1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет142/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
жұмыстарын ұйымдастыруда ҽртүрлі жастағы балалардың ҿздеріне лайықты 
қызығулары болатынын ескеру қажет. 
Оқу басқа іс-ҽрекетке қарағанда оқушылардың қызығушылығы 
болғандықтан, олардың танымдық қабілеттері дамиды, соның арқасында 
дүниеге адамгершілік кҿзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады. Осы оқу 
арқылы олардың таным үдерісі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Кіші жастағы оқушылар үшін ана тілі сабақтары ҿмірді, ондағы адамдық 
қарым-қатынастарды 
түсінуге 
ашылған 
терезе 
іспеттес. 
Мұнда 
қайырымдылық, адалдық, бір-бірін түсіне білу, парыз жҽне басқа да кҿптеген 
түсініктердің алғашқы бастамаларының негізі қаланады. Ҽрине, осындай 
маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса салмайды.
Міне, сондықтан ана тілі пҽні мұғалімдері сабақ құрылымын құруда 
кҿркем сҿздер арқылы тек баланың санасына ҽсер етуді кҿздемей, бірінші 
кезекте баланың сезіміне ҽсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге 
жағдай жасайтын шығармалар арқылы шынайы ҿмірге кҿпір салуға ұмтылуы 
тиіс [2]. 
Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да 
мектеп бағдарламаларын игерудің негізі болып табылатын пҽн.
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаңдыққа, оқу мен түсініп 
оқуды қамтитын талдап оқуға үйренеді. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі 
ұзақ уақытты қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні білім беру ісінде жаңа кҿзқарастар пайда болып, 
оқытудың тиімді ҽдістері, яғни жаңа технологиялары кеңінен таратылып 
күнделікті сабақта қолданысқа енуде. Сҿздерді толық сҿздермен минутына 40 
сҿзден дауыстап оқу шапшаңдығы мҽтін мазмұнын түсінуге қол жеткізбейді. 
Бала минутына 60 сҿзден оқығанда жҽне сҿздерді толық оқуға қол 
жеткізгенде ғана мҽтін мазмұнын түсіне алады. Ал минутына 90 сҿзден 
дауыстап толық сҿздермен оқығанда бала оқыған мҽтінінің мазмұнын толық 
жҽне терең түсінуге қол жеткізеді, танымдық қабілеттері кеңейе түседі [3].
Міне, сондықтан мұғалімдер оқу техникасын, яғни белгілі бір уақыт 
ішінде баланың оқу техникасы бойынша білім, білік, дағдысын бақылауға 
алып отыруы тиіс. Егер бала оқуға қызықса, білгенін айтуға асықса, онда сҿз 
саптауы дұрыс деңгейде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Ҽр оқушыны 
ҿлеңді немесе мҽтінді дауыс ырғағын сала отырып мҽнерлеп оқуға үйретсе
жҽне ҽдеби шығармалар арқылы адамның жан дүниесін тебірентетін 
құдіретті күші мен эмоциялық қасиетін байқай білуге тҽрбиелеуде ана тілі 
маңызды рҿл атқарады.
Ҽрбір оқушы жарық жұлдыз болып жанатынына, олардың үнемі жұлдыз 
болып жанып, ҿз ана тілінің жанашыры болатынына, ана тілінде таза сҿйлеп 
тақылдайтынына, сҿздік қоры мол, бҽсекеге қабілеті бар, ҿз тілінің кемеңгері 
бола алатындарына сенімім мол. Ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздың
оқушысының жұлдыз болып жануы ҽрбір ұстаздың қағидасына айналуы 
тиіс. 


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет