Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз?
Оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркесінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары арқылы пәнге қызығушылығын арттыру .
Сөз тіркесін оқытуда нені басшылыққа алу керек?
1.Кез келген сөз бір-бірімен реттсіз тіркесе бермейді.Олар мағына жағына тірскесу заңына және сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу тәсіліне қарайды.
2.Сөз тіркесі болуы үшін кемінде екі толық лексикалық мағынасы бар екі сөз тіркесуі керек.
3.Сөз тіркесі бір -бірімен тең дәрежеде байланыспайды ,бірі екіншісіне бағына байланысады.Бағына байланысу сөз тіркестерінің ең басты қасиеті.
4.Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмайды.
5.Өзіне тән бастапқы мағынасы солғандап,лексикалық, синтаксистік қатынасы бүзылып, бір зат апауына айналып бара жатқан сөздер сөз тіркесі болмайды .Мысалы :Ашық зат, мал қора , бас бармақ, балалар бақшасы,еңбек кітапшасы .
Мектепте сөз тіркесі өткенде нені қарастыру керек?
1.Сөз тіркесі оның зерттеу нысаны
2.Байланысу тәсілдері мен формалары
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері ?
Қосымшалар арқылы байланысу
Септеулік шылаулар арқылы байланысу
Орын тәртібі арқылы байланысу
Интонация арқылы байланысу
Өзіне тән бастапқы мағынасы солғандап,лексикалық, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір зат апауына айналып бара жатқан сөздер сөз тіркесі болмайды .Мысалы :Ашық зат, мал қора , бас бармақ, балалар бақшасы,еңбек кітапшасы.Осы сөздерді про С.Исаев термині бойынша не деп атады ?
Атаулық тіркестер
Өзіне тән бастапқы мағынасы солғандап,лексикалық, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір зат апауына айналып бара жатқан сөздер сөз тіркесі болмайды .Мысалы :Ашық зат, мал қора , бас бармақ, балалар бақшасы,еңбек кітапшасы.Осы сөздерді про М .Балақаев не деп атады ?
Номинативті тіркестер
Достарыңызбен бөлісу: |