1.Әлеуметтану


Этникааралық және конференцияаралық келісім



бет12/12
Дата18.01.2023
өлшемі46,09 Kb.
#61766
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

20. Этникааралық және конференцияаралық келісім
Этносаралық келісім- этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Алконфессияаралық қатынастар– бұл конфессиялар арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған. 2001 жылы АҚШ-та орын алған лаңкестік жағдайдан кейін, конфессияаралық келісім орнату, өзгенің діні туралы хабардар болу және діни сезімдерін қорламау, бейбітшілік орнатуға ынталы болу күшейе түсті, әлем қауымдастығы алдында жаңа міндеттер пайда болды
Этносаралық қатынастарға көптеген факторлар әсер етеді: тарихи (одақтар, қосылу, жаулап алу, депортациялар); саяси (мемлекеттік құрылым формасы, басқару нысандары, саяси элиталардың өзара қарым-қатынастары); әлеуметтік (қоғамның этникалық және әлеуметтік арақатынасы, әлеуметтік мобильділіктің айырмашылықтары); мәдени (мәдениеттердің жақындығы, дәстүрлер, тілдер және т. б.); психологиялық; ахуалдық және т.б
Мысал:БҰҰ Бас ассамблеясы 1996 жылы мүше-мемлекеттерге әр жыл сайын 16 қарашаны Халықаралық толеранттылық күні ретінде белгілеу туралы шешім шығарған. 2010 жылы король Абдала ІІ БҰҰ-на ұсынған бастамасы бойынша әр жылдың ақпан айының алғашқы аптасы «Бүкіләлемдік конфессияаралық үйлесім аптасы» болып белгіленген. Ал, 2019 жылы Рим Папасы Франциск пен әл-Азхар мешітінің бас имамы Ахмед әл-Тайеб «Адамзат бауырластығы» атты бейбіт өмір сүру мен халықтар сыйластығы жөнінде тарихи тұжырымдамаға қол қойған болатын. Екі тараптың да мақсаты айқын еді – адамдарды бейбіт өмір сүруге шақыру, өркениеттік дамуына теріс әсерін тигізіп келе жатқан экстремизммен бірлесіп күресу. Тарихи тұлғалардың конфессияаралық келісімге шақырған қадамдары XVIғ. бастау алып, бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқаны тарихтан белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет