41. Жер беті суларының ағуын ұйымдастыру Шағын аудан жолдары мен тротуарлары ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалысты есепке алып, жерүсті суларының дұрыс ағуын жүзеге асырылатындай етіп жобаланады. Шағын аудан ішіндегі жолдардың көлденең еңкіштігі негізінен бір еңкіштікті (15–25‰), ал қозғалысқа тиімді болуы үшін бойлық еңкіштігі 4–30‰ аралығында бөлуі тиіс. Жер беті сулары жолдардағы су қабылдағыштарға түсуі тиіс. Су арналары көшенің бір жағына, ғимарат орналасқан бетіне немесе қарама-қарсы жағына орналасуы мүмкін. Шағынаудандағы жолдарды вертикальды жоспарлауда оларды көшенің су арнасына байланыстырады Жер рельефіне сәйкес шағынаудан көшесі биікте орналасуы, яғни еңкіштік көшеден шағынауданға бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда ішкі жолда жасанды суайырғыш қарастырылады (4.8-сурет). Оның ұзындығы көшенің су арнасынан 25 м қашықтықта, еңкіштігі 10‰ дейін болуы тиіс. Ал жолдың қалған бөлігі шағынауданға сол жердің рельефіне байланысты жүргізіледі.
42. Қала көшелері мен жолдарының жол төселімі Жол төселімдері – көшелер мен жолдардың жүріс бөлігіне әртүрлі материалдардан төселетін құрылымдық қабаттар. Олар жолға түсеті есептік күштерге берік болуы керек, ал оның беткі қабаты, яғни жабыны – тегіс әрі кедір-бұдырлы болуы тиіс, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы қажет. Жер төселімдері жылдың кез келген мезгілінде рельссіз көліктердің үздіксіз қозғалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Жол төселімдері тегістелген жер төсемесінің тығыздалған бетіне төселіп, есепті жылдамдықтағы автокөлік қозғалысының қауіпсіз жүруін қамтамасыз етіп, әсер ететін климаттық факторларға қарсы тұра алуы керек. Жол төселімдеріндегі туындайтын қысымдар көліктердің өтуі кезінде тереңге таралады (7.1-сурет). Таралу тереңдігі жол төсеміне түсетін сыртқы салмақ мөлшеріне және топырақтың физика-механикалық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл жол төселімдерін көп қабатты етіп қарастыруға, әсер ететін күш көлеміне және табиғи факторлардың әсеріне байланысты төзімділігі әртүрлі материалдарды көп қабатты құрылымды жолдың әр қабатына жобалауға мүмкіндік береді. Жол төселімдерінің үстіңгі қабаттары, жабыны – көліктер мен маттық жағдайлардың тікелей әсеріне ұшырайды. Төменгі қабаттары жоғарыдан түскен күшті – төменгі төсеніш қабатына немесе астыңғы топырақты жер төсеміне беру үшін, сондай-ақ қозғалыс барысында туындайтын тербеліс амортизациясын басуға арналған. Жол төселімінің төменгі қабаттарына көлік дөңгелектері тікелей әсер етпейді; оларға түскен күш тереңдеген сайын баяулап, оларға әсер ететін күш салмағына байланысты әртүрлі төзімді материалдарды қолданумен көп қабатты құрылымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жол төселімдерінің көп қабатты құрылымы жергілікті материалдарды пайдалануға мүмкіндік беріп, құрылыс құнын арзандатады. Сыртқы күштердің әсерінен туындайтын созылмалы қысымды және пластикалық деформация жиынтығын қабылдау қабілеті бойынша жол төселімдері қатаң және қатаң емес болып бөлінеді. Қатаң жол төселімдері құмды немесе басқа негізге төселетін темір-бетонды (цемент төселімдерден) плиталардан тұрады. Қатаң жол төселімдерін жобалау серпілмелі негізге жататын плиталар теориясына негізделген. Плиталардың өлшемін анықтау үшін оған есептік күштердің әсерінен туындайтын иілгіш моменттің, көлденең және нормальды түсетін күштердің мөлшерін білуді қажет етеді. Қатаң емес жол төселімдері – әртүрлі асфальт-бетоннан (қара майлы бетон) дайындалған қабаттар, битуммен, цементпен, әкпен, жиын тықты және де басқа байланыстырушылармен бекітілген материалдар мен топырақтар, сондай-ақ әлсіз байланысқан түйіршік материалдардан (шағал, күл, ірі құмдар) дайындалған қабатты төселімдер.