1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


в)өз халқын сүюі ( Ж.Молдағалиев



бет83/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92
в)өз халқын сүюі ( Ж.Молдағалиев
Ақын Қайрат Жұмағалиев Жұбан Молдағалиевтің өз өмі­рінде кемінде үш мәрте ерлік жа­са­ғанын айтатын. Мұның бірін­шісі – 1941-1945 жылғы қанды қырғында қарумен де, қаламмен де соғысып, аман келуі болса, екінші ерлігі 1964 жылы кеңестік идеология күшіне мініп, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» жаңа кеңес халқын қалыптастыру саясаты дәурендеп тұрған кезінде ұлттық идентификацияны оятып, «Мен – қазақпын» деп саңқ ете қалған поэмасы. Ал үшінші ерлігі – 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасынан кейін Колбинге қас­қайып тұрып өз халқының намысын қорғап айтқан сөзі еді. Ақын­ның көзін көрген, әріптес болған бір топ ақсақалдың Жұ­бан Молдағалиевке «Халық қаһар­маны» атағын беру туралы ұсы­нысы да осыдан шықса керек.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.


91.Бастауыш сыныпта өтілетін ХХ ғасырдың 60-90жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек еткен Калмақан Әбдіқадыров {1903—1964), 1935 жылы «Амантай», «ТәттІ кауын» атты суретті кітапшалар шығарды. Соңынан жас өспірімдердің еліктеуіне тұрарлық, спорт мәселесіне байланысты.«Қажмұқан» атты повесін ұсынды. Мұнда жер жүзілік чемпион атағын алған, біраз мемлекеттерді аралап жүріп күрестен, өле-өлгенше жауырыны жерге тимеген кеңес спортшыларының ірі шебері, алтын, күміс және қоласы бар барлығы 45 медальға ие болған Қажмұқан Мұңайтпасовтың палуандық — спорттық өмір жолымен таныстырады. Жазушы Қажмұқан мен Поддубныйдың достығы, жарқын образдары арқылы жас өспірімдерге көп ұлтты Кеңес Одағындағы интернационалдық тәрбиенің мызғымас күшін, бірлігін, кеңестік патриотизмнің туысқандық бірлестігін және халықтар достығының тарихи тамырларын суреттеп берген. «Жолдас жазушылар, жас буындарды тәрбиелеуде, балалар әдебиетін жасауда ең бірінші жауапты комсомол жазушылар. Партия осылай деп отыр. Біз өзіміздің жеткіншектеріміз үшің коммунистік балалар әдебиетін жасауымыз керек. Дәуірге тұрарлық балалар әдебиетін жасамай партияның сенімін ақтай алмаймыз» деген болатын жазушы Саттар Ерубаев өзінің «Балалар әдебиетін жасайык» деген-мақаласында жазылған.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаяны мен оқушыларын былай деп таныстырған еді.«Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелек аулында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан сон керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. БМенің әдеби қызметім 1914 жылдан басталды. Қазақ жастарына алғашқы өлеңім осы кезде Троицкіде шығып тұратын «Айқап» журналында жарияланды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойына творчестводан қол үздім. Тек 1925 жылы В. И. Лениннің қайтыс болуы әсерінен оның ескерткішіне арнап мен өлең жаздым, бұл «Қазақ ақындары мен жазушыларының үні» жинағына кірді. 1935 жылдан бастап әдеби қызметке шындап араластым.Көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған менің алғашқы кітабым — «Қыран кегі» поэмам 1944 жылы шықты. Мұны окушылар жылы шыраймен қарсы алды. Бұдан кейін жас аңшы туралы «Сәтжан» атты повесім шықты, бұл тұғыш рет орыс тіліне аударылды, әрі РСФСР Оқу Министрлігінде конкурсте сыйлық алды. Бірінші жолы ол Москвада 30 мың дана тиражбен, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Сондықтан да мен кітапты жас окушылар жақсы қабыл алды дей аламын. Бұл повесть азербайжан, өзбек, армян және корей тілдеріне аударылды. Польшада «Сейіттің ботасы» деген әңгімелерім жеке кітапша болып шықты».«Көксегеннің бастан кешкендері» повесім 1949 жылы басылды. Осы кезде Қазақстан малшыларына арналған менің «Төлбасылар» атты әңгімелер жинағым шықты.
Балалар үшін мен зор сүйіспеншілік жазамын. Бұларға мен «Ермектің алмасы» (1956) әңгімелер жинағын, «Жеткіншектер» (1959) мен «Бақыт» (1956) повестерін, «Жас бұтақ»1953) әңгімелер жинағын арнадым. Әр уақытта менің бұрын шыққан шығармалар жинағым оның ішінде «Мектеп түлектері», «Ананың қайраты», «Жұмбақ кілт» және басқалар басылды. Бұдан басқа мен қазақ тіліне Мамин Сибиряктың әнгімелер жинағын, Лесковтың повесін, Пушкиннін, Лермонтовтың, Шевченконың, сондай-ақ осы заманғы кеңес ақындарының өлеңдерінең аудардым. 1963 жылы Л. Соловьевтің «Қожанасыр» повесік аударып шығардым. Қазір Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы повесім шықты.
Бүкіл одақтық аренаға танылған балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаев өз өмірбаянын жас оқушыларға былай деп таныстырады:1950 жылы менің түңғыш «Бұлақ» деген жинағым шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Казақстан пионері» редакциясында істедім. 1955—1957 жылдары Москвадағы жоғарғы әдеби курста оқыдым. Балаларға арнап бірнеше кітап жаздым. Бұлардың ішінде «Менің атым — Қожа» (1960), «Балалық шаққа саяхат» (1962), «Аяжан» (1963), «Гауһар» (1961), «Жекпе-жек» (1951) және басқа да повестерім бар. Соңғы жылдардың ішінде соғыс жылың қамтитын ересектерге арналған повестермен қатар, «Кездесу» және «Бозтөбе» поэмаларын жаздым. «Казфильм» студнясында «Менің атым — Қожа» повесім бойынша фильм түсірілді. 1967 жылы Кани қаласында болған жетінші халықаралық кинофестивальда Кеңес одағы бойынша екі фильм — «Менің атым — Қожа» және «Хош келдіңіз» атты фильмдерга қызғылықты да тартымды түсірілгені үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сөйтіп, Қожаны енді Бүкіл дүние жүзі балалары көретін болды.1952 жылдан «Казақстан Жазушылар одағының мүшесімін».
«БАЛАЛЫҚ ШАКҚА САЯХАТ» ПОВЕСІНДЕ БЕКТАС ОБРАЗЫ
Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі — өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінін балалық шақта басынан кешкендерін сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Ес білмес есер шақ, балалық мінез — Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарынан шындық қалпында, толық көрінеді.Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп кәріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Қу тілділеу, пысық, кағілездігі де бар. Сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді.Ленин біздін атамыз, Саясында жатамыз. Қарсы келген дұшпанды, Қақ жүректен атамыз,— деп өлең айтады. Ол өз елінін, өз Отанының кішкентай патриоты екенін сезінеді.
Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың есіні жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, – ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
С. САРҒАСҚАЕВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ПИОНЕР ҰЛЫМЫНЫҢ РОЛІ
Сансызбай 1953 жылы «Бір отрядта» повесін ұсынды. Бұл пионер мұнымы өміріне арналған қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді.Повесть пионер отрядындағы өмірді жан-жақсы көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегіне құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс-әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі — оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік Істердің су-реттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамыдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, сауық кештерде өнерлерімен танысын бәрі-бәрінде автор өз кейіпкерлерін мектеп — пионер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке-дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашуы мен көрсетуге тырысқан.Мұндағы басты кейіпкер — IV класс оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құрмақтан аңғарылады. Ол талай-талай коллектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді.Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке үстар — үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол — өзінышіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткеилігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген. Повесте Сахи деген қыз бар. Автор оны жеңілтек, қисыктығы мен қышырлығы әлі де қалмаған етіп суретте-мен болған, алайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында оны айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандар боп шыққан. Повесть автордың әп-әдемі пейзаждық көріністер жасап, оның шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй-жағдайын беруге орынды пайдалана білетіндігін танытты. Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет