырғанымен айшықталады. Мысалы, екі ел
ТМД-ғы ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымында, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын-
да, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдарда бірлесе белсенді жұмыс жүргізеді.
Ресей Қазақстанның бастамасын қолдап, AӨCШK-нi ұйымдастыруға да белсене қатысты жəне
заңды түрде осынау процесті одан əpi алға жылжыту локомотивтерінің бipi болып табылады. Екі елді
əлемдегі ең ұзын шекара (7591 км) бөліп жатқанымен, бүгінгі жағдайда ешқандай дау жəне келіспеу-
шіліктер болған емес, мемлекеттік шекараны анықтау меселесі де 2005 ж. 16 қарашасында аяқталды.
Сөйтіп, бұған дейін қазақстан-ресей арасындағы Қазақстан жағынан 7 облысты, Ресей тарапынан 12
субъектіні қамтыған əкімшілік-аумақтық шекара екі елдің арасындағы заңды шекара болып бекітілді.
Бұл жұмыста екі мемлекет басшылары аталған мəселедегі барлық түйткілді тұстарды шешуге бар
күштерін салды. Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа Қазақстан басшысы Н.Ə.На-
зарбаев пен Ресей Президенті В.В.Путин 2006 ж. 18 қаңтарда Мəскеу қаласында қол қойды. Бұрын
шекара сызығы екі ел арасында ешқашан заңды түрде белгіленіп, жазылмағандықтан, оны мемлекет-
тік белгілеуді жүргізу қажеттігі заңды болатын. Сондықтан сыртқы саясат ведомствосы жанынан құ-
рылған мемлекеттік арнайы комиссия 1999 ж. бастап жұмыс істеп, соның барысында даулы саналған
учаскелер мəлелесі шешілді. Қазақстан жағынан даулы саналған 3 елді мекен, ал Ресей жағынан 6 ел-
ді мекен шешімін тапты. Соның бірі Атырау облысы мен Ресейдің Астрахань облысы Красноярск
ауданының арасында жатқан Имашев газ конденсатты кен орындары бар елді мекеннің мəселесі де
екі жаққа да тиімді шешілді. Сонымен, Қазақстан өзінің 15 мың шақырымдық шекара сызығын ресми
түрде толық ретке келтіріп, Ресеймен арадағы келісім-шарттың бір данасы БҰҰ-ға болашақта тап-
сырмақ болып бекітілді. Олай болса, еліміз шекарасының мызғымастығына əлемдік қоғамдастық та-
рапынан аса зор жауапкершілік пен кепілдік бар деген сөз.
Бұл жүргізілген жұмыстары қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын саяси оқиғалар ретінде
танып жəне тəуелсіздік алған 14 жыл ішіндегі отандық дипломатияның жарқын жеңісі деп қарастыра-
мыз. Сөйтіп, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы армандары, Ə.Ермеков сияқты қайраткерлердің
еңбектерінің іске асқанын көреміз.
Ресейде 1,5 млн. қазақ диаспорасы қоныс тепсе, Қазақстанда 4 млн. астам орыс ұлтының өкілде-
рі тұрады. Осы жерде Ресейдегі қазақтар туралы мəліметтер келтірген жөн сияқты. Олар негізінен
Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облыстарында жəне көпшілігі селолық жерлерде тұрады. Қазақ
диаспорасы мүмкіндігінше өздерінің төл-тума медениетін, дəстүрін сақтай отырып, өздерін көп ди-
аспоралардың бipi ретінде сезініп, Ресей саяси кеңістігіне еніп, өз орнын табуға тырысады. Кешегі
кеңестік ұлт саясатындағы келеңсіздіктер Ресей қазақтарына да зардабын тигізген. Ресей қазақтарын-
да 50 жасқа дейінгілер арасында қазақ тілін білетіндер жоққа тəн. Шекаралық ынтымақтастық жақсы
дамуда, оның үлесіне Ресейдің Қазақстанмен тауар айналымының 1/3 келеді. Ресей Федерациясында-
ғы 89 өңірден 72 субъект біздің республикамызбен сауда-экономикалық байланысын орнатқан. Ресей
Қазақстанның аса ipi сауда-саттық əріптeci болып табылады. Өткен он жыл ішінде өзара тауар айна-
лымы елеулі түрде өсіп, экономикалық ынтымақтастық тиімділігінің басты көрсеткіші болып табыла-
тын екі ел арасындағы сауда көлемі 2000 ж. 4 млрд.долл. асты. Біздің елімізде 800-ден астам ресейлік
бірлескен кəсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстанның болашағы оның мұнайын əлемдік рынокқа тасымалдаумен тікелей байланысты
екені белгілі жəне республикамыз негізінен мұнайды екі елге ортақ Атырау-Самара мұнай құбыры
арқылы шетке шығарады. Таяу уақытта Каспий мұнай құбыры консорциумы (КТК) толық icкe қосыл-
67
ған соң Ресейдің Новороссийск порты арқылы мұнай экспортымыз одан əpi өcyгe тиic. Қазақстан мен
Ресей Каспийдің солтүстік табанын бөлуде өзара түсінікке қол жеткізді. Бес жыл бойы екі ел арасын-
да шешілмей қелген 3 мұнай кенішінің тағдыры анықталды. Хвалынское мен Центральное кеніште-
рін бақылау құқығы Ресейге беріледі, ал Құрманғазы кенішінің 50 %-ті Қазақстанға, Ресейге — 25 %,
қалған 25 %-іне қоммерциялық қомпаниялар иелік ететін болды.
Екі ел газ саласын бірлесіп игеруде де қөп істерді жоспарлауда. 2001 ж. осы саладағы он жылдық
байланысты көздейтін келісім жасалды. Бұл жерде Қарашығанақ кен орнынын манызы үлкен. Ресей
бұл жерде бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытуда, өйткені Орынбор газ өңдейтін зауыты,
Уфа қаласындағы «Салаватмұнайоргсинтез» бен Новоуфимскінің өңдеуші кəсіпорындарын осы Қара-
шығанақ газы қамтамасыз етеді. Екі ел арасында энергия жүйесі саласында бірлескен шаралар қолға
алынып жатыр. Қазақстан мен Ресей арасында əскери-саяси жəне əскери-техникалық ынтымақтастық
ойдағыдай дамуда. Екі ел арасындағы əскери жəне əскери-техникалық саладағы қызметтестік 1992 ж.
15 мамырында қол қойылған Ұжмдық қауіпсіздік туралы жəне Əскери қызметтестік туралы екі жақ-
ты келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асуда. Ресейге жалға берілген Сарышаған, Ембі, Капустин Яр,
929 мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында 1,9 млн.
гектар жерді алып жатыр. Ресей жыл сайын Қазақстанға 27,5 млн. долл. жалақысын төлеуге міндет-
тенген
22
.
Космосты игеру саласында белсенді ынтымақтастық жалғасуда. Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш
айлағын Ресейге 20 жылға жалға беріп, жылына ол үшін 115 млн. долл. алып тұрған. Енді екі жақ бұл
жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартып, екі ел де алаңдамай бірлесіп қызмет етуге бел буды. Ресейдің
бас космонавтика зерттеушісі Ю.Коптев: «Өзінің космос əлемін зерттеу мен игеруге байланысты мін-
деттерінің көбін Ресей Байқоңырсыз атқара да, орындай да алмайды», — деп ашық айтады. Соңғы он
жылда Байқоңырдан 200-ден астам космос аппараттары ойдағыдай ұшырылды, олардың оннан бірін
адам басқарды. Осы космодромнан əлемде тұңғыш турист-космонавт американдық Денис Тито ұшса,
сол экипаждың командирі қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев болды. 2004 ж. В.В.Путиннің Қазақстан-
ға ресми сапары кезінде Қазақстан Үкіметі мен Ресейдің Хрунищев атындағы ғарыштық ғылыми
зерттеулер орталығы қазақстандық жер серігін ұшыру жөнінде келісімге келді.
Екі ел арасындағы мəдениет, ғылым жəне білім саласындағы ынтымақтастық одан ары кеңеюде.
Мəңгілік достық туралы декларацияда көзделген ашық əрі бұқаралық ұйым мəдениет пен ғылым қай-
раткерлерінің «Қазақстан мен Ресей арасындағы мəңгі достық үшін» ассоциациясы Астана мен Алма-
тыны қосқанда қөптеген қалаларда қалыптасып келеді. Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт-
тық университетінде М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің филиалы ашыл-
ды. Қазақстан-Ресей университеті жұмыс істейді. Бірлескен гимназиялар да ашылуда. Елімізде еңбек
ететін əpбip бесінші қазақстандық Мəскеудің жоғары оқу орындарында білім алған
23
.
Қосазаматтықты қабылдау мен адамдарының apы-бepi қиындықсыз ауысуының оңайлатылған
тəртібін орнықтырды. Бұл жоғары iзгілік актісі ғана емес, сонымен бipre елдеріміз арасындағы терең
өзара сенімнің көpceткіші. Екі ел арасындағы уағдаластыққа орай 2003 ж. — Ресейдегі Қазақстан жы-
лы, ал 2004 ж. Қазақстандағы Ресей жылы деп жарияланып, осы бағытта екі ел тарапынан игілікті ic-
шаралар жүргізілді жəне жүргізіле бермек.
Біздің елімізде тəуелсіздікке қол жеткізгелі тыныштық сақталуда жəне еліміз сырт жерлерде бол-
ған қақтығыстарға да қатысқан емес, өзінің дəйекті бейбітшіл сыртқы саясатын ұстанады. Елбасымыз
айтқандай: «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз.
Біз бірде-бір елдің жерін жаулап алып даламызға қосып алған емеспіз».
Қазақстан Республикасы аз уақыттың ішінде əлемде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтап нығай-
туда өзіндік үлесін қосып, ол халықаралық қауымдастық тарапынан лайықты бағасын алуда. Міне,
осының бəрін жас ұрпаққа ұғындыру, бейбіт өмірдің адамзат үшін баға жетпес құндылық екенін, ол
үшін оларды бейбітшіліксүйгіштік рухында тəрбиелеу ең алдымен жоғарғы буын ағалардың міндет-
тері екені анық.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ). 1353-қ., 1-т., 4-іс, 34-п.; 20-іс, 22–26-п.; Зима-
нов .С.З., Даулетова С.О., Исмагулов М.Ш. Казахский революционный комитет. — Алма-Ата: Наука, 1981. — 196 с.
(184).
2. Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарих құжаттар орталығы (ШҚО ЖТҚО). 72-қ., 1-т., 34-іс, 110-п.
3. Нұрсұлтанов Қ. Əлімхан Ермеков // Білім жəне еңбек. — 1967. — № 6. — 12–13-б.
68
4. Бөкейханов Ə. (Əлихан) Екі жол // Қазақ. — 1915. — № 100, 101; «Қазақ» газеті / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — 127–130-б.
5. Кəкен А. Шекара // Егемен Қазақстан. — 2000. — 31 мамыр.
6. Ресей Федеративтік мемлекеттік мұрағаты (РФММ). 1329-қ., 1-т., 115-іс, 1-п.
7. Ленин В.И. Биогр. хроника, 1870–1924: В 12 т. — Т. 9. Ин-т марксизма-ленинизма при ЦК КПСС. — М.: 1987. — С. 7,
190; Зиманов С.З., Даулетова С.О., Исмагулов М.Ш. Казахский революционный комитет… — С. 184.
8. Сафаров Г. Колониальная революция. — Алматы: Жалын, 1996. — 272-б.
9. Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ). 1487-қ., 1-т., 289-іс.
10. ҚР ОММ. 1955-қ., 1-т., 8-іс, 25-п (12–68 п.).
11. Мағзұмов Н. Ақмола, Семей облыстарын Қазақстанға қосу үшін келген төтенше комиссияның ісі // Орталық Қазақстан.
— 1990. — 6, 8 тамыз; ҚР ОММ. 5-қ., 2-т., 28 (а)-іс, 1–16-п.; 106 (а)-іс, 1-25-п.
12. Соколов В.Н. Сібірліктер Ленинде болғанда. В.И.Ленин туралы естеліктер. — Алматы: Қазақстан, 1969. — ІV-т. —
235–236-б.; Жұмабаев М. Жəжеке // Бостандық туы. — 1921. — № 3. — 16 сəуір.
13. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты (ООММ). 32-қ., 1-т., 40-іс, 20-п.
14. ҚР ОММ. 5-қ., 1-т., 21-іс, 1–612-п.
15. ҚР ОММ. 5-қ., 1-т., 21-іс, 266–267-п.
16. ҚР ОММ. 5-қ., 2-т., 28 (а)-іс, 10–25-п.; Мағзұмов Н. Ақмола, Семей облыстарын Қазақстанға қосу үшін келген Төтенше
комиссияның ісі.
17. ШҚО ЖТҚО. 73-қ., 2-т., 167-іс, 3-п.
18. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. — Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. — 119-б.
19. Тұрапбайұлы А. Шекарамыз шегінделді // Егемен Қазақстан. — 2005. — 18 қараша.
20. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: Оқу-əдіт. құралы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.
— 96–97-б.
21. Токаев К. Под стягом независимости. — Алматы: Білім, 1997. — С. 50–52.
22. Абдулпаттаев С. Ұлттық қауіпсіздік — мемлекеттік саясаттың негізі // Ақикат. — 2001. — № 1. — 29-б.
23. Мансұров Т. Қазақстан-Ресей стратегиялық əріптестік // Ақикат. — 2001. — № 7. — 3–11-б.
Г.М.Смагулова, С.М.Нуржанова
Карагандинский государственный гниверситет им. Е.А.Букетова
Достарыңызбен бөлісу: |