1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


5 – Билет 
 
1.Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері 
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне 
ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар, екі жүзді де өңделген жебе 
ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас 
шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. 
Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, 
нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая 
Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық 
тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас 
үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа 
қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о 
дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі. Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600 
(800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша 
тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір 
мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық 
ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, 
шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар 
бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы 
неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және 
ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-
шығыс Қазақстанның ерекшелігі - әр түрлі құралдардың көп табылуы, геометриялық 
өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов мәдениетіне 
ұқсас келеді. 
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған 
ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем 
жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен 
кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, 
шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне 
қорымдар мен обалар табылды. 
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай, олар 
көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар 
оймышты өрнектермен көмкерілген. 
2.І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, 
талдау жасаңыз 
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің 
экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар 
шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің 
шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен 
қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек 
Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он 
үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші 
жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал 
шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті. 
Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 
жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 
1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды. 
Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын 
байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста 


мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші 
жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті. 
Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, 
аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға 
аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой 
жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды. 
Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX 
ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған 
өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, 
әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің 
ұзақтығы 1 2 - 1 4 сағатқа созылды. 1 2 - 1 4 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау 
үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын 
немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін. 
Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары 
жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, 
қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір 
қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. 
Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет