1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің Қазақстан жеріне тигізген әсерін ашыңыз



бет16/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
23. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің Қазақстан жеріне тигізген әсерін ашыңыз
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.
Қазан революциясы. 7 қараша (ескі күнтізбе бойынша қазан) Кеңес үкіметі тұсында өмір сүріп еңбек еткендер үшін ерекше дата. Себебі 7 қараша Ұлы Октябрь революциясының орнағанын атап өтетін күні. Бұл дата әлем тарихында өз ізін қалдырып, көптеген елдер мен халықтардың тағдырына әсер еткен ХХ ғасырдың ірі оқиғасы болып қала бермек.
Біріншіден, Қазан төңкерісінен кейін социалистік жүйе құрылды. Ал, социалистік жүйе, бір сөзбен айтқанда, адамзаттың даму заңдылығына қайшы келеді. Ол жеке адамның тұлғалық қабілетін ашпайды, тек аз ғана топтың саяси мүддесін көздейді. Адамның басты міндеті ең алдымен жеке басының мүддесін іске асыру десек, социалистік жүйеде түрлі шектеулермен басып тастайды. Егер, сен партияға қарсы болсаң халыққа қарсысың, қылмыскерсің. Совет үкіметі полициялық жүйе құрды. Капиталистік қоғамда да қайшылықтар болған, бірақ, капитализмнің өз реттегіш тетіктері бар. Социалистік жүйеде бірін-бірі реттейтін, бақылайтын механизм болған жоқ. КСРО-ның ыдырауын көбінесе сыртқы себептер деген пікір айтады. Кеңес одағында қоғамдық жүйедегі ішкі қайшылықтар асқынып, ең соңғы шегіне жетті. Бұл жүйеде жеке адамның құқығы да, мүддесі де жоқ, бірінші кезекте әскери саланы дамытуға күш салынды.
Кеңес одағында білім жүйесі жақсы дамығанын жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, социалистік жүйені сақтау үшін білімді адамдар керек еді. Социализмнің абзалдығын көрсету үшін кейбір саланы дамытуға басымдық берілді, денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыды және тегін болды. Мұның бәрі жүйені нығайту үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет