11. Қан ұюын шапшаңдататын және баулататын факторлар. Шапшаңдататын: 1.Ыдысқа құйылған қанды тез ұйыту үшін оның қызуын 370С дейін көтеру қажет,осындай ыстыққа қан ферменттерінің әсері күшейеді.
2.Қанға кальций тұзы ерітіндісін құйса,қан тамырында да,пробиркада да қан тез ұйиды.Желатин қосса да қан ұюы шапшаңдайды.
3.Денеде «К» витамині (викасол) көбейсе қан тез ұйиды.
4.Қан ағып тұрған жараға тромбин ерітіндісіне малынған тампон басса ол тез ұйиды.
5.Қан ағып тұрған жерге гемостатикалық қан фибринмен жасалған кеуек зат жабыстырса, ол тез тоқтайды.
6.Бүтіндігі бұзылған тін құрамында тромбопластині көп жолақ ет,іш майы кесіндісін не тін сығындысына малынған тампон басса, қан тез тоқтайды.
7.Қанға адреналин қосса, XII плазмалық фактордың әсері күшейеді де,қан тез ұйиды.
8.Қан қабырғасы бұдырлы ыдысқа құйылса,ішіндегі тромбоциттер мен эритроциттер жарылады да қан тез ұйиды..
9.Белгілі бір тіндерді қатайтып нығыздайтын заттар, амин капрон қышқылы, марганецқышқыл, калий, йод қан ағуын тез тоқтатады.
Баяулататын: 1.Парафиндалған не силиконнан жасалған ыдыста тромбоциттердің жарылуы тоқтайды да, қан ұюы баяулайды.
2.Қан құйылған ыдысты мұз үстіне қойып, сол қанның қызуын төмендетсе,ферментгердің әсері тежеледі де, қан ұюы бәсеңдейді.
12.Антикоагулянттар. Антикоагулянттардың фармакологиялық әсерлерінің принциптері. Тура және жанама антикоагулянттар. Қан плазмасыңда көптеген ұйытатын заттар болса да, cay адамның қан тамырында әдетте қан ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жол бермейтін табиғи заттар - антикоагулянттар болады.
Табиғи антикоагулянттар:
1) әрдайым қанда болатын бастапкы антикоагулянттар;
2) қан ұюы кезінде пайда болатын қосымша антикоагулянттар болып 2 топка бөлінеді.
Бастапқы антикоагулянттар қатарына антитромбопластиндер, яғни ротромбиназалардьң пайда болуын токтататын, антитромбиндер (I, II, III, IV) және гепарин жатады. Гепарин канның базофил жасушасында, майлы дәнекер тінде түзіледі. Ол гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңін, 195 плазмалық және тромбоциттік түрткілердің белсенділігін тежейді, аз мөлшерде фибринолиз әсерін күшейтеді. Гепарин гиалуронидазаға әсер етіп, заттың капиллярлардан өшуін күшейтеді, антиген мен антитәннің қосылу реакциясына карсы әрекет жасайды (ингибитор), ісіну, кабыну үрдістерін бәсендетеді. Сондықтан да гепарин медицинада кеңінен қолданылады.