1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

 
 
 
4 - Билет 
1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы) 
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған 
күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік 
қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік 
қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. 
Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның 
оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, 
Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы. 
707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер 
Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш 
жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы 
ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке 
қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған 
жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған 
кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған 
сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», 
- деп екі ағайынды өлтіріледі. 
Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке 
жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк 
бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың 
соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға 
жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге 
мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты. 
Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін 
қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен 
Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге 
отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік 
қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне 
Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты 
адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас 
таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай 
қызмет етті». 


717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш 
билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы 
өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, 
шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса 
керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде 
көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі 
басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара 
тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы 
қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға 
өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап 
атқа ие болды. 
Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін 
жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде 
қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін 
жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп 
қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп 
жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете 
тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік 
олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса 
қайтіп күн көретұғын болмақ». Осылайша Сұлық бұл ұсыныстан бас тартады. 
737 жылы Сұлық өз шатырында қастандықпен өлтіріледі. Сұлықтың орнына оның баласы 
Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның билігі бір-екі жылға ғана созылды. 
Сұлықтан кейін сары және қара түркештер арасында жағдай шиеленісіп, Түркеш 
қағанаты әлсіреп, ішкі бірлігінен айырылды. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс 
Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748жылы Суябты басып алады. 
751 жылы шілде айында Таласқа жақын Атлах қаласы түбінде арабтар мен Тан әскері 
кездесті. Бұл шайқас тарихта «Талас шайқасы» деген атпен қалды. Атлах қаласы туралы 
араб тарихшысы әл-Макдиси «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, 
айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі...», - деп жазады. 
Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан 
ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды. 
Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына 
байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен 
шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен 
айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш 
қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен 
жазылған теңгелер табылған. 
756 жылы түркештер тәуелсіздігінен біржола айырылып, Жетісудағы билік қарлұқтар 
қолына өтті. 
2 «Қазақ» және «Айқап» басылымдарындағы көтерілген мәселелер және олардың қоғамдық-
саяси қызметтеріне талдау жасаңыз
ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер оқу-ағарту 
мен білім идеяларын бұғара арасына насихаттау және халықтың мұқтажыдығына 
бағытталды. 
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді
басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ
тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықты. «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі 
тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы 
журнал болды. «Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында 
жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, 
поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер 
берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының 


мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар 
аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқап» 
қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, 
ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды. 
ХХ ғасырдың бас кезәндегә қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі С.Торайғыров 
«Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбынна арналған алғашқы 
өлеңдері мен әңгімелерін жариялады. 
А.Байтұрсынов 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда қазақ тілінде шығып тұрған 
жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Газетке халық ағарту, әдебиет пен тілтану 
мәселелерін көтерген көптеген мақалаларын жариялады. 
3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз. 
Адамдар өз білімдерін – пиктография (тасқа түсірілген хат-суреттер) арқылы хабарлаған. 
Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы, шұбар атты салу арқылы 
малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет