15. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы



бет8/8
Дата22.06.2023
өлшемі166,19 Kb.
#103028
1   2   3   4   5   6   7   8
6. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы
1. Оқу-тәрбие процесіндегі ең қажетті қағида – өтілетін сабаққа психологиялық дайындық.
2. Ойлау – бала өміріндегі ерекше құбылыс.
3. Сөз грамматикалық қатынасқа түскенде ғана адам ойын білдірудің құралы бола алады.
4. Көршілес ассоциация – Оқушының ойына бір нәсе түссе, оған байланысты қабылданған екінші нәрсе де түседі. М. Сөз тіркесін оқығанда күрделі сөздер, атаулық тіркестер есінде қалады.
5. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын айтады.
6. Оқушылардың зейінің аудару кезеңі – бірінші кезеңі (ұйымдастыру кезеңі)
7. Қ. Жарықбаев зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын неше шарасын көрсетеді. Жауабы: 5
Олар:

  1. Оқушылады бірінші сыныптан зейінділікке әрекеттендіру;

  2. Тапсырмалардың дәл қысқа болуы;

  3. Бала қайда жүрседе байқағыштыққа тәрбиелеу;

  4. Зейін тәрбиесі мен ерік тәрбиесін ұштастыру;

  5. Төменгі сынып оқушысының нерв жүйесі «қатаймағандығын» есте сақтау.

8. Ұғынған материалды есте қалдырудың ұтымды жолдарының бірі - алға мақсат қою білу.
9. Бір адамның барлық ісін, басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп аталады.
10. Темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірген – академик
И.П. Павлов
11. Психологияда шыдамдылық белгісіне қарай балық типтер күшті және әлсіз болып екіге бөлінеді.
12. И.П. Павловтың сипаттамалары (Темпераменттың 4 типі)
Сангвиниктер – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам.
Холериктерұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым.
Флегматиктер - нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен қозғалысы баяу адамдар.
Меланхоликтер – нерв жүйесі әлсіз типтер.
13. Жаңашыл педагоктар Қ.Биттібаева, А.Исқақов, С.Н.Лысенко, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, Қ.Нұрғалиев, Р.Нұртазина.

1.Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер қанша тармақтан тұрады:2. Олар: тілдік қатынас, тілсіз қатынас


2.Г.В Колшанский тілдік қатынасқа берген анықтамасы: өзара түсінісудің тіл арқылы берілу тәсілі
3. Э.П Шубин әдістемені жасауда неге мән береді: дыбыстық және таңбалық ерекшеліктеріне
4. Э.П.Шубин тілдік қатынасты қалай атады: хабармен алмасудың жиынтығы
5. Тілдік қатынастың негіздері: Баяншы, тұлғалар, қабылдаушы
6.Э.П.Шубин хабар берушіні қалай атады: трансмиссия
7. Э.П.Шубин хабар қабылдаушыны қалай атады: рецепция
8. Тілді зерттеушілер тілдік қатынастың қандай үш кезеңін көрсетті: Хабардың дұрыс айтылуы, Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, Әңгімелесуші
9. Тілдік қатынас қалай жүзеге асады: Жазбаша және ауызша
10. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін қалай жұмсалады:тілдік тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу аппаратының ойға қатысты қимыл-қозғалысты дәлелдейді.
11. Тілші –әдіскерлердің мақсаттары: сапалы оқытудың жолдарын табу; белгілі бір хабарды біреуге жеткізу; белгілі бір ақпаратпен алмас;
12. Сөйлесім әркеті қаншаға бөлінеді және қандай: 5ке. Олар, сөйлесім, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім
13. Таңбалық және мағыналық ерекшеліктеріне қарай оқылымның екі жағын атаңыз: техникалық, мазмұндық
14. Жазылым құрылымдық кезеңдерін атаңыз: қажеттіліктен пайда болатын себеп; себептің ойда, санада бейнеленуі; ойдың сөз арқылы тізбектелуі;сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;жазудың екінші адамға түсінікті болуы;
15. Жазылымның лингвистикадағы мазмұнын белгілейтін мәселесін атаңыз: графика; орфография,жазып алу, жазбаша сөйлеу;
16. Жалпы орфографияны екі саланы қамтиды, Олар: жеке лексикалық единица, сөздерді дұрыс жаза білу; грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті, сөйлемдерді дұрыс жаза білу;
17. Жазылымның әдістемелік ерекшелігі: графика және орфографияны , жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің, амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу;
18. Тілді үйренуде тыңдалымның маңызын көрсетеді тындалымға арналған: мәтін, яғни аудиотекст.
19. Арнаулы мәтін арқылы тыңдалымға тән мынадай басты белгілер: текстегі қатысымдық және тілдік тұлғаларды тану, қабылдау, түсіну және қолдану – іс жүзіне асады және сөйлесім әрекетінде үздіксіз жетіліп отырады.
20. Тыңдалым процесінде оқытылатын мәтін ұсынылуы: мазмұны мен композициялық құрылым жағынан жүйелі, тұтас түрде ұсынылуы қажет.
21. Тыңдалым мазмұндық ерекшелігіне қарай: берілген тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталғаны жөн; ойдың логикалық жүйесі сақталып отыру керек; мәтінге қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық болып беріледі; көмекші материалдар, көрнекілік қатар қолданылады; негізгі ой түйінделіп, оның төңірегіндегі қосымша, қосалқы ойлар соған қатысты жүйелі түрде баяндалады.
22. Тыңдалым нәтижелі болу үшін, акустикалық ережелерді дұрыс меңгеру рөлі: Сөйлемнің фонетикалық норманы сақтап айтылуы. Сөз бен дауыстың ырғағы. Екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою. Сөйлем мен сөйлем аралығындағы үзіліс.
23. Тыңдалымға арналған мәтінмен жұмыс оқытушы мен оқушы арасында жоспарлы іс-әрекет болуын қажет етеді:
1. Жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
2. Тапсырмаларды жүйелі тәртіппен орындау.
3. Аудиохабарды тыңдап, қабылдай білу.
4. Түсінуді қамтамасыз ету және бақылау.
24. Мәтінді жан-жақты меңгеру үшін берілетін тапсырмалар бірнеше түрге жіктеледі: 1. Мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған тапсырмалар;2. Мәтіннен алынған ақпаратты творчестволық ізденістермен толықтыруға арналған тапсырмалар; 3.Мәтіндегі хабарларды адамдармен қарым-қатынаста, сөйлесуде қолдана білуге арналған тапсырмалар.
25. Тыңдалымды терең үйретудің әдістемесінің екі жолын атаңыз: Көзбен көретін көрініс, көрнекілік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет