1.Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз


Қазақстандағы мәдени революцияның мәнін ашып, оның еліміздің тарихына әсерін көрсету



бет19/35
Дата28.04.2023
өлшемі126,77 Kb.
#87617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
27.Қазақстандағы мәдени революцияның мәнін ашып, оның еліміздің тарихына әсерін көрсету: Мәдени революцияны жүзеге асыру социалистік қоғам құру жөніндегі лениндік жоспардың бір тармағы болды. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтуға, мәдениеттің жаңа түрін құруға және жаңа адамды тәрбиелеуге әсер етуі керек еді. Алайда, мәдени революцияның даму тенденциясы әр аймақтағы халықтың мәдени деңгейіне байланысты әр түрлі болды. Мәдени революцияның белгіленген міндеттері Кеңес мемлекетінің әр аймағында әр түрлі жүргізілді. Мәдени революцияның түпкі мақсаты — біртұтас дүниетанымды қалыптастыру және мәдени-ағарту, білім беру, ғылыми мекемелердің бірыңғай жүйесін құру ғана бүкіл өңір үшін ортақ мақсатқа айналды. Мәдени революцияның міндеттері: Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесін құру; Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру; социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрлар даярлау;қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту; бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу және тб.Осылайша партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық мемл органдар,қоғамдық ұйымдар,рухани саладағы мекемелер қызметі арқылы жаңа кеңістік сала қалыптастыру ісіне бағытталды.
28. Халықтарды Қазақстанға депортациялаудың себептері мен салдары туралы өз көзқарасыңызды негіздеңіз: Кеңес Одағында өмір сүрген халықтардың ешқайсысы сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, бүкіл халық сенімсіз және опасыз ұлтқа жатқызылып, тарихи отанынан күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары халықты күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бөлігі болды. Жалпы, КСРО-да 1920 жылдан 1949 жылға дейін жер аударылғандардың саны 3,2 миллион адамға жетті.Халықтарды депортациялау себептері; этникалық белгілері бойынша депортациялау ("жазаланған халықтар","шегараларды тазалау","сенімсіз халықтар");
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортациялау кезінде келгендер (1934 жылға дейін кулактарды депортациялау), арнайы көшірілгендер (арнайы қоныс аударушылар);
1934-1944 жылдары саяси мүдделер негізінде эвакуацияланғандарды "еңбек қоныстарындағылар"деп атады. 1944 жылдан бастап" арнайы қоныс аударушылар"деген атау қолданылды.Депортациялаудың салдарынан амалдығының жоғынан,өзінің қалауынсыз көптеген халықтар туған өлкесін тастауы тура келді.Сосын 1939 жылмен салыстырғанда қазақ халқының үлес салмағы 38%-дан 30% дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.Менің ойымша бұл өкінішті көрсеткіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет