1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


Қазақстандағы индустрияландыруды қоғам мен мемлекет дамуының маңызды кезеңі ретінде негіздеңіз



бет17/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
сессия тарих

24. Қазақстандағы индустрияландыруды қоғам мен мемлекет дамуының маңызды кезеңі ретінде негіздеңіз
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған», - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс», - деп ерекше атап өтілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет