1917 жылғы ақпан төҢкерісі 1917 ж. 23 ақпанда Петроградта кәсіпорын жұмысшыларының «Соғыс жойылсын!»


 Партияның баспасөз органы бекітілді:  «Қазақ» газеті (1913-1918 жж.)



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата21.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#142246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 

Партияның баспасөз органы бекітілді: 
«Қазақ» газеті (1913-1918 жж.)
.
Редакторы 
А.Байтұрсынұлы.
 

Қырғыз жерінде (Пішпекте) «Алаш» партиясының бөлімшесі құрылды. Оның жұмысына Ы.Жайнақов, 
А.Садықов, И.Арабаев, Н.Айдарбеков, В.Сооромбаев қатысты.
 

Съезде 
14 мәселе
қаралды: 
мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер 
мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство; халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер 
мәселесі; қазақ олыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман 
съезі; қазақ саяси партиясын құру
.
 
 
«АЛАШ» БАҒДАРЛАМАСЫ (1917 ж. 21 ҚАРАША) 
 

1917 ж. 21 қарашасында 
«Қазақ» газетінде
«Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды.

Алаш бағрламасы 
10 бөлімнен (тараудан)
тұрды. «Алаш» бағдарламасы бойынша Ресей федеративтік 
республикасының құрамында аумақтық-ұлттық автономиясын құруды қарастырды. Өз құрылымы 
бойынша партия бағдарламасы еуропалық мемлекеттердің конституциялық құжаттарын еске салды. 

Бағдарлама авторлары:
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы
, Е.Ғұмаров, Ғ.Жүндібаев. 

«Алаш» партиясының мақсаты

Ресей демократиялық федеративті республикасы құрамындағы 
қазақ автономиясын құру.
 
 
«Алаш» партиясы бағдарламасы (10 тарау) (1917 ж. 21 қараша) 
 
І тарау. Мемлекет қалпы 
Россия демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация 
мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. 
Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді). 
Үкімет басында Учредительное собрание мен Мемлекеттік Дума қалаушы кесімді жылға сайланатын президент болу. 
Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу. 
Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болады. 
Законды жалғыз Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада 
болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет