Генерал- губернаторлықтар Облыстар Уездер Орынбор(Орынбор) Орал және Торғай Орал-Орал,Атырау,Калмыков,Жем Торғай-Елек,Қостанай,Торғай,Ырғыз Батыс Сiбiр(Омбы) Ақмола және Семей Ақмола-Көкшетау,Омбы,Петропавл Семей- Баянауыл,Көкпекті,Зайсан,Павлодар,Өскемен Түркiстан(Ташкент) Сырдария және Жетiсу Сырдария-Қазалы,Перовск,Түркістан, Әулиеата,Шымкент, Ташкент,Ходжент,Жизақ 3 - Билет 1.Орта тас ғасырының ерекшелігі
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 2.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірін зерттеген орыс ғалымдары және
олардың еңбектеріне талдау жасаңыз.
Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің көрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді. 1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.
ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдік деңгейдегі ғалым П.П. Семенов- Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шаньды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс- тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды. Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академигі В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның «Түрік тайпаларының халыктық әдебиетінің үлгілерінде» қазақ- тың ертегілері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған. Қазақ халқының тарихы туралы құнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, археолог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектерінен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбектерінде Қазақ тарихының өзекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің тарихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штабтың офицерлері жинастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәдениетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды. Орыс географиялыққоғамыныңбөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркістанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзиялылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәдениет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отырды. Семей облыстық статистикалық комитет жұмысына Абай да қатынасты. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. айналысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды. 3.Кестені толтырыңыз.1917 жылы Қазақстанда болған Жалпықазақ съездері: