1.1 Орхон – Енесей және Талас жазба ескерткіштері Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енесей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен[1.5-б].Орхон – Енесей жазу есткерткіштерінің табылған уақыты түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енесей жазуын қолданып осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон жазу ескерткіштерінің көп табылған жері – Орхон,Енесей, Селенгі және Талас бойы.Орхон - Енесей жазба ескерткіштері жазу ерекшеліктеріне қарай Орхон – Енесей және Талас жазуы болып екіге бөлінеді.Орхон – Енесей ескерткіштеріне зерттеуге үлкен үлес қосқан орыс ғалымдарының бірі – П.М Мелиоранский. Ол 40 – тан аса еңбектер жазып қалдырған.Енесей ескерткіштері материялдарына оқып, транкрипцияларын жасап, оларды жариялауда В. Радлов, А. Томсен , П.М. Мелиоранский, С.Е Малов елеулі еңбек жасады.
Орхон жазуы.Алтайдағы Түрік қағанаты кезеңінен қалған тарихи – мәдени ескерткіштің бірі Орхон жазбалары.Бұл жазба ескерткішті Г.Спаский зерттеп, 1889 жылы орыс ғалымы Н.Я Ядринцев Моңғолия жерінен жаңа нұсқасын тапты.Оны белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы оқып неміс тіліне аударды.Аударма 1895 жылы жарық көрді.Академик В.В Радлов басқарған археологиялық экспедиция 1894 жылы бұл ескерткішті зерттеп орыс тіліне аударады, аударма 1894,1897 жылдары жарық көрді.Орхон жазба ескерткішін толықтай зерттеп аударған ғалым С.Е.Малов.Ол Орхон жазбаларының бірнешеуін аударып бастырған.Басты жазбалары: Могилан жылнамасы, Мойын Шора, Күлшора, Онгин, Хойте Тамир, Малике, қырғыз жерінен табылған Талас (он жазу) жазулары[4.28-29б]Ескерткіштердің ішінде түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады.Орхон ескерткіштері VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас кезіндеОрхон ,Селенгі,Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған.Орхон ескерткіштеріне Құтлығ қаған (Онгин) , Білге Қаған (Могилян), Күлтегін, Тониқуқ, Мойын Чор,Күлі Чор т.б бірқатар ескерткіштер жатады[1,10].