ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫНЫ МЕН РӨЛІ
В статье рассматриваются основные факторы возникновения интеграции на постсоветском
пространстве, а также тенденция развития интеграционных процессов в Центральной Азии
на современном этапе. Автор отмечает лидирующую позицию Республики Казахстан в укреп-
лении и расширении интеграционных связей на региональном и международном уровнях.
In article are considered major factors of occurrence of integration on the post soviet space and also
the tendency of development of integration processes in the Central Asia at the present stage. The au-
thor marks the leading position of Republic of Kazakhstan in strengthening and expansion of integra-
tion connections at the regional and the international level.
Қазақстан 1991 ж. 16 желтоқсанында тəуелсіздігін алып, барлық салалар бойынша халықаралық
ынтымқтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен по-
тенциалына ие (табиғи, қазба, жоғары квалификациялы жұмыс күші т.б.), Еуропа мен Азияның орта-
лығында саяси жəне стратегиялық маңызды орынды алып, бүгінгі таңда ынтымақтастықтың əр түрлі
одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас (ТМД)
жəне посткеңестік мемлекеттермен (қазіргі Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен) халықара-
лық қатынасы Азия мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты жəне жалпы қауіпсіздікті қам-
тамасыз ету үшін зор маңызы бар. Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты міндеті — ТМД ел-
дері мен Орталық Азияда интеграциялық процесті дамыту. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси
процестер шеңберінде Қазақстанға тұрақты əрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, демократия-
лық, саяси жүйесін құру, əлеуметтік мəселелерді шешу сияқты өзінің жеке мүдделерін жүзеге асыру
қажеттілігі тұрды. Бұл халықаралық қоғамдастыққа бірігуші мемлекеттердің жəне əр түрлі саяси
ұйымдардың, экономиканың, елдер қоғамының өзара тəуелділігінің тез өсуімен, яғни жаһандану про-
цесімен, байланысты. Жаһандану ең алдымен экономикалық саладағы, одан соң мемлекеттер мен ха-
лықтардың барлық тіршілік əрекетіндегі объективтік үрдіс ретінде өте жиі белгілі бір идеологияны да
құрап, кейде агрессивті сипат алып, барлық кезде бірдей теңбе-теңдікті сақтамауы да мүмкін жəне
оны дер кезінде анықтау да қиын.
Жаһандану — тарихи динамиканың өтуге тиісті кезеңі. Жаһандану, ең алдымен, қоршаған дү-
ниенің күрделенуімен, ішкі жəне сыртқы саясат, экономика арасындағы шекаралардың жойылуымен
сипатталады. Сонымен қатар ол халықаралық процестерді басқару, қалыптасқан халықаралық жүйе-
лердің жаңа үлгісін жасаудың құралы міндетін де атқарады. Қазіргі жаһандану — бұл əзірге аяқтал-
82
маған, даму күші жағынан əр түрлі контртенденциялармен жəне қайшылыққа толы қосымша жағдай-
лармен қатар жүретін бірқалыпты емес процесс.
Қазіргі дүниеде жаңа кезеңнің сапалық жағдайы (индустриалдықтан кейінгі, ақпараттық) өрке-
ниеттің техногендік сипатының күрделенуімен (адамзаттың тіршіліктің жасанды ортасына деген
тəуелділігі), əлеуметтік құрылым мен байланыстар, ондағы болып жатқан процестердің бірден-бірге
өсіп келе жатқан өзара өтімділігі жəне əмбебаптығымен сипатталады. Осы өте күрделі динамиканы
зерттеу өтіп жатқан процестерді дəл айқындап, дұрыс бейнелеу одан кем емес күрделі методология-
лық əдісті талап етеді. Жаһандану — өте тез өзгерістер процесі, сел тектес жəне кері айналмайтын
модернизация, мұның нəтижесінде бірте-бірте жалпыдүниежүзілік проблемаларға ғаламшарлық түсі-
нік қалыптасады.
Қазіргі кезеңде жаһандану процесі жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекет-
тердің ролі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің жəне ғаламдық
«желілер» құрылымының (мысалы, трансұлттық корпорация немесе халықаралық лаңкестік топтар)
рөлі жоғарылаған сатысына өтті. Қазіргі дүниеде бұрынғы дəстүрлі идеократтық континенталдық им-
перияға орын жоқ. Уақыт өткен сайын ғаламдық қауымдастықтың құрамының əртектілігі өсе түсуде,
байланыстың айқындаушылық рөлінің нəтижесі құрамдық əр түрлі компоненттердің автономдығы
мен өндірушілігі мемлекет пен мəдениеттен бастап сан алуан локализмдерге дейінгі деңгейлерден кө-
рінуде.
Орталық Азияда құрамының əртүрлілігінің өсуіне қарай бағыттың салдары біржақты емес
1
, себе-
бі бұл аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тəуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырады
əрі шамадан тыс əр түрлілікке жағдай жасаушы локализмді жандандырды. Ғаламдық қауымдастық-
тың ұдайы өндірісінің бірліктерге бөлінуі Орталық Азияға тиімді комбинацияда болмаса да «Атлан-
тика — Еуразия — Тынық мұхит» жəне «Атлантика—Еуразия—Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық-кон-
тиненталдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру, бір жағынан, Ұлы
Жібек жолы сияқты дəстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға да, екінші жағынан — əсіресе
мұнай жəне газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға да негізделеді.
Соңғылары, ең алдымен, осы коммуникацияларды игеруге ұмтылушы жаңа серіктестер (Қытай, Жа-
пония т.б.) табуға байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаһанданудың мұхиттық-континенталдық байланыстар құруға ықпалы жəне исламдық дүниеге
байланысты Орталық Азияның да бұл процеске тартылуы қазіргі зерттеушілердің пікірінше, дəстүр-
ліліктің локалды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай əсер етсе, артта қалушылықпен
тəуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда фундаментализмді, жалпы алғанда діни фак-
тордың рөлін өзгертуге де солай əсер етеді. Өз кезегінде мəдениет пен дін саласындағы дəстүрліліктің
периферизацияны (дүниежүзілік перифериялар — Иран, Түркия т.с.с мұсылман елдеріне тəуелділік) кү-
шейтіп, жаһандануды əлсіретуі мүмкіндігін де айтып өтуіміз қажет. Сөз жоқ, жаһандану процесі Орта-
лық Азияның дүниежүзімен байланысын дамытуға ықпал етуші реалды табиғи ресурстармен, көлік
мүмкіндіктерімен анықталады. Дегенмен, бұл жерде де дүниежүзілік серіктестікті таңдаудағы бағытты
анықтау үлкен рөл атқарады. Орталық Азия халықтарының алдында бір мезгілде əрі өз тарихының, əрі
бүкіл адамзат тарихының субъектісі ретінде өзін сезіну жəне жүзеге асыру міндеті тұр.
Кез келген басқа мемлекеттер сияқты бұндай жағдайда Қазақстанның да ролі оның қауіпсіздік
проблемасын шешуі, технологиялық өзгерістердің жаңа толқынына ілесуі, жақын жəне алыс шетел-
дермен өзара тиімді саяси, шаруашылық, мəдени қарым-қатынас орнатуы деңгейіне байланысты. Қа-
зақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев атап көрсеткендей, «біздің алдымызда таңдау түр: бірі — əлемдік
экономиканың мəңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі — тағы бір империяның келуін кү-
ту, немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау. Мен осының соңғы-
сын ұсынамын» деген болатын. «Бұдан былайғы интеграциялануымыз — біздің өңіріміздің тұрақты-
лығына, прогреске, экономикалық жəне əскери — саяси тəуелсіздікке апаратын жол»
2
, деген бола-
тын.
Жоғарыда айтылған ойларға байланысты егемендік мəселесіне келер болсақ, бұл түсініктің қазіргі
таңда шартты сипатта екендігін байқар едік. XIX-ғасырдың, тіптен XX ғасырдың I жартысындағы та-
рихшылардың, заңгерлердің жəне саясаткерлердің егемендік туралы бұрынғы нақты түсіндірмелері
жоқ. Себебі қазіргі кезде кез келген егеменді мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сияқты
ұйымдардың халықаралық саяси құжаттарында көрсетілген халықаралық бағыттағы толып жатқан мін-
деттері бар. Осындай құжаттарға қол қойған мемлекеттердің барлығы белгілі бір халықаралық міндет-
83
терді атқаруға тиісті болғандықтан, ерікті түрде өз егемендігін шектейді. Мұндай жағдайда, əрине, гео-
саяси иерархия жойылмайды, бұрынғыдан да күрделі, көпсатылы, көпқырлы түрге енеді.
Қазіргі кезеңде əр елдің ресурстарына, мүмкіндіктеріне, өзіндік идентификациясының деңгейіне
байланысты реалды егемендігін жүзеге асырудың өз формуласы бар. Посткеңестік барлық елдер үшін
өзекті мəселенің бірі — өзіндік идентификация. Бұл елдерде, бір жағынан, ортақ мұра, ортақ «ауру
нүктелер» болса, екінші жағынан — халықтар игілігі үшін бірлесе отырып өзара құрмет жағдайында
шешуге болатындай зор мүмкіндіктер де бар. Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму
өлшемдері мен қазіргі дəуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық деңгейдегі бірлескен іс-
əрекетке жəне интеграцияға қажетті жағымды негіз құрайды. Дегенмен де өзіндік идентификация
проблемасының өткірлігі, посткеңестік елдердің экономикалық, саяси-қүқықтық жүйелері жағдайы-
ның транзиттік сипаты, модернизациялық процестердің əр түрлі динамикасы, бағыты жəне тереңдігі,
осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграциялық процестерді
жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды. Мемлекет халықаралық қатынастардың дəстүрлі акто-
ры (ағылш. асt. — іс-əрекет, саяси іс-əрекеттің қандай да болмасын түрін атқарушы субъект) ретін-
де уақыт өткен сайын күшейіп бара жатқан мемлекеттікке қарсы тенденциялармен күресте, жаңа ак-
торлармен бəсекеде тиімсіз əрі осал бола бастады. Ұлттан жоғары сипат ала бастаған халықаралық
ұйымдардың ролі күшейе түсті. Мұның барлығы қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының бас-
қа тенденциясы — жария (формалды, формалды емес) жəне жасырын жаңа халықаралық субъектілер-
дің пайда болуымен ұштасты. Қалыптасқан жаңа саяси жүйе, бір жағынан, интеграциялық процестер-
ді тездетуге жəне мемлекеттерді біріктіруге бейімдесе, екінші жағынан — ішкі иерархияны сапқа тұр-
ғызуға бағытталды. Посткеңестік елдерді əлемдік экономикаға тарту əрі жаһандану тенденциясының
жалғасын көрсетсе, əрі халықаралық тұрақтылық көзқарас тұрғысынан алғандада қажетті əрекет бол-
мақ. Бұл еуроазиялық аймақты шиеленістерден құтқаруға, барлық елдерге тиімді болатындай мүдде-
лер арақатынасын орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар жəне діндер тоғысына орналасқан. Сондықтанда оған
интеграциялық процестердің деңгейімен жəне жағымды нəтижелерімен органикалық ұштасқан саяси
тұрақтылық, ұлтаралық келісім жəне аймақтағы қауіпсіздік ауадай қажет. Сонымен қатар дəл Қазақ-
стан ғана объективтік жағдайлары мен XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардағы ішкі та-
быстарына байланысты интеграцияның басты қозғаушысы ролін атқара алады. «Дамудың қазақстан-
дық үлгісі» қазіргі кезеңде барлық посткеңестік елдерге үлгі болуда. Мұндай қорытындыны Гарвард
университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал са-
рапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми жəне саяси-практикалық қатынастар-
да таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Интеграция проблемасы еуропалық интеграциялық процестерге байланысты батыс тарихнамасы
мен саяси ғылымында толығырақ зерттелген. «Интеграция» түсінігінің өзі өзара тəуелділік ретінде де
жəне үкіметаралық ынтымақтастық ретінде де қарастырылады. D.J.Рuсһаlа пікірінше, «интеграция де-
геніміз — халықаралық деңгейдегі келісімдер жүйесін қалыптастыру жəне қолдауды ұштастыру про-
цесі»
3
.
Халықаралық келісім сияқты жүйе қатынасушылардың (тек қана мемлекеттер емес) арасындағы
келіспеушіліктерді айқындап, өзара тиімді шешім қабылдап, мүдделерін келісім арқылы шешуге ты-
рысады. Кеңестік дəуірден кейінгі елдер арасындағы интеграция процесін талдау көзқарасы тұрғысы-
нан алғанда мұндай жағдай өз тиімділігін көрсетті. Себебі саяси тұрғыдан бөлініп кеткен бұрынғы
Кеңестер Одағының кеңістігі біраз уақытқа дейін біркелкі əлеуметтік организм белгілерін сақтайтын-
дығы сөзсіз. Шекаралық жақындықтар, бұрынғы қалыптасқан əлеуметтік орта, аралас некелердің
көптігі, қандас туыстық, əдет-ғұрып, діни ұқсастықтар, орыс тілінің кең таралуы, мəдени қауымдас-
тық, ортақ естеліктер, Кеңестер Одағының бұрынғы республикаларының ортақ тарихы т.б. — осы-
ның барлығы саяси дезинтеграцияға қарсы коммуникативтік интеграция элементтерін сақтауға мүм-
кіндік туғызып, саяси институттар мен акторлар тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар социомəдени
мағынада да интеграциялық процестерге талдау жасауға негіз болады. Бұл жөнінде Қазақстан Прези-
денті Н.Ə.Назарбаев былай деп көрсетті: «Біздің аймақты интеграциялау үшін бір кездегі Еуропа ел-
дерінен гөрі күштірек алғышарттар бар. Ондай алғышарттарға мынандай факторлардың: сыртқы қа-
терлердің, мəдени-тарихи тамырлардың, діннің, экономикалық проблемалардың ортақтығын жатқы-
зуға болады. Оның сыртында Кеңес Одағынан бізге ортақ экономикалық, қаржы-қаражаттық, білім-
біліктік жəне экономикалық стандарттар қалды. Интеграцияға қажетті мұндай алғышарттар Еуропа-
лық одақтың сəулетшілері үшін тек арман ғана болатын».
84
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестердің дамуын аймақтағы саяси режимдік құн-
дылықтарға көзқарасы жəне іс-əрекет нормаларының белгілі бір ортақтығы мен тұтастығы, өз мүше-
лерінің саяси бағытын үйлестіру элементтерімен ерекшеленетін Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы-
ның (ТМД) құрылуы жəне өмір сүруі тарихы көзқарасы тұрғысынан қарастыру қажет. Бұл жағынан
алғанда ТМД-да өтіп жатқан оқиғалар — мүше-мемлекеттердің ішкі саяси жəне əлеуметтік-экономи-
калық проблемаларының жаңғырығы. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы жəне оны
реформалау деңгейіндегі, əлеуметтік-экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы
орын алып отырған айырмашылықтар олардың əлеуметтік-экономикалық жəне əскери-саяси өзара
көмегі деңгейі мен таңдауына əсер етеді. Соңғы 1998-і жылдардан бастап посткеңестік республикалар
арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттар да
ТМД шеңберінде жеке мемлекеттер арасында əр түрлі бірлестіктер (одақтар, серіктестіктер, альян-
стар т. б.): Беларусь пен Ресей Одағы — «екілік», Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан
Орта Азиялық Экономикалық Ынтымақтастығы — «төрттік», Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғыз-
стан жəне Тəжікстан Кедендік Одағы — «бестік», Грузия, Украина, Əзірбайжан жəне Молдова альян-
сы т.б. Осы аталған «əр түрлі өлшемдегі» жəне «əр түрлі жылдамдықтағы» интеграциялық процестер
бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің жəне қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси эли-
таның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кеден-
дік Одақ құру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реалды жағдай-
дың көрінісін береді.
Қазақстан Республикасының ойынша, Достастық əзірге посткеңестік елдерді біріктіруге ықпал-
ды əсер ете алмай отыр. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына жəне Достастық мемлекеттерімен өзара
қарым-қатынастарында интеграциядағы қол жеткізген деңгейіне байланысты басқа елдермен одаққа
бірігуінде ортақ валютаға, ортақ бюджетке, қосазаматтыққа көшуге жəне ортақ мемлекеттік органдар
құруға ықылас білдірген жоқ. Қазақстан басшылығының пікірінше, қазіргі кезеңде ең бастысы елдер
арасында бір-бірінің ішкі істеріне араласпатындай, əр елдің егеменділігіне құрметпен қарайтындай
экономикалық ынтымақтастық жəне өркениетті қарым-қатынас орнатуымыз қажет. Бұл орайда Дос-
тастық елдеріне Еуропалық Одақ мемлекеттерінің интеграция тəжірибесін пайдаланса болады.
Жоғарыда келтірілген позицияға неғұрлым жақындау саясатты Ресей Федерациясы ұстанады, бі-
рақ бұл елдің басшылығы Достастық өзінің өміршеңдігін дəлелдеді деп есептейді. Достастыққа мү-
ше-елдердің экономикалық ынтымақтастығы интеграцияның локомотиві болуға тиісті. Бірақ ұлттан
жоғары механизмдер құрып, ол іске қосылмайынша, сауда-экономикалық байланыстар мемлекеттер
интеграциясына ұласпайды. Жеке мемлекеттердің ТМД шеңберінде бірігуі үлкен кеңістіктегі əртекті
мүше-елдердің өз мүдделерін толығырақ жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін көршілес Орта Азиялық мемлекеттердің ТМД-ға жəне де басқа интеграциялық
құрылымдарға көзқарасының үлкен маңызы бар. Мысалы, Қырғызстан Республикасы үшін Достас-
тық өтпелі кезеңдегі мемлекетаралық құрылымдар рөлін атқарған жағдайда əрбір мүше-мемлекет өз
міндеттерін ішкі экономикалық потенциалы, ішкі саяси жағдайлары мен геосаяси ахуалына байла-
нысты шешеді. Өзара келісімсіз мемлекеттер Достастықты нығайта алмайды. Тəжікстан Республика-
сы Достастық шеңберіндегі ынтымақтастықтың əр түрлі формаларын, соның ішінде басқа мемлекет-
тердің қатысуымен бірлескен жобалар жасауды да ұсынады. Түркіменстан Достастық бұрынғы уни-
тарлық жүйедегі мемлекеттердің тəуелсіз дамуы туралы тұжырым негізінде шықты деген бағытты ұс-
тайды. Достастықтың Жарғылық құжаттары егеменді мемлекеттердің өзара іс-əрекетінің кеңесшілдік
механизмдері мен неғұрлым икемді түрлерін, шешімдер қабылдауға қатынасудың еріктілігін қарас-
тырады. Достастық тəуелсіз субъектілердің арасындағы өзара қатынастарын реттеуші органның рөлін
атқаруға тиісті емес, мұндай жағдайда мемлекеттер егемендігінің белгілі бір бөлігін бірлескен ортақ
органға беру қажет болады. Бұл казіргі қоғамдық-мемлекеттік құрылымға əр түрлі көзқарас жəне бас-
тама сəттерінің əр түрлі деңгейлері жағдайында мүмкін емес. Түркіменстан Республикасы ТМД-ны
мемлекеттік қатынастарды реттей алатын кеңесші орган ретінде көреді. Достастық мемлекеттері үшін
демократиялық құрылыстың бірыңғай үлгісін ұсынудың қажеті жоқ. Ол мемлекеттердің егеменділік-
ке құқығының бір бөлігін тартып алушы қондырма түрінде емес, өзара тиімді ынтымақтастық органы
болуы керек деген пікірді қолдайды. Өзбекстан Республикасы өз кезегінде Достастықта саяси, эконо-
микалық, əскери ұлттан жоғары құрылымдар жəне қондырмалар құруға қарсылық білдірді. ТМД тер-
риториясында халықтар арасындағы қарым-қатынасқа кедергі жасаушы қарсылықтарды жою, еркін
сауда зонасын құру өзара есептесуді реттеуді ұсынады. Өзбекстан саясаттандырылусыз жəне интегра-
циялық процестерді жасанды тездетусіз интеграцияны ұсынады.
85
1998 ж. қаңтарда Ашхабадта өткен кездесуде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан,
Түркіменстан елдерінің басшылары ТМД өтпелі кезеңде ғана іске асыруға болатын ынтымақтастық
моделі деген қорытындыға келді
4
. Əрбір мемлекет ішкі дамуының басыңқы жақтарын жəне халықа-
ралық міндеттерін есепке ала отырып, Достастыққа қатынасу түрлерін өздері анықтайды. Дегенмен
де қайта құру жылдарында осы аймақтық бірлестік кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте Достастыққа
қатынасушы елдер арасындағы шаруашылықаралық байланыстарды қолдап, ара-тұра бой көтерген
кейбір қайшылықтар мен əскери қақтығыстардың кейде алдын алып, кейде өзара келістіріп, реттеуші
қызмет атқарды.
Кеңестер Одағы құлағаннан кейін мемлекеттердің саяси жəне экономикалық мүдделерінің қиыс-
паушылығы себепті болашақ тəуелсіз мемлекеттер арасында мемлекетаралық қатынастардың конту-
ры белгіленіп анықтала бастады. Осындай жағдайда бұрынғы жинақтаған тəжірибенің нəтижесінде
өзара тиімді, өз елі ішінде жəне мемлекетаралық қатынастарда демократия мен нарықтық қатынас-
тарды дамыту негізінде ғана экономикалық интеграцияны, байланыстың жаңа құрылымдарын, мүше-
лерінің құрамын нақты анықтауға болатындығына көз жеткізуге болады. Сонымен, ТМД шеңберінде
интеграция процесін жəне бұрынғы кеңестер республикаларының өзара қатынасының басқа да түрле-
рін зерттеу, осы процестерге Қазақстан Республикасы саясатының рөлін, қосқан үлесі мен маңызын
анықтау қазіргі Қазақстанның мемлекеттік дамуы мен гуманитарлық ғылымның ғылыми жəне саяси-
практикалық өзекті міндеті болып табылады.
ТМД шеңберінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі геосаяси факторларды, интеграциялық процес-
тердің тарихы мен тəжірибесін талдау негізінде достастық елдері қарым-қатынасы құрылымдарының
түрлерін, осы мəселедегі Қазақстан Республикасы саясатының алдағы бағыттарын, ТМД-ға кірмей-
тін, бірақ дамудың маңызды салалары бойынша Қазақстанның серіктестері болып есептелетін басқа
елдермен қарым-қатынасының басты міндеттерін, мемлекет мүддесінің егеменділігін қорғауды қам-
тамасыз ету ХХ ғасырдың аяғында басталған реформалар жолымен табысты алға даму мəселелерін
анықтауға мүмкіндік береді. Объективті интеграциялық тенденциялар шеңберінде Қазақстанның да-
муы болашағын қарастыруда уақыт өте келе ұлттық мемлекеттер базасында юрисдикция бекіткен ше-
карада əлемдік тəртіпті қорғау қызметін атқарушы (жиі көрініс табатын: саяси, құқықтық, экономика-
лық, экологиялық) халықаралық бюрократияның дамыған жүйесін қалыптастырған аймақаралық
əкімшілік жария аппараттар құрылуы мүмкіндігін ескерудің маңызы зор.
Əдебиеттер тізімі
1. Чешков М. Постсоветская Центральная Азия в трех измерениях: традиционализация, периферизация, глобализация //
www.Analitika.org/ article.php?storu=20050613051148217.2005.13 июня.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. —
2005. — 19 ақпан.
3. D.J.Puchala Of Blind Men, Elephants and International Integration // Journal of Common Market Studies. 19. — № 10. —
P. 257.
4. Кар.: Қазақстан, Кырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан Республикалары мемлекеттері басшыларының бір-
лескен мəлімдемесі (Ашхабад, 5–6 қаңтар, 1998 жыл) // Российская газета. — 1998 ж. — 17 каңтар.
86
Б.Ғ.Шынтемірова
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, Орал
ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ОРТААЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ
ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР
В статье рассматриваются процессы интеграции в Центральной Азии. Автор приводит ис-
ториографический анализ как российских, так и западных исследователей в области изучения
интеграционных и дезинтеграционных процессов в регионе.
In this article are considered processes of integration in the Central Asia. The author results the his-
toriography analysis, both Russian, and the western researchers in the field of studying integration
and non-integration processes in region.
Кеңестік кезеңнен кейінгі интеграция проблемаларын зерттеушіге бұл мəселенің əр түрлі қырла-
рынан қарастырылған көптеген əдебиет пен саясат бұл аймақтың өте маңызды екендігін көрсетеді.
Екіншіден, дəл осы проблемаға аса назар аударылуы көптеген бұрынғы кеңестік республикалардағы
ахуалдың күрделілігімен жəне жанжал туғызарлықтай себептердің орын алуымен де түсіндіріледі.
Зерттеушінің міндеті қазірігі кезеңнің өзгерістерін, күрделі жағдайлардың талдауын тарихи рет-
роспективада беру қажеттілігімен қиындай түседі.
Тарихи-саяси ғылымдар саласына белгілі, еуропалық интеграциялық процестерге байланысты
интеграция мəселелері батыс тарихнамасы мен саяси ғылымында толық теориялық қорытындыларын
тапты
1
. Бұл мəселенің шетелдік тарихнамада зерттелінуі тарихи-саяси тұрғыда тарихи процестің се-
бептеріне байланысты саяси қатынастардың жүйесінің даму динамикасы, əдіснамалық негізі беріл-
ген, Н.Макиавеллидің, К.Маркстың, М.Вебердің, А.Тойнбидің теориялық еңбектерінен бастау ала-
ды
2
. Мысалы, Тойнби батыс тарихнамасындағы «өркениеттер бірлігі» мемлекеттердің қоғамдық өмі-
рінің барлық салаларындағы ұқсастықтар тереңдей береді, бұл процесте Бастыс өркениеті ықпалды
рөл атқарады деген еуроцентризм идеясына негізделген тұжырымдармен келіспейтіндігін білдіріп,
керісінше, Батыс өркениетінің дамуында Шығыстың орыны зор екендігін дəлелдеуге тырысады. Ал,
кеңестік кезеңде əлеуметтік болмыс мəселелерін зерттеу марксистік философия мен негізделіп келді,
сондықтан да, жоғарыда айтылғандай, əлемдік процестердің тенденциялары мен даму деңгейлері тек
қана қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы негізінде қарастырылады. Сол сияқты зерттеуге
тарихи-жүйелік жəне өркениеттік тұрғыдан қараушылардың үлкен назарын аударған С.Хантингтон-
ның еңбектерін атауымызға болады. Автордың «Өркениеттер қақтығысы: жеңуші мəдени салада ай-
қындалады» атты еңбегінде болжанғандай, не батыстық құндылықтармен əлеуметтік институттар қа-
был алып, Батыстың «жүрдек поезының соңғы сатысына жабысады», не өздерін Батыс ықпалынан
шығарып алу үшін томаға-тұйықтық, жабықтық стратегиясын ұстанады, не болмаса Батыспен бəсеке-
ге төтеп бере алатын жаңа əлеуметтік-мəдени бірлестік құрады (əрине, ол бірлестік жаһанданудың ке-
лесі болашақ үлгісіне жұмыс жасайды)
3
. Кеңестік дəуірден кейін интеграциялық процестердің ерек-
шелігін теориялық-əдіснамалық қорытындылауда бұрынғы кеңестік республикалар ғалымдары көп
үлес қосты. Мысалы, В.Пантин американ зерттеушісі Джордж Модельскийдің дүниежүзілік тарихта-
ғы «централизация» жəне «децентрализация» деген тұжырымдарына сүйене отырып, жаһандану да-
муының толықын тəріздес процесін талдауда «интеграция толқыны», «дифференциация толқыны»
сияқты түсініктерді енгізді. Джордж Модельский «дүниежүзілік державалардың» басыңқылық прин-
ципі мен оның «ғаламдық жүйені» қалыптастыру сипатын негізге ала отырып, халықаралық қатынас-
тар тарихын əр түрлі кезеңдерге бөліп, оның əрқайсысында белгілі бір дүниежүзілік держава басың-
қы роль атқарады деп, халықаралық қатынастар жіктеуін жасайды.
Интеграциялар толқынымен байланысты кезеңде дүние біртұтастыққа қарай ұмтыла бастайды.
Ұлы сауда жолдары, көлікті жəне ақпараттық жүйелер қалыптаса бастады: бұл — антикалық дəуір
интеграциясының толқыны — Ұлы Жібек жолы, орта ғасыр интеграциясының толқыны — «варягтан
грекке қарай», Жаңа дəуірдің толқыны — автомобиль жəне темір жолдарының əлемдік жүйесі, əуе
қатынастары жүйелері, Интернеттің ғаламдық ақпараттық жүйелері, сонымен бірге капиталдың зор
трансұлттық ағымы. Дифференциация мен интеграция толқындарының алмасуы əр кезде де «əрбір
ғаламдық циклде үнемі жаңаның пайда болуымен, өндіріс тəсілінің басыңқылығымен, өндіріс тəсілі-
не байланысты əлеуметтік жəне саяси ұйымдардың жаңа түрлерінің шығуымен» себепті болады. Осы
экономикалық, саяси, əлеуметтік жаңа формалардың шығуы — ұлы империялар мен əмбебап мемле-
кеттердің құрылуының жəне дамуының «жасырын серпін берушілері». Интеграция өзінің ең жоғарғы
87
деңгейіне жеткен кезде ол əрқашанда ғаламдық дағдарыстармен қатар жүріп, дифференциацияның
жаңа толқынына деген қажеттілік пайда болады.
Дүниежүзілік тарихтың əр түрлі циклдарының өн бойында пайда болған мəселелерін салыстыру
ғаламдық тарих əдіснамасын, қазіргі жаһандану процесін зерттеуге пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа дəуір циклының жалғасуымен байланысты автор «дүниежүзілік жəне ғаламдық тарихтың əлі де
болса толық шешілмей келе жатқан проблемалары — қазіргі дамуда үлкен рөл атқарушы дүниежүзі-
лік нарық, дүниежүзілік капитализм мен индустриалдық қоғам генезисінің механизмі мен себептері-
не» көңіл бөлуді ұсынады. Пантиннің пікірінше, «жаһанданудың əкесі» болып есептелетін И.Валлер-
стайн өзі енгізген «əлем–экономика» деген түсініктердің талдауын аяқсыз қалдырған. Неге дүниені
«толық» жəне «түпкілікті» интеграциялау мен əмбебаптауға деген əрекет шектеулі сипатта қалады?
Еңбекте бұл мəселе талданғанымен, автор сұраққа толық жауап бермейді. Біздің ойымызша, «тарихи
реалдылық үнемі өзгеріс үстінде болады, ал халықаралық интеграция түрлері жəне осының негізінде
қалыптасатын əлемдік жағдай өзгерістер соңынан ілесе алмай қалады». Сол себепті де зерттеу даму-
дың қосымша тенденцияларын қажет етуші кейбір жобалаулар мен сценарийлерді баяндаумен аяқта-
лады. Мысалы, бір ғаламдық циклдан екіншісіне өту кезеңіндегі Батыс пен Шығыстың басымдылы-
ғының алмасуы туралы ойларын алуға болады. В.Пантин бұл қорытындыларында батыстың көрнекті
зерттеушілері П.Кеннеди мен А.Франктің көзқарасына сүйеніп, Батыстың басынқы позициясын тұ-
рақты ұстап тұра алатындығына сенімсіздікпен қарап, «XXI-і ғасырдың көшбасшылары, басты дер-
жавалары ретінде Қытай мен Жапонияны» атайды
4
.
Сол сияқты ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күресі, өза-
ра ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т.б. проблемалар талдауына да біраз ең-
бектер арналады. Мысалы, С.Л.Ткаченко мен С.Петерманн КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі
ТМД елдері арасындағы əскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың
ықпалына тоқталады. 1992 ж. Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қол қою тарихы мен оның жүзеге асы-
рылуына, келісімнің əскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Фе-
дерациясының сыртқы жəне қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылған
5
.
Посткеңестік кеңістікке, соның ішінде Қазақстанға да, айтарлықтай ықпал етуші Оңтүстік Азия
мен Орталық Шығыстағы саяси ахуалдың əр түрлі аспектілерін талдаудағы іргелі ізденіс ретінде Бха-
бани Сен Гуптының, Т.Н.Каульдың, С.Коэнның, К.Мишрдың, Л.Роуздың, Р.Хардгрейвтың еңбектерін
атауға болады. Этникалық, көші-қон, діни, өркениеттік факторлар мəселелерін қарастырған А.Г.Виш-
невскийдің, Л.Р.Гордон-Полонскаяның, Л.Д.Гудковтың, Д.Евстафьевтің, Г.Лапидустың, А.В.Мала-
шенконың, В.В.Петуховтың, Г.Смиттің, А.Сусоколовтың, А.де Тангтың, В.А.Тишковтың, В.Шапиро-
ның, Ф.Шереганың т.б. еңбектерінің орны ерекше деп санаймыз.
Соңғы жылдары арнайы посткеңестік Орталық Азия тарихын зерттеуші еңбектер көптеп жарық
көре бастады. Мысалы, Б.Румер мен С.Жуковтың редакциясымен шыққан монографияда көлемді
фактілік ақпарат, əр түрлі дерек көздерінен: Ресейдің жəне Орталық Азия республикаларының ста-
тистикасынан, мұқият тексерілген деректі материалдардан, Бүкілəлемдік банктің мəліметтер базасы-
нан, аймақтық зерттеу орталықтарының есептеулерінен, жұмысты орындаушылардың өздерінің са-
раптау қортындысынан алынып, терең талдау берілген. Жоғары кəсіби деңгейде құрастырылған кес-
теде Орталық Азиядағы экономикалық ахуалдың маңызды аспектілері жөнінде қажетті мағлұмат
келтірілген (мысалы, Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауда байланысы, Қазақстан
мен Өзбекстан арасындағы сауданың жəне экспорттың аймақтық құрылымдары, өнеркəсіп өндірісі-
нің құрылымы мен динамикасы, инфляция, ішкі жалпы өнім, Орталық Азия республикаларындағы са-
лық жағдайы, ирригация мен сумен қамтамасыздандыру проблемалары т.б.) Орталық Азиядағы
тəуелсіздік жылдарындағы экономикалық трансформация проблемалары бұл еңбекте əр түрлі маңыз-
ды аспектілер, соның ішінде экономикалық интеграцияның келешегі түрғысынан талданады
6
.
Халықаралық қатынастардың Король институтынан жүйелі басылымдар сериясынан шыққан
Оксфорд университетінің профессоры Н.Макфарлейннің «Кавказ бен Орталық Азияға Батыстың қа-
тынасуы» (Лондон, 1999) еңбегі де үлкен геосаясат пен осы аймақтағы Батыстың мүдделеріне арнала-
ды. Батыстың мүддесі ретінде оның институттары мен құралдары деп (комиссариаттар, БҰҰ (ООН)
бөлімдері, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) өкілділіктері, ЕО (ЕС) пен НАТО-ның, ƏВҚ (МВФ), ЕРДБ (Европейский
банк реконструкции и развития, ЕВКГ) демократизацияны қолдауды, экономикалық реформаларды,
жас тəуелсіз мемлекеттердің егемендігін қорғауды, аймақтық тұрақтылықты, шиеленістердің алдын
алуды атайды. Макфарлейннің қортындылауы бойынша, Орталық Азиядағы Батыс саясатында Батыс-
тың ережелік құндылықтарының қақтығысы орын алады. Ережелік құндылықтар Батыстан оппози-
циямен ынтымақтасуды, И.Алиев, И.Каримов, С.Ниязов сияқты лидерлерді аластатуды талап етеді.
88
Аймақтағы «мықты лидерлер» өз елдерін исламизациядан құтқарудың, Ресейден аймақтың автоно-
миясын қамтамасыз етуші, пайдалануға тиімді құралдары ретінде қарастырылады. Соңында автор Ба-
тыстың саяси жүйесіне, экономикалық реформалардың барысына жəне шиеленістерді шешуге ықпа-
лының асимметриялық əсерде болғандығымен келіседі. Батыстың талап еткен экономикалық рефор-
малары байлықтың саяси билікті бақылаушылардың қолына жинақталуына жол ашты. Батыстың қа-
зіргі таңда ұсынып отырған саяси реформалары бұл бақылауды да жояды дей келіп, Макфарлейн еп-
пен ғана бұл елдердегі өзгерістердің реалды нəтижелерін экономикалық статистикадан немесе саяси
жəне заң институттарын құрудан емес, физикалық құралдардың əсері аздау білінетін мəдениет сала-
сынан іздеу керек шығар деген ойын білдіреді. Демек автор Батыстың аймақтағы келешегін келесі ұр-
пақтың (саясатшылардың, интеллектуалдық жəне мэдени элитаның) батыстық ережелер мен құнды-
лықтарды терең игеруімен байланыстырады.
С.Хорсман кейбір аймақтық (ЭЫҰ, «Шанхай бестігі» т.б.) жəне халықаралық қаржылық, эконо-
микалық ұйымдардың (Азиялық даму банкі, ХРДБ, ТАСИС, ЕҚЫҰ) жəне жеке мемлекеттер (АҚШ,
Израиль) қызметтерін талдау арқылы олардың Орталық Азияда орналасқан дамушы жас мемлекет-
терге су ресурстары, ирригация, экология проблемаларын шешуге, аймақтағы шиеленіс жағдайларын
реттеуге көмектесетіндігін көрсетеді. Сол сияқты автор су ресурстары жəне оларға бақылау орнату
үшін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы түсініспеушілік, кейде мемлекет аралық жанжалға ұла-
сып кету қауіпін туғызады. «Су дағдарысы» өзінің бастамасын КСРО кезеңінен алады, дəл сол кезең-
де, 50-жылдардан бастап, Орталық Азия аймағы шекаралары анықталып, жаңадан құрылған одақтас
республикалар арасында бөліске салынып, бұлар экстенсивті ауылшаруашылығы ирригациясын жүр-
гізді деген қорытынды жасайды
7
.
АҚШ, ЕО жəне Жапония өкілдерінен тұратын үшжақты комиссияның «Жаңа Орталық Азия: тұ-
рақтылықты іздестіру» деп аталатын 54-і баяндамасын танымал саясаткерлер Ш.Гарнетт (АҚШ),
А.Рар (ГФР) жəне К.Ватанабе (Жапония) құрастырды. Авторлардың басты идеясы КСРО құлағаннан
кейінгі 10 жылда əлем жаңа Орталық Азиямен қатынас жасай бастады. Шындығында Батыстың ай-
мақтағы ішкі процестерге ықпал жасау мүмкіндіктері шектеулі. Батыс міндетті түрде аймақта Ресей
мен Қытай жəне ислам мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатуға мəжбүрлілікке тап болады. Бұл ай-
мақтағы мемлекеттердің тұрақтылығына қауіп — денсаулық сақтау, білім берудің стандарттарының тө-
мендігі, көлік жəне əлеуметтік инфрақұрылымдардың əлсіздігі, əр түрлі діни жəне қоғамдық ұйымдар-
дың құрылуы сияқты салалардан туындайды. Осы аталған мəселелер кейінгі кезде халықаралық сипат
ала бастаған лаңкестік жəне есірткі саудасы сияқты проблемалардың ушығуына іргетас болады.
Сол сияқты зерттеушілер Каспий теңізі ресурстары төңірегіндегі геостратегиялық күрес мəселе-
леріне де тоқталады. Б.Клинтон əкімшілігі Бакуден Грузия арқылы түрік порты Жейханға құбыр тар-
ту жобасын іске асыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. Американ саясатының маңызды құрам-
дас бөлігі Ресейдің Кавказ бен Орталық Азияға бақылауын қалпына келтіруіне кедергі жасауда. Бұл
жобаны жүзеге асырудағы американ жəне түрік дипломатиясының лоббилық қызметіне қарамастан,
жобаның жүзеге асуы екіталай. АМОКО корпорациясы басқарушы халықаралық концерн Баку- Жей-
хан жобасын жүзеге асыруға қажетті жоба ретінде мойындауға əзірге асығар емес. Ақ Үй, АҚШ пен
оның стратегиялық қауіпсіздігін қорғау үшін де американ мұнай компаниялары жобаны қолдауға ти-
істі дегенді дəлелдеуге тырысады. Баяндамада Орталық Азияда ислам экстремизміне қарсы Шанхай
бестігінің негізінде жаңа стратегиялық альянс құрылып, оның тиімді жұмыс жасау бағыты анықта-
лып, Батыс тарапынан түсіністік тапты деп көрсетіледі. Ресей басшылығының өзгеруімен Ресей сая-
саты Каспий теңізіне шоғырланды. Кремль жеке ресей энергетикалық концерндерінің Каспийдегі сая-
сатын мемлекеттік стратегиямен байланыстырады. Батыстың бұл жөніндегі көзқарасын ғалымдар екі-
жақты түсіндіреді. Бір жағынан, Батыс Ресейді «еуропаланған» ел түрінде көргісі келеді, екінші
ден — Батыс Мəскеудің ұлыдержавалық саясатын қолдауға ынта танытып отырған жоқ. Таяу жыл-
дарда НАТО-ның өз шеңберін шығысқа қарай кеңейтуінің екінші толқыны басталады. Бірақ сарап-
шылар, егер Ресей жалпыеуропалық процестен сырт қалса, біркелкі еуропалық сыртқы жəне қауіпсіз-
дік саясат жүргізу қиын болатындығын ескертеді.
Сонымен бірге еңбекте Каспий аймағы үшін Тұрақтылық пактісіне үлкен мəн беріледі. Тұрақты-
лық пактісінің ЕО ұсынған мəні жақын уақытта ресей-еуропа қатынастары күн тəртібіне қоюға тиісті
үш міндеттен туындайды: 200 жылдан астам өмір сүріп келе жатқан солтүстік-оңтүстік жолына қара-
ма-қарсы бағыттағы шығыс-батыс көліктік коммуникация жүйесін құру, жаңа тəуелсіз мемлекеттерде
демократияны жəне нарықтық экономиканы нығайту, геосаясаттан экономикалық бəсекелестікке өту.
Осындай жағдайда ЕО Каспий аймағы елдерінің экономикасына инвестиция бөлмекші. ЕО бұндай
саясаттың Иран мен Ресейге қарсы ұстанып отырған «екі жақты ауыздықтау» сияқты американ стра-
89
тегиясына қайшы келетіндігін де көреді. Дегенмен ЕО НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюінің страте-
гиялық салдарын жұмсарту мақсатымен «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасын тұрақтылық
құралына, Ресеймен жауластыққа емес, ынтымақтастық мүмкіндігіне айналдыруға тырысуда.
Баяндамада сарапшылар Орталық Азия аймағы елдері мəселелеріне де тоқталады. Олардың зерт-
теуі бойынша, жаңа Орталық Азия қалыптасу үстінде. Азияда əлі де болса біраз онжылдықтар бойы-
на оның кеңестік кезеңінің белгілері сақталады, бірақ өткенге қайтып оралу болмайды. Ресей бұрын-
ғыдай жалғыз əрі басым держава болмаса да, осы аймақтағы басты рөлді атқарушы болып саналады.
Жаңа Орталық Азия жоғарғы деңгейдегі геосаяси кеңістіктің ерекше бір бөлігіне айналып, өз мүдде-
лерін ескере отырып, белсенді рөлді Қытай, Иран, Түркия жəне Үндістан атқаратын болады. Бұл ай-
мақтағылардың ең басты мақсаты — тұрақтылықты сақтау болуға тиісті. Сонымен қатар аймақтың
гуманитарлық, қоғамдық жəне мемлекеттік өте үлкен қажеттіліктері мемлекеттердің үшжақты комис-
сия сияқты бұрынғыдан да кең көлемді кооперацияға бірігуіне, оған Ресей, Қытай жəне ислам дүние-
сінен қатынасушы серіктестерді қосуға мүмкіндік ашады.
Сарапшылардың Орталық Азиядағы интеграциялық процестер туралы пікірлері де назар аудару-
ға тұрарлық. Жалпы алғанда, аймақта қауіпсіздік мəселесі бойынша жетістігі шамалы көпжақты келі-
сімдер жасалынды. ТМД жəне Ташкент келісім-шарттары бірте-бірте əлсіреп барады. Ал, «Шанхай
процесі» Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстанды қосып, бұлар өзара сенімді нығай-
ту шаралары жəне ескі қытай-кеңес шекаралары бойындағы қарулану мен əскерді қысқарту жөнінде
келісімдерге келді. Осы мемлекеттер көп жылғы келіссөздер арқасында шекаралар демаркациясына
да қол жеткізуде.
Ресей ғалымы М.Чешков Орталық Азияны үш процестің түрлері, траекториялары арқылы қарау-
ды ұсынады: дəстүрлілік (кеңестікке дейінгі тарихи-мəдени дəстүрлерге қайтып оралу), жергіліктілік
(шикізат көзі рөлінде дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қосылу, дүниежүзілік рынокқа əсіресе шетел ка-
питалына тəуелділік) жəне жаһандану (адамзат қауымдастығының ғаламдық құрылымына қосылу).
Қазіргі посткеңестік Орталық Азия трасформациясы бұл аймақтың бір мезгілде əр түрлі үш кеңістікті
(шартты түрде алғанда — Шығыс, Оңтүстік, Əлем) жəне үш əр түрлі — өткен, қазіргі, болашақ кезең-
дерді бірден басынан кешіріп жатқандай күйде
8
. Барлық жұмыстарға арқау болған мəселенің бірі —
аймақтың ішкі де сыртқы да себептерге байланысты тұрақсыздыққа ұшырауы. Бірқатар авторлар гео-
саяси ахуалдың өзгерісіне сəйкес келетіндей Батыстың аймақтағы мүдделерінің жаңа формуласын
ұсынуға тырысады. Кейбір жұмыстардағы жүргізілген тарихи экскурс Батыс пен Ортазиялық үкімет-
тердің аймақтың одан əрі дамуының болашағын, ірі ойыншылар стратегиясын белгілеуде жіберген
қателіктерін анықтауға жəне толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Француз зерттеушісі К.Пужольдің (Қазақстан — Париж, 2000) пікірі бойынша, ғаламдық тұрғы-
дан алғанда Қазақстан трансконтиненталдық экономикалық байланыс рөлін, əрі Еуразия континенті-
нің осі ретіндегі өзінің тарихи миссиясын орындауға міндетті. Қазақстан өз кезегінде бірнеше мəдени
«сілкіністерді» басынан кешірсе де бойында азиаттық Шығыс пен еуропалық Батыстың жарасымды қо-
сындысын сақтай білді. Қазақстан — қазақ пен орыстың бастамасы, атеизм жəне православие, ислам
мен шаманизм арасындағы түсіністік. Қазақстан, сөз жоқ, өзінің болашағын Батыспен байланыстыра-
ды. Бірақ ғылым, азиаттық мұрасының белгілері əлі де ұзақ уақыт қазақ қоғамының бойында сақтала-
ды, сонымен қатар көшпелі өмір кезеңінің ұқсастықтарына қайтып оралу немесе қайта жандандыру
мүмкін емес.
«Қазақстан: жүрілмеген жол» (М. — Вашингтон, 2003) белгілі американ зерттеушісі М.Б.Олкотт
біздің елімізге «ресурстары бойынша құдай берген, бірақ жағрафияның қарғысы атқан ел» деген жаңа
анықтамасын береді. Қазақстанның саяси режимі мəселесіне келгенде автор «батыс плюрализмі мен
азиаттық автократия арасындағы қақпанда тұр» деп неғұрлым дəл формуласын тапқан сияқты. Қазақ-
стан Республикасының даму стратегиясы бойынша екі нұсқаны ұсынады: 1) Батыстың қатысуы жəне
инвестицияны ынталандыру; 2) Ресей Федерациясымен тығыз экономикалық қарым-қатынастарды
институциаландыру.
Ғалым Қазақстанның посткеңестік кезеңдегі саяси, əлеуметтік, этникалық жəне экономикалық да-
муындағы алға басқан қадамдарына тоқтала келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жеке адам,
басшы, саяси қайраткер феноменін ашуға тырысады. Зерттеуші АҚШ-тың Қазақстанды өкілдік саяси
институттарға жəне экономикалық транспаренттікке қарай жақындату мақсатында оған қысым қажет,
бірақ қысым жасауды өте үлкен ептілікпен жүргізе отырып, АҚШ Қазақстанның Ресей құшағына құ-
лауына жəне батыс мұнай компаниялары мүдделерінің бұзылуына жол бермеуі керек деп есептейді. Қа-
зақстанның қолында гүлденген демократиялық мемлекет болуы үшін барлық мүмкіндіктері бар: этни-
калық көптүрлілігі, кең территориясы, нарықтық экономикасы, білімді тұрғын халқы т.б.
90
Ортаазиялық интеграциялық процесс бойынша құнды пікірді Олкотт Қазақстанның интеграция-
лық процестердегі бастамашы рөлі жөнінде айтады. Автор Қазақстанның бұл қадамдары оның Ресей
алдындағы осалдығына байланысты Н.Назарбаев өзіне тұрғын халықтан қолдау табу жəне елдің
қауіпсіздігін арттыру үшін көпұлтты Қазақстан халқының ТМД, одан соң ЕурАзЭЫ сияқты ұлттан
жоғары субстанциялармен теңесуі мүмкіндігін туғызу мақсатымен жасалынды деп түсіндіреді. Жұ-
мыста ТМД елдерінің интеграциялық кеңістікті құрудағы мүдделер қақтығыстарына, интеграциялық
процестердегі Қазақстанның рөліне, оның Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарының бірде жо-
ғарылап, бірде нашарлауы себептеріне, бұндай жағдайдағы ШЫҰ-ның сенімділікті нығайту механиз-
мі ретіндегі позитивті рөліне жан-жақты талдау беріледі. 90-жылдардан бастап Н.Назарбаев интегра-
цияның күмəнділігін мойындай бастады, Ресейден қорқынышы азайды, Қазақстан Республикасы
үшін халықаралық мəртебе беруге бет бұрып, көбірек халықаралық ынтымақтастық пікірлеріне көңіл
бөлетін болды
9
. Еңбек мол нақты жəне суретті материалдармен жабдықталған, пайдалы талдаулар бе-
ріліп, бірақ, біздің пікірімізше, автор Қазақстан Президентінің жəне бүкіл қоғамның интеграция идея-
сына объективті адалдығын дұрыс бағаламаған.
Сонымен, қазіргі заман тарихнамасы посткеңестік даму, ТМД елдерінің модернизациясының əр
түрлі бағыттары, өзара қатынастың басты салаларындағы интеграцияның өзекті мəселелері жөніндегі
мол теориялық жəне фактілік материалдар мен алуан түрлі көзқарастар жиынтығы көбіне зерттеудің
басты жанрын посткеңестік кеңістіктегі ағымдағы оқиғалар, интеграциялық сипаттағы ұйымдастыру-
шылық мəселелеріне арналған монографиялар, ғылыми мақалалар, эсселер, очерктер, пікірталастар
мен талдаулар құрайды. Бұл еңбектердің біразын публицистер, экономистер, əлеуметтанушылар, сая-
саттанушылар, сонымен қатар посткеңестік мемлекеттердің саяси өмірінің тікелей қатынасушыла-
ры — елшілер, журналистер, мемлекеттік жəне қоғамдық қайраткерлер жазған. Зерттеулердің құнды-
лығы Орта Азия елдері интеграциясының өзекті буындарын дəл анықтап, мəселені əлеуметтік-психо-
логиялық жəне нақты-тарихи тұрғыдан қарастыруында, бірақ бұл жерде оқиғалардың «ізін суытпас-
тан», терең де жан-жақты талдау беру іске аса бермейтін міндет екендігін есте ұстау қажет.
Əдебиеттер тізімі
1. Бұл жөнінде толығырақ мəліметті қараңыз: Стрежнева М.В. // Европейский Союз и СНГ: сравнительный анализ инсти-
тутов. — М., 1999.
2. Государь и рассуждения на три первые книги Тита Ливия. —СПб., 1869; Монарх. — СПб., 1869. История Флоренции.
—М., 1987. Антология мировой политической мысли: В 5-ти т. — Т. 1. — М., 1997. — С. 252–265; Ленин В.И. Марк-
сизм жəне реформизм. — ТШЖ. — Т. 24; Бұл да соныкі. Карл Маркс (Марксизмге түсіндірмелермен берілген қысқаша
өмірбаяндық очерк); Конюшная Р.П. Карл Маркс и революционная Россия. —М., 1975; Вебер М. Образ общества. —
М., 1944; Таңдамалы шығармалары. —М., 1990; О буржуазной демократии в России // Социс. —1992. —№ 3; Гайден-
ко П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность: социология Макса Вебера и веберовский ренессанс. — М., 1991;
Тойнби А. Постижение истории. — М., 1991, 1996; Цивилизация перед судом истории. —М., СПб., 1996; Ращков-
ский Е.Б. Востоковедная проблематика в культурно-исторической концепции А.Дж.Тойнби. — М., 1976; Семенов Ю.Н.
Социальная философия Тойнби. —М., 1980; Губман Б.Л. Смысл истории. — М., 1991.
3. Ханигтон С. Столкновение цивилизации и передел мирового порядка. — М., 1997.
4. Пантин В. Циклы и волны глобальной истории. Глобализация в политическом измерении. — М., 2003. — С. 58, 164,
233–234, 261.
5. Глебов И.Н. Военное право Содружества: состояние и перспективы международно-правового регулирования военно-
политических отношений государств СНГ // Государство и право. — М., 1993. — № 10.
6. Ткаченко С.Л., Петерманн С. Сотрудничество стран СНГ в военной сфере и фактор НАТО. — СПб., 2002.
7. Central Asian countries: Тһе International context / R.Аnіson, B.Jonson. Тһе Royal Institute Of International Azia; Washington,
D.C.: Brooklin International Press, 2001.
8. Чешков М. Постсоветская Центральная Азия в трех измерениях: традиционализация, периферизация, глобализация //
\www.аnа1ytіc.оrа. — 2005. — 13 июня.
9. Олкотт М.Б. Казахстан: непройденный путь. — М. — Вашингтон, 2003. — С. 24, 34, 42–55, 66, 367; Бұлда соныкі:
Двенадцать мифов о Центральной Азии (Возвращаясь к написанному). Рабочие материалы Москов. центра Карнеги. —
М., 2001. — № 2.
|