Способы передачи интернациональных терминов
в современном казахском языке
В статье рассмотрены вопросы заимствования интернациональных — общих для несколько языков —
терминов в казахский язык. Авторы статьи на конкретных примерах показали способы образования и
пути передачи интернациональных терминов в современном казахском языке. Проанализировав
переводы интернациональных терминов на казахский язык, выяснили, что активно используются
казахские слова, а также русские слова и слова арабско-персидского происхождения.
Zh.D.Rapisheva, S.A.Rakhymberlina, Zh.Zh.Ibraimova
Ways of transfer of international terms in modern Kazakh language
In article questions of loan international — the general for some languages — terms in the Kazakh language
are considered. Authors of article on concrete examples show ways of education and a way of transfer of
international terms in modern Kazakh language. Analyzing the translations of international terms on the
Kazakh language found out that the Kazakh words, and also the Russian words and words of the Arab-
Persian origin are actively used.
Referenses
1 Kurmanbayuly Sh. Posobiye of the terminologist, Astana: Er-Daulet, 2007, р. 6.
2 Kenzhemuratova S.K. Collection of scientific articles, Astana, 2005, р. 12–15.
3 Kurmanbayuly Sh. Alash and terminovedeniye (Kazakh terminology of the beginning of the XX century. 1910–1930 years),
Almаty: El-shezhire, 2008, p. 18.
4 Kurmanbayuly Sh. Scientific rules of development of the Kazakh terminology, Almaty: Sozdik-Slovar, 2004, p. 24.
5 Kurmanbayuly Sh. Thermins basics, Almaty: Atlas, 2006, p. 24.
6 Ivanov V. Terminologiya and loans in modern Chinese, Moscow, 1983, p. 63.
7 Aytbayev O. Kazakh word (Bases of the Kazakh terminology), Almaty: Rauan, 1997, p. 89.
8 Kurmanbayuly Sh. Ways of education and sources of formation of terms, Almaty, 2005, p. 25.
9 Superanskaya A.V., Podolskaya N.V., Vasilyeva N.V. General tеrminologiya: Theory questions, Moscow, 1989, p. 99.
10 [ER]. Access mode: www.tilbilimi.kz
Профессор Т.Р.Қордабаев еңбектеріндегі тіл білімінің ...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
57
ƏОЖ 81’
Г.Х.Əбдірахманова, Б.А.Қалиев, А.С.Жарылғапова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: anar_11.82@mail.ru)
Профессор Т.Р.Қордабаев еңбектеріндегі тіл білімінің кейбір мəселелері
Мақалада белгілі тілтанушы, ғалым Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаевтың қазақ тіл білімінің
көптеген өзекті мəселелерін көтеріп, ғылымға қосқан үлесін дəлелдейтін еңбектеріне шолу жасалды.
Қазақ тілі, тіл тарихы, графика мен орфография, тіл білімінің басқа да мəселелері бойынша пікірлері,
тұжырымдары, теориялық зерттеулері мен іргелі еңбектері сөз болды. Мақала авторлары ғалымның əр
кезеңде шыққан ғылыми басылымдарындағы тың, соны тұжырымдарының қазақ тіл білімінің, оның
кейбір салаларының дамуына қаншалықты маңызы болғандығын дəлелдеуге талпынды.
Кілт сөздер: зерттеуші, тіл білімі, қазақ тіл білімі, морфология, синтаксис, грамматика,
грамматикалық категориялар, шақ категориясы, сөйлем, құрмалас сөйлем, мəтін, күрделі синтаксистік
тұтастық.
Академик Р.Нұрғалидің сөзімен айтатын болсақ, «ғылыммен таза академиялық тұрғыдан
айналысқандардың» қатарында саналатын профессор Т.Р.Қодабаевтың есімі көпшілікке мəлім.
Тілтанудың қай саласында болсын өз сөзін айтқан ғалым екеніне артында қалған еңбектері дəлел.
Атап айтатын болсақ, тілдің жалпы теориясы, тілді оқыту мəселелері, қазақ тілінің морфологиясы,
қазақ тілінің синтаксисі, қазақ тілінің жəне əдеби тілдің тарихы, түркітану жəне қазақ тіл білімінің
тарихы сияқты мəселелермен айналысқан зерттеушінің мол мұрасы бүгінде ғылым игілігіне қызмет
етуін жалғастыруда.
Ғалымның алғашқы ізденістерінің нəтижесі қазақ тіліндегі етістіктің шақтары туралы
кандидаттық диссертациясы болып табылады. Кандидаттық диссертация негізінде жазылған «Қазіргі
қазақ тіліндегі шақ категориясы» [1] атты монографиясында Т.Р.Қордабаев қазақ тіліндегі шақ
категорияларын жан-жақты талдап, етістік шақтарының жіктелуін ұсынады. Жалпы етістік қазақ
тілінде ауқымды, күрделі сөз табы болғандықтан, оның проблемалық мəселелері де аз емес.
Сондықтан ғалым еңбегінде етістік етістік екендігін көрсететін грамматикалық көрсеткіштерді
сипаттай келе, жалпы категория, грамматикалық категория дегендерді түсіндіреді. Етістіктің ең
басты белгісі — сөйлемде іс-əрекетті білдіруі болса, оның келесі белгісі — шақтық қасиеттің
етістіктің табиғатына қаншалықты қатысы бар екендігінде дегенді айта келіп, «шақ категориясы —
етістікке тəн категория. Ол етістікті басқа сөз таптарынан бөліп көрсететін басты белгінің бірі. Ал
етістіктің жаққа бөлінуі немесе жақталуы етістік біткеннің барлығына ортақ қасиет бола алмайды»
[1; 40] деп қорытады.
Етістіктің сөз табы ретінде табиғаты өте күрделі. Себебі ол іс-əрекетті білдіретін сөздерден ғана
емес, есім сөз таптарына түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы да жасалады. Ал егер етістік не
баяндауыш есім сөздерден болса, шақ мəселесі қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан ғалым «қазақ
тіліндегі шақ категориясы етістікке, дəлірек айтқанда, етістік баяндауыштарға тəн категория деп
қарауымыз керек» [1; 39] деп нақтылай түседі. Осылайша кейбір ғалымдардың айтуындағы қазақ
тіліндегі есім баяндауыштар да шақты білдіретініне қарсылық білдіреді.
Профессор Т.Р.Қодабаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» атты еңбегіндегі
пікірлері мен тұжырымдарын қорытындылай келгенде, етістік шақтарының жіктелуі кестесінде
берілген етістік шақтары мен оның өзіндік түрлерінің «Қазақ грамматикасында» [2] берілген етістік
шақтары түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ екендігін байқауға болады.
Екеуінде де етістіктер үш шаққа бөлінген (осы шақ, келер шақ жəне өткен шақ), бірақ шақ түрлерінің
іштей жіктелуі барысында кейбір түрлері басқа терминмен (мəселен, жалпы осы шақ,
айғақты/айғақсыз өткен шақ, сенімді/сенімсіз келер шақ) аталғанын айта кету керек.
Зерттеуші Т.Т.Пірімбетовтің айтуынша, соңғы жіктеу бұрын-соңды зерттеулердің іріктеліп,
сұрыпталып, бұл жайында айтылған ой-пікірлердің қорытындысы болса, жарты ғасырдан астам
уақыт бұрын жасалған профессор Т.Р.Қордабаевтың шақтық жіктелу кестесі жалпы етістіктерді
грамматикалық көрсеткіштеріне қарай емес, контекстік мағынаға сүйенудің нəтижесінде пайда
Г.Х.Əбдірахманова, Б.А.Қалиев, А.С.Жарылғапова
58
Вестник Карагандинского университета
болған. Сондықтан автор етістіктің шақ категориясына арналған бұл еңбегінде «контекстік
мағынасыз шақ мəселесін сөз етудің қажеті жоқ» екенін ескертіп отырады [3].
ХХ ғасырдың 60-жылдары Т.Р.Қордабаев синтаксис саласында талмай еңбек етіп, 1961 жылы
шыққан «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис» [4] атты оқулықтың құрмалас сөйлем бөлімінің авторы
болады. Құрмалас сөйлемнің көптеген мəселелерінен хабар беретін бұл зерттеу кейін толықтырылып,
үш рет басылған. Еңбекте құрмалас сөйлемді классификациялап, оның компоненттерінің бір-бірімен
байланысу тəсілдерін айқындап береді. Ғалымның сөзімен айтсақ, «салаластың, сабақтастың əр
түрінің қалай жасалатыны, қандай тəсілдер арқылы құрмаласатыны нақты тілдік фактілер негізінде
қарастырылған». Бұған дейін төртке бөлініп келген салаласты зерттеуші сегіз мағыналық топқа
мезгілдес салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, талғаулы салалас, түсіндірмелі
салалас, кезектес салалас, салыстырмалы салалас, шартты салалас деп бөліп, жасалу жолдарына
қарай жалғаулықты-жалғаулықсыз деп топтайды [4; 79, 80]. Сабақтас құрмалас сөйлемнің де өзіндік
белгілерін нақтылап, компоненттерінің бір-бірімен байланысу тəсілдерін көрсетеді. Сабақтас
құрмалас компоненттерін байланыстырудағы етістіктің көсемше, шартты рай, есімше тұлғаларының
қызметін ерекше атап, ғылыми тұрғыдан дəлелдейді.
Синтаксистің «мəтін», «күрделі синтаксистік тұтастық» деген бірліктерін қазақ тілінде алғаш
атап, оларды зерттеу мəселесін көтерген ғалымның «Тарихи синтаксис мəселелері» деген еңбегі
болатын [5]. Егер зерттеуші құрмалас сөйлем мен синтаксис теориясымен түбегейлі айналыспаса,
синтаксистік тұтастыққа өз көзқарасын білдірмеген болар еді, оны зерттеуге ден қоймаған болар еді,
оның тілдік фактор ретінде кездесетініне де назар аудармаған болар еді. Демек, бұл жаңалықты
ғалымның бірнеше жылдық ізденістерінің жемісі, ғылыми нəтижесі ретінде қарастыруға болады.
Қазақ тілінде күрделі синтаксистік шумақтар проза жанрында да, поэзия жанрында да кездесетінін
Абай өлеңдерінің, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қобыланды батыр» жырларының материалында
дəлелдейді. Бұл пікірдің дұрыстығын кейінгі толқын зерттеушілерінің, тілші ғалымдардың еңбектері
дəлелдеп отыр. М.Серғалиевтің пайымдауынша, Т.Қордабаев «синтаксистік күрделі бірлік» деген
атауды ұсынған. Бірақ қазіргі кезде «синтаксистік тұтастық» деген терминнің қалыптасып,
тұрақтағандығы баршамызға белгілі.
Ғалымның ХV–ХІХ ғасырлар материалдары арқылы, əсіресе «Жамиғ-ат тауарих» пен «Шежіре
түрк» тарихи шығармалар негізінде септік жалғаулар синтаксисі, демеулер синтаксисі,
жалғаулықтар синтаксисі деп саралауы өз уақытында соны жаңалық болғаны сөзсіз. Қазірде де бұл
мəселе өзектілігін жоғалтқан жоқ деуге əбден болады. Себебі аталған салалар кем дегенде екі тілдік
бірлікті байланыстырудың басты амалдары болып табылады. Қазіргі уақытта құрмалас сөйлемнің
мағыналық топтары барынша жетілді, дамиды, құрмалас сөйлем бөліктеріндегі интонациялық жік,
оны салаластыру жəне сабақтастыру, жеке шылаулар мен баяндауыш тұлғаларының қызметі де
біршама нақтыланды. Қалай дегенде де, олардың барлығы өз бастауын Т.Қордабаевтың еңбектерінен
алады.
Профессор Т.Қордабаев қоғамның өзгеруіне қарай тіл салаларының да өзгеретінін айта келе,
«тілдің синтаксистік құрылысы онша өзгерімпаз құбылыс емес. Тіл фактілері оның ұзақ жасайтын
тұрақты категория екендігін байқатады» дейді [5]. Бұл салада да ғалымның сіңірген еңбегі зор
екендігіне тағы да көз жеткіздік.
1966 жылы жарық көрген «Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» атты монографиясында жазба
ескерткіштер тілінде құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерге қарағанда сирек кездесетінін айтып,
оларды құрмаластың салалас жəне сабақтас түрлеріне топтастырады. Олардың жасалу жолдарын,
мағыналық қатынастарын ажыратып, қазіргі кездегі құрмалас сөйлем түрлерімен салыстырып,
ұқсастық-айырмашылықтарын көрсетеді [6]. Монографиялық зерттеуді құрмалас сөйлемнің
қалыптасу жəне даму жолдарын қарастыру барысында өзіндік орны бар еңбек деп бағалауға негіз
бар.
Өткен дəуірлердің бір кезеңінде жазылып қалған материал тілінің қазіргі тілімізге сай келмеуі
табиғи құбылыс екендігін айта отырып, қазіргі əдеби тіліміз тұрғысынан алғанда жат көрінетін, бірақ
ертеректегі жазбаларымызда жиі қолданылған көне формалардың, көне шылаулардың, синтаксистік
көне конструкциялардың басқа түркі тілдерімен қатар бір кездегі қазақ тілі үшін де өз элементі, өз
тумасы болуы əбден ықтимал деп жорамалдайды. Автор қазіргі қазақ тілінде қолданылатын
мəселенки, егерки, мінеки, кəнеки, бəлки сияқты сөз соңындағы -ки көне жазуларда жиі кездесетін
сабақтастырушы жалғаулығының қалдығы екенін, болашақ, келешек, барашақ, берешек дегендердегі
-ашақ, -ешек қосымшалары көне жазбалардағы -ажағ, -ежег дегендердің өзгерген түрі екенін, көне
Профессор Т.Р.Қордабаев еңбектеріндегі тіл білімінің ...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
59
жазуларда жиі кездесетін -ық, -ік қосымшалары да «Ұлық болсаң, кішік бол» деген сияқты
конструкцияларда əлі де болса кездесетінін дəлелдей отырып, бұны қазақтың жазба тілінің, əдеби
тілінің қалыптасу тарихындағы бір кезеңі, бір дəуірі екендігін ескеруіміз тарих үшін де, тіліміз үшін
де маңызды деп қорытындылайды.
Осы тұста ғалымның əдеби тілдің, қазақтың əдеби тілінің тарихына арналған мақалалары мен
зерттеулері де өз алдына арнайы сөз етуді қажет ететінін ескертеміз. Олар жайында басқа
мақаламызда кеңінен айтылғандықтан, бұл жерде Т.Қордабаевтың графика мен орфографияға
қатысты ойын келтіруді жөн көрдік. Жазуымыз қандай əліппеге негізделуі керек деген мəселе
бойынша «кириллицаға негізделген қазіргі əліппеміздің өзі халықтарды орыстандырудың бір əрекеті
екені рас. Бірақ халқымыздың мəдени тарихында қолданылған төрт түрлі əліппенің төртеуі де
(«А.Байтұрсынов реформалаған араб графикасына негізделген жазу», «Құлпытасқа түскен ізінен
басқа ештеңесі жоқ көне түркі əліппесі», «Есіңнен тандырарлық кереметі бар латын əліппесі» жəне
кириллица) қазақ халқы үшін де, басқа түркі халықтары үшін де бұрыннан болған жазуларға
негізделген туынды əліппелер. Түркі халықтары, олардың ішінде қазақтар да ол əліппелерді өз
тілдерінің дыбыстық жүйелеріне лайықтап қолданды. Сондықтан əліппе таңдауда оның шыққан тегін
басшылыққа алу — адасқандық» дей келе, «жарты ғасырдан астам уақыт бойында мəдени, рухани
өміріміздің барлық санасына əбден сіңісіп, берік орныққан, халқымызды жаппай сауаттылыққа
жетілдірудің, ғылым, білімімізді, əдебиетіміз бен өнерімізді дамытудың ең тиімді де сенімді құралы
болып келе жатқан жазуымызды өзгерте салу оңай шаруа еместігін» ескертеді. Өйткені «қазіргі
əліппемізбен жарық көрген ұшан-теңіз тарихи, мəдени, ғыылыми мұраларымыздан болашақ
ұрпақтарымызды тағы да, үшінші рет, мақұрым қалдырмаймыз ма? Үшінші рет халықты
сауатсыздыққа душар етпейміз бе?» деген сауалдар арқылы бүгінде өзекті де өткір мəселелердің
қатарында тұрған əліпбиді өзгерту/өзгертпеу туралы мəселеге өз көзқарасын білдіреді.
Тағы бір соны, тың туынды ретінде 1975 жылы жарық көрген «Тілдің структуралық
элементтері» [7] атты зерттеуінде ғалымның сөйлемнің тиянақты ойды емес, жеке ойды білдіретіні
туралы пікірі өз дəлелін тапқан.
Өз зерттеулерінде ғалым А.Байтұрсыновты ерекше өнеге тұтқан: «Ахаң еңбектерінсіз
ғылымымыз тарихы туралы мəнді бірдеңе айту жалғандық болар еді» деп Ахмет Байтұрсынов
тағылымын тарқатып отырады [8]. Өйткені құрмалас сөйлемдерді мағыналық саралау алғашқы
тілтанымпаз А.Байтұрсынов ілімінде болғаны сөзсіз. Т.Қордабаев та ұлы ғұлама тілтанушы
А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлем түрлеріне қатысты тұжырымдарына сүйенеді.
Сонымен қатар Т.Қордабаев қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасу, даму жолында еңбек
еткен, құнды зерттеулерімен із қалдырған ғалымдардың бірі. 1991 жылы жарық көрген «Қазақ тіл
білімінің мəселелері» еңбегі 1995 жылы толықтырылып, өңделіп «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму
жолдары» деген атпен шығады. Бұл еңбектерде ғалым тілдің грамматикалық құрылысына, оның
ішінде морфологияға қатысты мəселелерді жеке қарастырады. Тіліміздегі сөздерді топтастыру мен
таптастырудағы ұстанымдар мен заңдылықтарды анықтау — морфологияның басты мəселелерінің
бірі екені анық. Т.Қордабаев та осы мəселеге қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, сөз
таптары деген мəселенің А.Байтұрсыновтың 1914 жылғы «Тіл құралы» еңбегінен бастау алатынын
айтады. Қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуді грамматика мен грамматикалық категорияларға
қатысты жалпы лингвистикалық мəселелер тұрғысынан шешу қажеттілігін ескертеді [9].
Т.Қордабаевтың тұжырымдауынша, қазақ тілін зерттеген түрколог-ғалымдардың ешқайсысы бұл
кезеңде, біріншіден, сөздерді таптарға бөлуде қандай принциптерге сүйену керектігін сөз еткен жоқ;
екіншіден, олардың барлығы да қазіргі терминология бойынша шылау сөз деп аталып, бір ғана топқа
жатқызылып жүргендерді союз, послелог, частица деп үш түрлі сөз табы ретінде қарайды;
үшіншіден, олардың барлығы да сөз таптарының атын атап, төрт-бес мысал келтіруден, əр сөз табына
тəн морфологиялық кейбір формаларды атаудан ұзамады.
Қазіргі грамматикамызда сөздерді таптарға бөліп топтастыру, яғни сөз таптарының лексика-
грамматикалық қызметі жағынан жіктелуі біршама жүйеленіп, бір негізге түсірілген. Дегенмен əлі де
шешімін таппаған даулы мəселелер жоқ емес. Ғалымның «тіл грамматикасының сыры ешқашан да
таусылмайды, ол толық ашылып сарқылмайды да. Оның алды ашық, сыры терең. Тіл грамматикасын
зерттеудің ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа созыла, жалғаса беретіні де сондықтан» [9; 94] деуі
тілдің үнемі даму үстінде болатын құбылыс екендігін дəлелдей түссе керек.
Қазақ тіл білімі саласында қомақты еңбек еткен ірі тұлға, профессор Т.Р.Қордабаевтың
лингвистикалық мұрасының аз ғана бөлігіне шолу жасау барысында оларда қарастырылған
Г.Х.Əбдірахманова, Б.А.Қалиев, А.С.Жарылғапова
60
Вестник Карагандинского университета
мəселелердің ғылым үшін маңызын терең түсіне отырып, бүгінде де өзектілігін жоғалтпағанын,
жалғасын тауып зерттеліп жатқанын айтқымыз келеді.
Əдебиеттер тізімі
1 Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. — Алматы: Қазақ мемл. оқу-пед. баспасы, 1953.
2 Қазақ грамматикасы. — Астана: Елорда, 2002. — 122-б.
3 Пірімбетов Т.Т. Шақ категориясы (Т.Р.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» еңбегі негізінде). —
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 69, 70-б.
4 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. — Алматы: Мектеп, 1966. — 176 б.
5 Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. — Алматы, 1964. — 19-б.
6 Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. — Алматы, 1966. — 19-б.
7 Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. — Алматы, 1975.
8 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мəселелері. — Алматы: Рауан, 1991. — 4-б.
9 Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. — Алматы: Рауан, 1995. — 175-б.
Г.Х.Абдрахманова, Б.А.Калиев, А.С.Жарылгапова
Некоторые вопросы языкознания в трудах профессора Т.Р.Кордабаева
В статье дан обзор научным исследованиям известного ученого лингвиста Толеубая Рахимжановича
Кордабаева. Своими исследованиями ученый внес значительный вклад в развитие языкознания и, в
частности, казахского языкознания. Его труды посвящены вопросам морфологии, синтаксиса,
исторического синтаксиса, графики и орфографии, истории казахского литературного языка, а также
многим проблемам грамматики. Авторами статьи проанализированы фундаментальные исследования
и монографии профессора, отмечена их научность и новизна.
G.H.Abdrakhmanova, B.A.Kaliev, A.S.Zharylgapova
Some questions of linguistics in works of professor T.R.Kordabayev
In article the review is given to scientific researches and works of the known scientific linguist Toleubaya
Rakhimzhanovich Kordabayev. The researches the scientist made the significant contribution to development
of linguistics and the Kazakh linguistics. Its works are devoted to questions of morphology, syntax, historical
syntax, graphics and spelling, history of the Kazakh literary language, and also many problems of grammar.
Authors of article analyze basic researches and monographs of professor, emphasize their scientific character
and novelty.
References
1 Kordabayev T.R. Category of time in the Kazakh language, Almaty: Kazakh state educational and pedagogical publ. house,
1953.
2 Kazakh grammar, Astana: Elorda, 2002, p. 122.
3 Primbetov T.T. Kategoriya of time (on T.R work. Kordabayev «Category of time in modern Kazakh language»), Karaganda:
Publ. house HAG, 2005, p. 69, 70.
4 Balakayev M., Kordabayev T. Modern Kazakh language. Syntax, Almaty: Mektep, 1966, 176 p.
5 Kordabayev T. Problems of historical syntax, Almaty, 1964, p. 19.
6 Kordabayev T. Syntax of the Kazakh written monuments, Almaty, 1966, p. 19.
7 Kordabayev T. Structural elements of language, Alma-Ata, 1975.
8 Kordabayev T. Questions of the Kazakh linguistics, Almaty: Rauan, 1991, p. 4.
9 Kordabayev T. Ways of development and formation of the Kazakh linguistics, Almaty: Rauan, 1995, 175 p.
Қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелеуші...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
61
ƏОЖ 81’
М.Қ.Жүнісова, С.Ə.Рахымберлина
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: zhunusovamk@mail.ru)
Қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелеуші портреттердің берілуі
Мақалада қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелейтін портреттердің берілу жолдары қарастырылды.
Əңгіме мəтінінің құрылымда бастапқы сөйлем (абзац) жəне соңғы сөйлемнің (абзацтардың) атқаратын
қызметі анықталды. Авторлар бастапқы сөйлемдердің негізгі функциясы шығарманың басталу
тартымдылығына қызмет етуі, ал соңғы сөйлемдердің (не абзацтың) негізгі функциясы шығарманың
əсерлі аяқталуына қызмет ету екенін нақты мысалдар негізінде дəлелдей отырып, олардың шекара
айырымдық та (делимитативтік, демаркативтік те) қызмет атқаратынын анықтады.
Кілт сөздер: əңгіме, бейнелеуші, кейіпкер портреті, суреттеу, бастапқы сөйлем (абзац), соңғы сөйлем
(абзац).
В.П.Николаева
«Бастапқы
жəне
соңғы
абзацтардың
құрылымдық-композициялық
ерекшеліктері» деген ғылыми мақаласында бастапқы жəне соңғы абзацтар атқарар қызметі жəне
құрылымдық ерекшеліктері арқылы ерекшеленетіндігін айтады. Сондағы автор атап көрсетілген
басты ерекшеліктердің бірі — əңгіменің бастапқы абзацында қатысушы адамдарды таныстырып өту.
Бастапқы сөйлемде басты персонаждарды оқырманына таныстыру мақсатында оларды портреттік
суреттеу арқылы көрсетеді. Портреттік суреттеулер көбінесе автор баяндауында кездеседі.
Мысалдарды көрейік:
1. Құс жастықтың үстінде ауық-ауық ұйқысырай аунақшып жатқан аққұбаша, сүйкімді
əйелдің оң жақ көзінің астындағы қара меңі соңғы күндері көрінер көзге үлкейіп, айқындала
түскендей, тіпті оның сынық өңінде ақ тақтайдың бетіне тамып кеткен қара сиядай баттиып
тұр (М.Сүндетов. Əкемнің көзі).
2. Суыт жортып келе жатқан қос салт аттының бірі — дөңгелек жүзді, балғын өңді, бұғағы
ақ мамықтай үлбіреген еркетотай да, екіншісі — иі жұмсақ ұрты салбыраған салпы ауыз, шойын
қара (Ж.Қорғасбеков. Шіркін, Шекер).
3. Орта бойлы, кеспелтек қара кісі шатқалдың күншығыс жақ бүйірінен шыға келді де,
алқынған демін баса алмай, айналаға алақтай қарап тұрды (С.Омаров. Тау ішінде).
4. Ұршықтай домаланған, аласа бойлы қара шал мұны қолымен көзін көлегейлей қарсы алды
(Ш.Күмісбайұлы. Төркін).
Мысалдардағы сыртқы келбеті суреттеліп отырған кейіпкерлер есімі беймəлім. Қаламгерлер
оқырмандарына экспрессивті əсер ету мақсатында — кейіпкерлердің сыртқы портретін суреттей
беріп, олардың атын атамай «жұмбақ» күйінде көрсетуі, оқырман назарын аударып, сол
кейіпкерлердің кім екендігін білмекке шақырады.
Г.Сəрсəке «Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерді мінездеуші тілдік-стильдік тəсілдер»
атты кандидаттық диссертациясының авторефератында портретті: портрет-ситуация жəне портрет-
деталь деп екіге бөліп қарастырады. Портрет-ситуация белгілі бір жағдай үстіндегі кейіпкердің сырт
тұлғасының өзгерісін, қимылын суреттейтін портрет түрі дейді. Ал портрет-деталь кейіпкердің кескін
тұлғасының, қимыл-қозғалысының бір ғана бөлшегін суреттейтін түрі деп көрсетеді. Жоғарыдағы
берілген портреттік суреттеулерді портрет-деталь түріне жатқызамыз:
Құс жастықтың үстінде ауық-ауық ұйқысырай аунақшыған, оң жақ көзінің астында қара меңі
бар сынық жүзді сүйкімді əйел; дөңгелек жүзді, балғын өңді, бұғағы ақ мамықтай үлбіреген
еркетотай жəне иі жұмсақ, ұрты салбыраған салпы ауыз, момын қара; орта бойлы кеспелтек қара
кісі, əжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалаған кейуана, бет-аузында
қыл-қыбыр атаулыдан ырым жоқ, дөңгелек бет, толған ұршықтай домаланған, аласа бойлы қара
шал-дар оқырманын (тыңдаушысын) елеңдетіп, олар кім екен?, автор бұлардың аты-жөнін ашып
айтпай, осылай суретін ғана беріп отырған жандар туралы қызығушылықтары арта түседі. Бастапқы
сөйлемдердегі портрет-детальдар кейде шағын болып жай сөйлем арқылы берілсе, кейде құрмалас
сөйлем арқылы беріледі:
1. Қауынбай — алаң көз, иықты келген төртбақ, аққұбаша жігіт. (Ə.Ақпанбет. Бір ауыз өлең).
М.Қ.Жүнісова, С.Ə.Рахымберлина
62
Вестник Карагандинского университета
2. Əбіш он үш-он төрттегі нəзіктеу ақ сары бала.
3. Əбдірəсіл зəу-заты момындау кісі (М.Рахманбердиев. Семинар).
4. Ауаткомның жерге орналастырушы бөлімінің бастығы Шормақов дембелше, жүріс-тұрысы
ылдым-жылдым, қимылы ширақ, мінезі шалт кісі (Ж.Шаштайұлы. Жерге орналастырушы).
5. Профессор Ардабай Жакенов сұңғақ бойлы, ақсары кісі, мінезі жұмсақ, күліп сөйлейді,
шамасына қарай қолы да ашық, жатып атар юмордан да құралақан емес, кейде бір көңілі шалқып-
тасыған кезде əңгіме айтып жұртты мəз қылатыны бар (Ə.Тарази. Қарабай).
Бұл бастапқы сөйлемдердегі портрет-деталь мысалдардың алдыңғы мысалдардан басты
айырмашылығы кейіпкерлер беймəлім, белгісіз біреу емес, өз атымен аталады, тағы бір айта кететін
жайт — баяндауыштары есім сөздерден жасалған.
Қаламгерлер бастапқы сөйлемде кейіпкерлердің портретін бере отырып, сол арқылы олардың
кім, қандай адам екендіктерін таныта кетеді. Бастапқы сөйлемде авторлар кейіпкер портретін
бергенде кейде сырт келбетін ғана бейнелесе кейде сырт бейнесімен қоса, мінез-құлқында суреттейді,
енді бірде кейіпкердің белгілі бір жақтарын ғана суреттеп көрсетеді. Бастапқы сөйлемде басты
кейіпкерді оқырманына таныстыру мақсатында оларды портреттік суреттеу арқылы көрсетеді.
Алдыңғы үш мысал көлемі шағын, ықшам құрылған сөйлемдер тек сыртқы бейнесі мен жас
ерекшелігін аңғартып өтсе, кейінгі мысалдарда кейіпкерлер анағұрлым толығырақ суреттелген.
Олардың сырт келбетімен қоса мінез-құлқымен де біршама таныса аламыз. Көркем портрет —
кейіпкерлердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын, киім киісін, жүріс-тұрысын суреттеу. Сондықтан,
портрет те кейіпкерлерді мінездеуші амалдардың бірі болып табылады [1; 65]. Бастапқы сөйлемде
жазушылар кейіпкерлерді бір жағдай үстінде сырт бітімінің өзгеріс-қимылын суреттейтін портрет-
ситуация арқылы да танытады:
1. Кемпір, сандықтың түбіндегі қара пəпке мен қаламсапты əперші, — деді Бұқпа төр алдында
жамбастай жантайып, түнере ойланып, тартпалы қара судай қарауытып, тылсым сазарған
қалпынан, əлденеге оқталғандай, оқыс бас көтеріп, етек-жеңін жинай түзеліп (Б.Шаханов.
Білдіріс).
2. Кешкісін қойды қоралап болып, үйге кіргенінде Естеместің бүгін тағы да қатпа қара жүзі
бусанып, мұрнының ұшы тершіп, көзі майланып келгенін əйелі Жаңыл айнытпай білді:
– Немене, бірдеңе ішкенсің бе? — деді. (Б.Аманшин. Бір қой қалғанша).
3. Шілдекеңнің керзі етіктің қонышындай қара бұжыр дидарынан күлкінің нышаны байқалады
(К.Сегізбаев. Тамыр).
4. Ағайынды екі жігіт, үлкені Арыстан мен оған тете өскен Барысхан, ингуш өңдес қою қара
қасты, көзі тостағандай аққұба келіншектің қолындағы тілкемдей сары қағазға дұғалап қойғандай
ұзағырақ тесіле қарап қалды.
5. Тұршабай төсектен көзінің алды күлтеленіп, беті ісіңкіреп тұрды (С.Шаймерденов. Селдің
екпіні).
Бірінші мысалдағы портреттік суреттеме оқырманына өте эмоционалды-экспрессивті
қабылданады. Адам жанын шошындыра түсетін суреттеулер (түнере ойланып, тартпалы қара судай
қарауытып, тылсым сазарған қалпынан, əлденеге оқталғандай, оқыс бас көтеріп, етек-жеңін
жинай түзеліп) кейіпкердің тегін адам емес екендігін аңдатады. Автор осылайша кейіпкер болмысын
мінездей отырып, оның жан-дүниесінің, қандайлығын, қара жүректі озбыр адамға лайық жан
екендігін көрсетеді. Портреттің ең күрделі міндеттерінің бірі — адамның сыртқы келбеті арқылы
жеке басының психологиялық жай-күйін, адам жанының ішкі дүниесін ашып көрсету [2]. Кейінгі
мысалдағы басты персонаждың (Естеместің) портретін парықсыз адамның келбетін көрсек, кейінгі
мысалдардағы персонаждардың (Шілдекеңнің, келіншектің, ағайынды екі жігіттің, Тұршабайдың)
белгілі бір жағдай үстіндегі сырт бейнесін ғана аңғартып, олар туралы оқырмандарға əсер
қалдырады. Көркем сөз иелерінің өзіндік стильдік ерекшелігінің ұтымды бір əдісі — кейіпкер өзін-өзі
сипаттай көрсетуі.
1. Мен өте кекшіл адаммын, дұшпандарымды кешіре алмаймын (Т.Əбдікұлы. Жат перзент).
2. Мен өте арық, əлсіз адаммын. (Т.Жанұзақов. Ауырмай есімнен жаңылғаным).
Кейіпкер монологі арқылы берілген өзін-өзі сипаттайтын портреттік суреттеулерде кейіпкердің
ішкі жан дүниесінен жарып шыққан жүрекжарды баяндаулары арқылы сипатталған. Бірінші кейіпкер
өзін өте кекшіл адаммын, дұшпандарымды кешіре алмаймын десе, екінші кейіпкер өте арықтығын,
əлсіздігін суреттей баяндайды. Кейіпкерлердің бұлайша өзін-өзі сипаттауы жұмбақ. Сөйлемдер
семантикалық жағынан əрі қарай дамытуды көздейді. Кейіпкерлер өз ойларын жалғастырып, өздері
Қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелеуші...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
63
туралы бір тылсым сырды ашпақшы. Бұл сипаттаушы сөздерді автор айтқаннан гөрі кейіпкерлердің
аузынан шығуы əрі эмоционалды, əрі экспрессивті əсерде қалдырады. Кейде бастапқы сөйлемде
кейіпкерлер əңгімеге қатысушы екінші бір адамды оқырмандарына өздері таныстырады. Мысалы:
Астананың іргесіндегі белуарын шырша мен қарағай көмкерген тау сілемінің біріне орналасқан
демалыс үйінің тар бөлмесінде бұйра шашты, қоңқақ мұрын, сүйекті келген Жомарт деген жігіт
екеуміз жатамыз. (Н.Қапалбеков. Үркер көрінгенде). Кейіпкер І жақтан баяндай келе, екінші бір
кейіпкердің портретін ұсынады. Əдетте автор кейіпкерді сипаттап, жеке портретін бейнелесе, мына
мысалда кейіпкер екінші бір кейіпкердің портретін сипаттай көрсетеді. Бастапқы сөйлемдерде
кейіпкерлерді портреттік суреттеулермен, мінездеулермен таныстыру — əңгіме өзегі болып отырған
персонаждардың қандай жандар екені жайлы хабардар етсе, əңгіменің соңғы шеніндегі портреттік
суреттеулер əңгімедегі болған жайға қатысты кейіпкерлердің сыртқы портретін береді.
1. Міне, педагогикалық институттың залында надан шикіл сары мен аңғал, құбаша ақынды, ұр
да жық, тіл көз сыншыны тыңдап отырып, менің көз алдыма осы бір оқиға келген еді
(С.Шаймерденов. Қолтаңба).
2. Сол күйі домаланып барып шұңқырға күмп ете түсті. Түйелі кісінің бойындай шұңқырдың
түбіне ұмар-жұмар құлап түскен Жетпісбай тілін тістеген күйі одан əрі көзін жұма берді.
(М.Рахманбердиев. Ел шетінде).
Бірінші мысалдағы портрет-детальдағы синекдоха тəсілімен берілген надан шикіл сары-ға
берілген анықтауыш, ретінде қолданылып, аңғал құбаша ақынды, ұр да жық, тіл көз сыншыны
суреттеп тұр. Келесі мысалдағы Жетпісбай қарттың тілін тістеген күйі отырысы, екі түрлі мағынаны
білдіреді: 1) болған оқиғаға өкінген кейіпкердің күйзелісін көрсетудегі — фразеологизм; 2) шұңқырға
құлап түскендегі тілін тістеуі. Əңгіме мазмұнымен танысқан оқырман қауымы автордың образды
шешімін осылай түсінетін сияқты. Кейбір бастапқы сөйлемде кейіпкердің өзін-өзі сипаттауы автор
баяндауында беріледі: Пістекүл өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін жəне
көзі ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйелмін деп санаушы еді. (Д.Исабеков.
Есепшот, түйетауық жəне домино). Кейіпкердің өзін-өзі осылай жоғары санауы күлкі тудырады.
Сөйлемдегі фразеологиялық оралымдар (көзі ашық, өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйел)
оқырманын еріксіз жымитып, бас шайқатады. Əрине, бұндай кейіпкердің қандай адам екені оның өзі
туралы ойынан да көрініп тұр. Міне, автор болашақ кейіпкерінің кім екенін осындай
ерекшеліктерімен-ақ таныта кетеді. Зерттеуші Г.Сəрсеке: «Көркем шығармадағы портреттік
суреттеулердің құрамы негізгі үш компоненттен тұрады:1) адам денесі мен мүшелері; 2) киген киімі;
3) бет өзгерісі (мимика), дене қимылы (жест), денесін ұстау қалпы (поза). Портрет құрамындағы үш
тақырыптық топқа орай тілде мынандай терминдер жұмсалады: соматикалық (дене мүшелері),
вестиалды (киім-кешек), кинетикалық (қозғалыс)» [1; 66], — деп бұлардың əрқайсысына сипаттама
береді.
Бұлардың əңгіменің алғашқы сөйлемдерінде қолданылу жайы:
1. Аққудай иілген жас келіншек өзіне сұқтана қараған қалпы, үстіне қара мақпал камзолын
жамылып, басына аппақ орамалын салды. (Р.Мұқанова. Сормаңдай).
2. Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң, бет-аузын тыжырайтып, көзін жұмып, рақаттана
құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды
қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып
жіберді (Д.Исабеков. Ескі үйдегі жаңа қоныс).
Бұл сөйлемдердегі вестемалар (қара мақпал камзол, аппақ орамал) мен кинемалар (бет-аузын
тыржырайтып, көзін жұмып, құлағын шұқып) кейіпкерлердің осылай киінуінде, іс-қимылында
өзіндік сыр бар екенін аңғартады. Мысалы, екінші сөйлем кейіпкердің аса байсалды адам емес екенін
аңғартып тұр.
Экспозицияда «əдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай,
тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны» [3] мезгілі т.б., қысқасы,
сюжет кіріспесі суреттеледі, тағы да қажет мəліметтер беріледі:
1. Қоңыр күздің салқын, сұрғылт күні еді. (А.Шамкенов. Көңілсіз көрініс).
2. Жылымықтанған бұлыңғыр дала тылсым сырын ішіне бүгіп, тым-тырыс жатыр.
(Қ.Сыдықов. Жетім жұрт).
3. Аспан түнеріп, бұлт қоюлана бастады. (Қ.Аманов. Тағдыр).
4. Кейде үрейлі, кейде аянышты сол бір ызың. (Ш.Мұртаза. Соңғы нəсіп).
М.Қ.Жүнісова, С.Ə.Рахымберлина
64
Вестник Карагандинского университета
5. Даланың соншама мұнартып, мұңайып жатқаны несі? (С.Сəлімбаев. Тоған түбіндегі
тостаған).
Табиғат құбылысына қатысты берілген бұл баяндау-сипаттаулардан əңгіме сюжетінің қалай
өрбитініне жасырын мегзеу барын түсіну қиын емес. Əрине, авторлар табиғат құбылысын текке
осылай суреттеп отырған жоқ, демек, сөйлемдері жай нақты ақпарлық (фактуальная информация)
сипатта түзіліп тұрған жоқ, ассоциациялы астармен беріліп (подтекстовая информация) тұр.
Сондықтан оқырман бұларды табиғатпен байланыстырыла мегзелген мəнде қабылдауға тиіс.
Айталық, бірінші мысалдағы күздің қоңыр эпитетімен, оған қоса күн-нің əрі салқын, əрі сұрғылт
болып сипатталуы мəтіндегі əрі қарай баяндалар оқиғаның көңілді емес, жағымсыз болатынын
білдіріп тұрғаны сөзсіз. Екінші мысалдағы бұлыңғыр дала-ның кейіптеу тəсілімен бір тылсым сырды
бүгіп тым-тырыс жатуы да оқырманына жағымсыз эмоциялы ретте қабылданады. Өзі жылы да
емес, жылымықтанған бұлыңғыр даланың адамша сырын ішіне бүгіп жатуында да бір сыр бары
талассыз. Келесі 3, 4-мысалдар да сөйлемнің ішкі мəніне тереңірек үңіле түсуді қалайды, бұлар да
кейіпкерлердің алдағы тағдырының қандай боларын аңдатқандай ретте тұр. Ал соңғы мысалдағы
риторикалы сұраулы сөйлем оқырманды селт еткізетіндей мазмұнға ие. Мұндағы сұрақ біреуге
қарата айтылған сияқты көрінгенмен, шынында, ол жеке адамға емес, заманға қойылған сұрақ тəрізді.
Əңгіме мазмұны осыны аңғартады. Ал сөйлемнің риторикалық сипатында автордың айтайын деп
отырған ойына екпін түсіру арқылы оны актуалдандыруды көздегендік тұрғаны сөзсіз. Сондай-ақ
сөйлемдегі мұнартып, мұңайып етістіктері, соншама үстеуі сөйлемнің эмоциялық бояуын
қалыңдатып жағымсыз əсер туғызатын сипатын күшейтіп тұр.Тағы да бірер мысалды көрейік:
1. Сұрғылт та сұрықсыз аула іші құдды мола кейпіндей. (Ə.Салықбаев. Құрдым).
2. Бөлме шағын, іші қаракөлеңке. (Қ.Жүсіпов. Қара түнек).
3. Беймезгіл уақыт. (О.Сəрсенбаев. Сыйлық).
4. Қоңыр кеш... Қоңыр күй... (К.Ахметбеков. Домбыра сазы).
Жоғарыда талданған мысалдар семантикалық тұрғыдан табиғат құбылысымен жарыстырыла
(параллель) тұспалданып түзіліп, оқырманына алдағы болар жайттың қандай ыңғайда болатынынан
сыр беріп тұрса, мына мысалдарда оқиғаның, іс-əрекеттің басталар тұсындағы мезгіл мен мекен
сипатталып, бірақ баяндалатын оқиғадан жақсылық күттіретін ыңғай-мазмұнды емес, əйтеуір бір
көңілсіз жағдайлар болатындығын сездіріп тұр. Мəселен, 3-мысалдағы беймезгіл, осы сөзге синоним
бейуақ — жағымсыз мəнді сөздер. Ертедегі наным-сенімге байланысты кешкі апақ-сапақ мезгіл, бей
префиксімен келген сөз «беймезгіл», əйтеуір, бір қолайсыз жағдайдың болатындығынан хабар
аңғартқандай. Соңғы мысалдардағы қаракөлеңке, эллипсисті құрылыммен келген қоңыр кеш, қоңыр
күй атаулы сөйлемдері күйкі тірлік, көңілсіз жай-күйді сездіреді. Қоңыр, қаракөлеңке сөздерінің
семантикасы осыны пайымдатқандай.
Бұл сөйлемдердің бəрі де шығарма сюжеті басталар алдындағы жай-күй, мезгіл, мекен т.б.
туралы кіріспе-мəлімет беру функциясында тұр.
Жоғарыда баяндалғандардан шығатын қысқа қорытынды — бастапқы сөйлемдердің негізгі
функциясы шығарманың басталу тартымдылығына қызмет ету екені. Мұнан соңғы сөйлемдердің де
(не абзацтың да) негізгі функциясы шығарманың əсерлі аяқталуына қызмет ету екені айқын
аңғарылады. Кейбір зерттеушілер соңғы сөйлемдердің (абзацтың) шекараайырымдық та
(делимитативтік, демаркативтік те) қызмет атқаратынын айтады. Əрине, бұлардың шығарманың
нақты аяқталу шегін білдіріп тұратыны — шындық. Біздіңше, мұндай шекараайырымдық функцияны
бастапқы сөйлемдер де атқаратыны күмəн туғызбауға тиіс, себебі бұлардың да құрылымдық,
стильдік, семантикалық бітім-болмысы шығарманың нақты басталу шекарасын анық аңғартып
тұратыны сөзсіз.
Əдебиеттер тізімі
1 Сəрсеке Г. Портреттің лексикалық құрамы // ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, əдебиет сер. — 1998. — № 3.
2 Тарақов Ə. Тарихи бейне портреті — шығарма ажары // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сер. — 2003. — № 7. — 3–5-б.
3 Сыздық Р. Сөз құдіреті. — Алматы: Санат, 1995. — 186-б.
Қазақ əңгімелеріндегі кейіпкерді бейнелеуші...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
65
М.К.Жунусова, С.А.Рахимберлина
Достарыңызбен бөлісу: |