1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері



бет5/23
Дата10.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#81101
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
физ рк22 (копия)

Солға қарай жылжу нейтрофилдердің жас түрлерінің санының өсуі. Бұл аурудың пайда болуының қолайлы белгісі болып табылады, себебі ол патологияның қоздырушы агентімен иммунитеттің белсенді күресін білдіреді.
Оңға қарай жылжу - нейтрофилдердің санын азайту, сегменттелген жасушалардың шоғырлануын арттыру, олардың тұрғындарының қартаюы. Бұл әдетте бауыр мен бүйрек ауруларының жанама симптомы, мегалобластикалық анемия. Кейде қан құюдан кейінгі жағдайды қадағалайды.
9. Тромбоциттер, олардың саны және маңызы, ұсақ тамырдағы тромбоциттік гемостаз.
Тромбоциттер қанның пластинкасы, формасы дөңгелек не сопақша келген екі жығы дөңес құрылым, диаметірі 0,5-4 мкм ол эритроцит диаметірінен 2-8 есе кіші. Қалыпты жағдайда адам қанында 180-320* тромбоцит болады. Тромбоциттер сүйек кемігінде түзіледі және олардың химиялық құрамы күрделі: көптеген ферменттер, АҮФ, адреналин мен норадреналин, әртүрлі гормондар, 11 қан ұйытатын түрткілер бар. Тромбоциттер ағза үшін маңызды қан элементі, ол бірқатар қызметтерді орындайды:

  1. Ангиотрофикалық – қоректердіру қызметі, қантамырының ішкі эндотелийге қажетті қоректік заттарды тасымалдайды.

  2. Адгезивті агрегациялық қызмет – тромбоциттер бір-бірімен жабысып үйінді құрады, бұл қан ағуды тоқтатуда өте маңызды.

  3. Ангиотензиві немесе серотонин бөлуінен қантамырлардың тарылту қызметі.

  4. Тромбоциттер қанның креатордық қызметін атқарады.

  5. Ең маңыздысы – қан ұюту қызметі. 11-тромбоциттік түрткілер көмегімен іскеасырады.

Гемостаз немесе қанның ұюы тромбоциттердің ұю қасиетіне байланысты болатын биологиялық құбылыс. Ұсақ тамырлардағы болатын гемостаз басқаша айтсақ капиллярлардағы тромбоцитік гемостаз негізгі 5 кезеңнен тұрады.
1-ші кезең – қантамырларының ұақытша тарылуы, ол тромбоциттерден бөлінетін серотонин арқылы жүзеге асасды.
2-ші кезең – тромбоциттер адгезиясы, олардың бір-бірімен жабысып тромбоциттер үймесін құруымен сипатталады. Бұл үймелер қанды ұзаққа тоқтата алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет