1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
"Қырық мысал"
деген алғашқы 
кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған 
мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында 
"Маса"
атты 
өлеңдер жинағы шықты. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, 
теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың 
төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), 
"Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің 
мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. 
Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді. 
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан 
қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург 
қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан 
кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер 
кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел 
тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында 
ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың 
нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер 
құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. 
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза 
жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы 
"Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ 
әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. 
Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар 
мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен 
тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады. М. 
Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап 
кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 
1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы 
шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар 
мен мақалалар жарияланды.  
1920
 жылы 
Ташкентке
 келіп, сондағы “Ақ 
жол" 
газетінде
 қызмет атқарады. 
1922
 жылы жазықсыз қамауға алынады. 
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы 
Орынбордағы
 ағарту институтында 
оқытушы болады. 
1928
 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre 


қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет