Жазу үш бөлімнен тұрады:
1)Кіріспе.Мұнда түрік қағанатының құрылуы,630-680 жылдар арасындағы көк түріктердің Қытай еліне құл болуы, қағанаттың қайта құрылуы суреттеледі.
2)Могилан мен Күлтегіннің (685-731) жүргізген соғыстары баяндалады.
3)Күлтегіннің 731 жылы ұйғыр қолынан мерт болуы,оған орнатылған жәдігерлер тарихы баяндалады.
Кіші жазу.Бұл жазу 731 жылы ұйғыр қолынан қаза тапқан Күлтегін оқиғасына арналған жылнама.Жазу Білге қаған (Могилян) атынан әңгімеленген.Кіші жазуға аударма жасаған ғалым В.Радлов.Жазуда Күлтегіннің соғыстары қысқаша баяндалады:
Ілгері – Шантуң эазыққа дейін жауладым,
Теңізге сәл жетпедім.
Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,
Тибетке сәл жетпедім.
Батыста – Інжу өзенін кеше
Темір қақпаға дейін жауладым.
Терістікте – Байырқы жеріне дейін жауладым, - деген жерде ол шығыста Шато (Шантуң), түстікте Тоғыз Ерсен, батыста Інжу, теріскейде Байырқы жерін алдым, бірақ түрік бектері тағбаштардың тәтті сөз, жалған сыйлығына алданып азды, менің айтқаныма құлақ аспады, ақыры Күлтегін мерт болды, біздің алғашқы қонысымыз Өтүкен иесіз қалды, біз әлі де сол жерге көшуіміз керек дегенді айтады.
Тәтті сөз, асыл дүниесіне алданып,
Түркі халқы қырылдың.
Түркі халқы жойылдың, - деген жерде Күлтегін Орхон жері біздікі болып еді, сол аялдамадан жазу орнаттым, соған тағбаштан бедерші алдырдым, олар менің сөзімді бұзған жоқ деп, түркі бектеріне өкпе айтады[5,30-36].
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:
«Он оқүлым, түргiс қағанынан»
Мақраш таңбашы.
Оғуз Бiлге таңбашы келдi;
Қырғыз қағанынан
Тардуш ынаншы, Чур келдi;
Мазар тұрғызуға,
Зер салынған жазба тасты тұрғызуға
Табғаш қағанынан зергершiсi
Чаң сеңун келдi.
Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.
Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк.
Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,
Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма
жетiсiнде тегiз аяқтадық.
Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.»
деп келтіреді[4,55].