1917 жылғы ақпан төҢкерісі 1917 ж. 23 ақпанда Петроградта кәсіпорын жұмысшыларының «Соғыс жойылсын!»



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата21.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#142246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 
Ә.Бөкейхан 
және т.б. қазақ зиялыларының 
«Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары – қазақтарға!»
атты 
үндеуінен үзінді: 
«Ресей халықтары үшін бостандық, теңдік және туысқандық күні туды. Жаңа қоғам, жаңа үкіметті қолдау үшін 
қазақтар бірігуі тиіс. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туыстық байланыстарды күшейту 
қажет. 
Құрылтай жиналысы сайлануына дайындалып, оған лайықты кандидаттарды белгілеу қажет. «Бірлік пен әділдік 
жолында күресіңдер!», «Қазақы айтыстар мен отбасының ұрыс-керісін тастауға шақырамыз». Бірлік пен әділдік 
халықтың ұраны болуы тиіс. 
Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз – жаңа үкіметті қолдау және демократиялық 
республика орнату. Жерді мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру керек! Құдайдан 
басқадан қорықпаңыздар! 
Әділ әрекет жасап, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Азық-түлік ісі жөніндегі өкілетті уәкілге және майдандағы 
біздің жұмысшыларға көмек көрсетіңіздер. Халықтың пікірін хабарлаңыздар...» 



Кадет партиясы қазақ автономиясын құруға қарсы болғандықтан 1917 ж. Ә. Бөкейхан кадет 
партиясынан шығып, Алаш зиялылары ұлттық партияға құруға кірісті. 

Ә.Бөкейхан: «Таяу болашақта, қырғыз (қазақ) арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай 
екі саяси партия құрылуы мүмкін. Олардың бірі ұлттық-діни атанып, мақсаты – қазақтарды басқа 
мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі – батыстық бағытта».
 

1917 жылы 21-26 шілдеде
Орынбор қаласында 
Бірінші жалпықазақ съезі
өтті. 
 

Съезде 
«Алаш» партиясының құрылғаны
жарияланды. Партия құрамына 5 мыңға жуық адам 
тіркелді. Партия төрағасы: 
Ә.Н.Бөкейхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет