17.Жүрек қызметінің реттелуі(жүйкелік,рефлекстік,гуморалдық) Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.
Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі.Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан, проприорецепторлардан, интерорецепторлардан, рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты (аорталық,сино-каротидтік, лөкпелік, Бейинбридж аймағы).
Жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі Әсері кезеген жүйке әсеріне ұқсас заттар ваготропты,ал симпатикалық жүйке әсері сияқты химиялық заттар симпатотропты заттар деп аталады.Қанға түрлі заттар қамтамасыз етеді (иондар, гормондар, медиаторлар және т.б химиялық заттар).
18. Жүрек қызметіне парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және олардың медиаторларының әсері. Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді. Олар симпатикалық және парасимпатикалық. Тамыр жүйкелерін тарылтатын вазоконстриктор (симпатикалық) одан кейінгісі тармыр жүйкелерін кеңейтетін вазодилаторлар (парасимпатикалық) деп екіге бөлінеді. 1851 жылы Клод Бернар деген француз ғалымы тәжірибе жасады. Тәжірбисінің маңызы симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан тамырларын тарылтатынын дәлелдеді. Тәжірибе ақ қоянға жасалды. Оның құлақ тамырларындағы симпатикалық жүйке жүйесін мойынға жақын жерден кесіп тастаса,тамырдың кеңейгені ешқандай құралсыз көрінді және құлақтың қызарғаны, 1-2 градусқа қызуының көтерілгені байқалды. Содан кейін кесілген жердегі жүйкені шеткі құлаққа жақын жерден ұшын тітіркендірсе, керісінше құбылыс байқалды. Яғни, құлақтың тамырлары тарылды, қызуы түсті, құлақ сұрғылттанып кетті. Бұл тәжірибенің қорытындысы: симпатикалық жүйке жүйесі қан тамырларын тарылтып, олардың тонусын жоғарлатады. Мұнымен қатар тамырлардың тарылуы мен кеңеюі сол жүкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторларға және рецепторлар түріне байланысты болады. Симпатикалық ганглийден кейінгі жүйкенің ұшынан-норадреналин және адреналин бөлініп,ал ганглийге дейінгі ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Норадреналин көбінесе альфа - адренорецептормен әрекеттесіп қан тамырларын тарылтады. Адреналиннің қан тамырларға әсері оның аз-көптігіне байланысты, тым көп боллса, адреналин бетта адренорецепторлармен әрекеттесіп, қантамырларын кеңейтеді. Ацетитхолин қан тамыры қабырғалырндағы салалы еттердің тонусын төмендетіп,түтігін кеңейтеді. Клод Бернар үш парасимпатикалық жүйке:сыртқы жыныс ағзаларын; Тілдің; сілекей бездерінің тамырлары кеңейетіндігін байқады.