1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Астрахан губерниясынан
- Бақтыгерей Құлманов;
Ақмола облысынан
- Шәймерден Қосшығұлұлы; 
Семей облысынан
— Әлихан Бөкейханов сияқты тұлғалар сайланды.
Бұл өкілдердің барлығы сауатты, халықтың сый-құрметіне, сеніміне ие 
болған зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы бар 
болғаны 73-ақ күн жұмыс жасайды. Депутаттардың көтерген бастамалары 
көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, 
қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. 
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасына: 
Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы; 
Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов;
Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов;
Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы; 
Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев; 
Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев;
Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов сайланды. 
Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмай, бар – жоғы 104 күн ғана 
жұмыс істейді. 


Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша 
үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы 
реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде 
қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның 
байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 
1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған 
жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 
1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа 
қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов 
Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына 
қарсылық ретінде қабылданған болатын. 
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. 
Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. 
Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет