25. Қазақ жерін Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына біріктіру бағытын ашыңыз :Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін жұмыс істеді. Бастапқыда бұл автономия "Қырғыз" деп аталды, ал 1925 жылы ҚазАКСР Орталық Атқару комитетінің басшысы" Қырғыз "сөзін" қазақ" сөзімен алмастырып, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының атауын пайдалануға берді.1920-24 жылдары Қазақ АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға ауыстырылды, содан кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Еуразия кеңістігінің едәуір бөлігін алып жатқан қазақ жерін алып қою үшін патша үкіметі екі ғасырға жуық уақыт күресті. 1919 жылдың 10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылған. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері анықталады – революцияға және араласуға қарсы күрес, аймақтағы мемлекеттік, экономикалық және мәдени құрылысқа жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін дайындау. Революциялық комитет құрамына қазақтар тұратын Астрахан губерниясының және Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының өңірлері кірді. Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің бірінші төрағасы-С. Мендешев. Қазревком және оның жергілікті органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, Кеңес құрылысына адал ұлттың зиялы қауым өкілдерін тарту, қазақ жерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізді. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Ел тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
26. Қазақстандағы ұжымдастыру тәжірибесі туралы көзқарасыңызды негіздеңіз: объективті және жеке факторлардың рөлі:Әрине,ол ұжымдастыру тәжірбиесі туралы көзқарасым нашар.Оған көптеген себептерді жатқызуға болады.Ең бірінші себеп:ұжымдастыру салдарынан1931-1933 ж аштық жайылды.Сол аштықтың себебінен көптеген індеттер пайда болды.Сол себепті қазақ халқының жартысы қырылып қалды.Ал үкімет болып жатқан жағдайға көзін жұмды.Шетелдік және отандық авторлардың зерттеу жұмыстарында кеңес үкіметті жүргізген ұжымдастыру саясатына “геноцид” деп бағалайды.Қазақстан тарихында ашаршылық “ұлт жұт жылдары”,орасан зор “халық қасіреті”деген аттармен енді.Соның нәтижесінде академик М.Қозыбаев Қазақстанда шамамен 2 млн 100 мыңдай қазақ қырылғаны,ал бұл қазақ халқының 49% құрайтынын атап кетеді.Ашаршылық салдарынан жүздеген мың қазақтар республикадан көшіп кетеді.Атап кетсек Еділ бойына,Сібірге және Орталық Азия республикаларына.Сондай-ақ КСРО-дан тыс мемлекеттерге:Моңғолия,Иран,ирак,Қытай,Түркияға көшіп кетті.Республика қайраткерлерінің тобы-Қ.Қуанышев,Ғ.Мүсірепов,М.Ғайтулин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков аштық пен оның себептері туралы БК(б)П өкілік комитетіне,1932 ж тікелей Ф.Голощекинге ашықхат жазды.Бұл тарихта “Бесеудің хаты” деп аталған.1933 ж наурызда Т.Рысқұлов Сталинге хат жазады.Ол хатында қазақ халқының мүшкіл жағдайын,қазақ халқын құтқаруын,қазақтарға малды жекеменшікке таратып беру жолымен шаруашылықты шұғыл көтеруді ұсынды.Бұл кезең қазақ тарихындағы ең қайғылы кезеңдерінің бірі,ұжымдастыру саясатының 20ғ 30 жылдарында қалай жүзеге асқаның көріп отырмыз.