Шұбыртпалы ұйқас - өлең тармақтарының соңғы сөздері қатарласа ұйқасуы.
Сары, ақпыз, қарамыз, - а
Бәріміз де баламыз, - а
Бір қалада тұрамыз, - а
Бір мектепке барамыз. – а
(С.Оспанов.)
Ерікті ұйқас:
Бұлттан шыққан айға ұқсап, -а
Тұр еді Назым нұрланып. - б
Атлас көйлек үстінде, -в
Көк арбаға сүйеніп, - г
Шыбықтай белі бұралып. - б
(«Қамбар батыр»)
Шалыс ұйқас:
Отан – осы достарым, - а
Көңілге мұны түйе біл. - б
Отан деп өс жас қауым, - а
Оны ардақтар сүйе біл! - б
(С.Бескаков.)
Кезекті ұйқас:
Еділдің бойы ен тоғай, - а
Ел қондырсам деп едім. - б
Жағалай жатқан сол елге, - в
Мал толтырсам деп едім -б
( Махамбет.)
Егіз ұйқас:
Жақсылыққа, бақытқа - а
Талпынған әр уақытта - а
Бала біткен дос бауыр, - б
Болмасын еш тосқауыл. – б
( Ә.Дүйсенбиев.)
Аралас ұйқас:
Кешегі қар жоқ енді, - а
Қалды дала жалаңаш, - б шалыс ұйқас
Күн нұрына кенелді, - а
Бүршік атып бар ағаш. – б
Келіп көктем құстары, - а
Бау-бақшада ән салды. - а қара өлең ұйқасы
Оларды жас достары - б
Ұя жасап қарсы алды. - а
( Б.Қозыкеев.)
Өлең 8 тармақты бір шумақ өлең, шалыс ұйқас пен қара өлең ұйқасы арқылы араласып келген, сондықтан мұндай шумақты аралас ұйқас дейміз.
Өлең қайырмасы. Өлең қайырмасының балалар поэзиясынан алатын орын, атқаратын қызметі ерекше. Ол балаларға арналған халық өлеңдерінің әсерлі болып шығуы үшін үлкен роль атқарады. Өлең қайырмасы бесік жырында, шілдехана, тысау кесу және сатиралық өлеңдерде қолданылады.
Бесік жырларында өлең қайырмасы ойдың айқын айтылуына және өлең музыкасының нәресте сезіміне тез әсер етуіне ықпал жасайды.
Ал сатиралық шығармаларда өлең қайырмасы көбіне текст мазмұнының мақсатын күшейту үшін алынады.
Қар, тоң еріп, Қой маңырап,
Су көбейіп, Төл жамырап,
Сай-салада ағады. Жайлау малға толады.
Бүршік шашып, Бөбектерім, айтыңдаршы,
Жапырақ ашып, Бұл қай кезде болады? –
Гүл-бәйшешек басады.
дегендегі соңғы үш жол ән мелодиясымен аяқталған осы өлеңнің қайырмасы.
Қорыта айтқанда, өлең қайырмасы әнге сән, мазмұнға мән беріп, оны екпіндетіп, әсерлендіре, құлпырта түседі, онсыз әннің сәні келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |