Оқиға кімдердің басында болғанын айту-шығармадағы тип пен характер жайын сөз ету;
Оқиғаның қалай баяндалғанын айту-шығарманың тілі мен суреткердің стильін сөз ету;
Болған оқиғаға автордың көзқарасын айту-суреткердің дүниетанымын,көркемдік әдіс мәселесін сөз ету;
Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі; объектілік идея – нақты шығармадан тұратын мақсатты нәтиже.
2. Әдеби теориялық ұғым.Сюжет пен композиция. «Сюжет-(фр.-зат)-көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.
Композиция (лат.-құрастыру, қиыстыру) бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы.
Сюжет басталуы (лат.-дәйектеме)-оның кіріспесі іспетті, мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа түспес бұрынғы хал-жағдай,тіршілік , қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алатын, оқиғалар орны суреттеледі.(Мыс, «Шұғаның белгісі» әңгімесінде(әңгіменің Қосымжан аузымен басталуы)) Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті,шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.(Мыс: «Шұғаның белгісі»үшінші тарауда Әбдірахманның Есімбек аулына алғаш келгенде, оны Шұғаның тұңғыш көруі)
Сюжеттік даму- адамдардың өзара қарым-қатынасынан,қимыл-әрекетінен туындаған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысы.
Сюжеттің шарықтау шегі – (лат. «шың») сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы;адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп,өрбіп жеткен жері;шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.(Шұғаның қатты құса болып,ауруға шалдығуы,Әбдірахманды амалсыз тұтқыннан босатуы)
Сюжеттік шешім- суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың;күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже;оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс - көріністердің соңғы сахнасы.(Шұғаның өлімі)
Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың композициясы.(Көркем тіл жайы - әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі.) Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес,сюжеттен тыс нәрселерде кіреді.Соның бірі – пролог(гр.-алғы сөз) көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі.( «Шұғаның белгісіндегі» 1-тарау.Екі салт атты- бірі автор, екіншісі - әңгімеші Қасымжан,- жол үстінде біріне-бірі ел, жер жайын әңгімелеп келе жатады.)
Прологпен қатар тоқтала кетуге болатын бір нәрсе –эпилог (грекше.-соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі:тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра , кейде тіпті тереңдете түседі.»/1/
« Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенді-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілдермен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы, жеке тараулары жинақы келуі жекелеген бөлім-бөлшектердің орынды жалғасуына байланысты. Л.Толстой көлемді шығармада алдымен үлкен ірі бөлімдердің пропорциясы, өзара қатынас-байланысы ұтымды, мағыналы болуы қажет деген пікір айтқан.Онан кейін ұсақ бөлшектерді реттеп орналастыру, айшықтауға мүмкіндік мол болады дейді.
Әдеби шығарманың композициялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды , кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап, таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне жалғас келеді және түптеп келгенде, бұл жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәнді, маңызды екенін терең түсінетін көрегендігіне байланысты болады.»/2/