1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері


Жүректің жиырылу циклы, кезеңдері



бет9/23
Дата10.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#81101
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
физ рк22 (копия)

14. Жүректің жиырылу циклы, кезеңдері.
Жүрек 70-72 рет соқса, жүрек циклы 0,8 – 0,9 секундке тең. Цикл уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, себебі систола уақыты көбінесе өзгермейді.
Жүрек циклы жүрекше систоласынан басталады. Жүрек циклының систоласы 0.1 секундке созылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы сынап б.б. 5-8 мм-ге жетеді. Систоладан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басталады. Жүрекше диастоласы 0,7 секунд созылады.
Қарынша систоласы 0,33 секунд жүреді. Қарынша систоласы ширығу және қан айдау деп екіге бөлінеді. Ширығу 0,08 секунд созылады. Ширығу кезеңі асинхрондық жиырылу (0,05) және изометрлік жиырылу (0,03) деп бөлінеді. Асинхрондық жиырылуда жиырылу біртіндеп жүреді. Изометрлік жиырылуда ет түгелдей ширығады, яғни жиырылмайды.
Қан айдау 0,25 секунд созылады. Тез және баяу қан айдау кезеңдерінен тұрады. Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады. Бұл кезең 0,47 секунд созылады. Ол 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық. Протодиастола жүрек еттері біртіндеп босап, қан қысымы біртіндеп төмендейді. Ұзақтығы 0,04 секунд. Изометрлік босау кезінде ет талшықтары бір мезетте босаңсып, қысым азаяды.
Қанға толу кезеңі ең ұзақ кезең; 25 секунд жүреді. Жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады. Пресистола кезеңі. Жүрекшелер жиырылып, қарыншаға қан құйылады.
15. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері:
Қозғыштық
Автоматия
Рефрактерлік
Өткізгіштік
Жиырылғыштық
Созылғыштық
Эластикалылық
Қозғыштық - бұл жүректің тыныштық күйден белсенді күйге, яғни қозу жағдайына ауысу қабілеті.Қозу жүректің нақты өзінде болатын үрдістердің әсерінен мерзімді түрде туындап отырады. Аталған құбылыс автоматия атауына ие болды.
Автоматия – бұл қозудың өз бетімен пайда болу қасиеті. Автоматия – бұл жүрек бұлшықетінде туатын серпіністер арқасында жүректің мерзімді жиырылу қабілеті. Жүректің пейсмекер жасушалары немесе І реттік ырғақты жүргізушілер – оң жақ жүрекшенің ерекше бұлшықет жасушалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет