3-ші кезең – тромбоциттер агрегацияссы, ол уақытша үйінді-тромб пайда болу кезеңі.
4-ші кезең – тромбоциттердің тұрақты агрегциясы, протромбиназаның әсерімен тромбин пайда болып, одан тромбоциттер бір-бірімен жабысып тромб тұзеді.
5-ші кезең – тромбоуиттердің ретракциясы, тромб нығыздалып қан ағуының тоқтауы.
10. Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері. Гемостаз дегеніміз қанның тоқтауы, яғни эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағуының сақтайтын күрделі биофизикалық, биохимиялық үрдісті айтады. Қанның ұюы кезінде қан қою болып, тромбыға айналады. Тромб жараны бітеп, қанның сыртқа кетуін тоқтатады. Қан ұю жылдамдығына қан ұйытатын заттардың санына, күшіне байланысты. Қан ұюы туралы ілімнің негізін Александр Шмидт қалады. Қантамырдың жуанды жіңішке болуына байланысты қан тоқтау 2 түрге бөлінеді: тромбоциттік гемостаз және коагуляциялық гемостаз. Қан ұюына рим санымен белгіленетін 15 плазмалық фактор және 11 тромбоциттік фактор, эритроцит және лейкоциттерден бөлінетін заттар, эндотелий қатысады.
Қан ұю 3 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезеңі – протромбиназа түзілуі. Бұл кезеңде тіндік тромбопластин мен VII, IV, V, X плазмалық факторлардың қатысуымен қалыптасады. Бұл үрдіс 5-10 секунл уақыт алады. Тіндік протромбиназадан тромбин пайда болады. Алғашқы кезең жалпы 5-10 минутқа созылады.
Екінші кезең - тромбин түзілуі. Тромбиннің түзілуі протромбиназаға адсорбцияланған протромбин V, X және Са ионының қатысуымен жүреді. Тромбин қан ұйытуда ең маңызды фермент.
Үшінші кезең - фибриногеннің фибринге айналуы. Бұл кезеңде Са ионының қатысуымен полимерлену процесі басталады. Фибринмонометр еритін фибрин полимерге, ал фибрин полимер плазмалық ХІІІ фактордың және ерімейтін фибринге айналады. №ерімейтін фибриннен қан тромбасы пайда болады.
Кейін ретракция және фибринолиз кезеңі жүреді. Фибриннің қатысуымен тромб тығыздалады да, тромб ретракцияланады. Осындай тромб жарақатталған жерді бітейді. Ары қарай фибринолиз басталады. Бұл кезеіде фибрин ыдырайды. Фибринолиз еріткіш ферментінің қатысуымен өтеді.
Қан ұю күшейгенде фибринолиз күщейеді. Қан ұю баяуласа фибринолиз тоқтайды.