Эритроциттердің қызметі Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х. Қ. Сәтпаева).
Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
Қанның ұюына қатысады.
Қан тобын анықтайды.
5. Гемоглобин, оның құрамы, мөлшері. Гемоглобиннің түрлері мен қосылыстары, олардың физиологиялық маңызы.. Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид,
96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байланысады.
1.HbP – примитивті гемоглобин эмбрионның жатырда дамуының 9 аптасына дейін;
2.HbF – феталдық гемоглобин ұрықта және жаңа туған нәрестелерде;
3.HbA - A гемоглобин ересек адамдарда.
Гемоглобиннің газдармен қосылысы
Физиологиялық: HbO2 - оксигемоглобин
HbCO2 - карбогемоглобин
HHb - тотықсызданған гемоглобин
Патологиялық: HbCO - карбоксигемоглобин
HbOH - метгемоглобин
HbS - сульфгемоглобин
Hb қалыпты мөлшері: ерлер – 130-160 г/л
әйелдер – 120-140 г/л
ең жоғары мөлшері 166,7 г/л
6.Гемолиз және оның түрлері. Гемолиз-қанға байланысты. Ол эртитроцяиттердің қабығы жарылған немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Ол гемолизденген қан болып табылады. Оны түсі болмайды. Мөлдір түсті болады. Гемолизді лак тәрізді қан деп те атайды.
Әсер ету түріне қарай гемолизді жеті түрге бөлеміз: 1.Осмостық гемолиз. Осмостық гемолиз эритроциттердің ішіндегі және сыртындағы осмостық қысымның айырмашылығынан пайда болады. Осмостық қысым – клетка ішінде жоғары концентрациялы белоктың пайда болуына қатысады, молекуласы төмен заттардың концентрациясының орнын толтырады. Сондықтан эритроциттердің осмостық қысымы плазмадан едәуір жоғары: қалыпты тургорды қамтамасыз ету үшін оның мөлшері жеткілікті. Эритроцит мембранасы әртүрлі молекуласы төмен заттарды өткізеді. Сол себепті иондарды тасымалдау белсенділігі төмендеп (клеткадан мебрана арқылы Na+, К+, Na+ , ал клеткаға К+ белсенді тасымалдайды), олардың трансмембраналық концентрациялық градиенті төмендейді. Клетка ішіндегі заттардың көп бөлігін белоктар құрайды, бұл үнемі сақталады және теңеспейді. Нәтижесінде эритроциттердің осмостық қысымы көтеріліп, эритроцитке су кіре бастайды. Бұл саңылаулардың созылуына әкеледі және мембрана бұзылмайынша плазмадан гемоглобин шықпайды. Бұл осмостық гемолиз деп аталады. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын зерттегенде гипотониялық ортада жүзеге асырылады.
2.Физиологиялық гемолиз. Сау адамда болатын гемолиз түрі. Физиологиялық гемолиз кезінде ескірген эритроциттер жарылып, жаңа эритроциттер түзіледі. Ал жалпы эритроцит 130 күнге дейін жасауы мүмкін.
3. Термиялық гемолиз. Температураға байланысты. Қанның бірде суып немесе жылып кетуінен болады. Қан 42 C тан асса гемолизденеді.
4.Электрлік гемолиз. Электр тогы әсерінен болады. Яғни, бойында тогы бар заттар эритроцит қабыған жарып жібереді.
5.Химиялық гемолиз. Мембрананы ерітетін химиялық заттардың әсерінен болады. Оларға мысалы: сірке қышқылы, сілтілер жатады.
6. Биологиялық гемолиз. Жануарлардан, өсімдіктерден немесе құрттардан алынатын улы заттардың әсерінен болатын гемолиз түрі. Олардың бөліп шығаратын заттары қанға түскен жағдайда , эритроцит қабығы жарылып, қан гемолизденеді.Жәнеде гемолизденген қанның өзі улы болып табылады.
7.Механикалық гемолиз. Қанды тасымалдау барысында болады. Яғни , қанды шайқаған кезде эритроцит мемраналары жарылып гемолизге ұшырайды.