1ескі түркі жазба ескерткіштері



бет4/10
Дата04.04.2023
өлшемі462,17 Kb.
#79341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Янгибоева 2 курс истказписьма docx

Енесей жазбалары.Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуының Енесей бойынан табылуымен байланысты.Кейінен Тува мен Хакасия, Кроснаяр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған.Енесей жазбаларының жалпы аны – 85 шамалы.Енесей жазбаларының көлемі әртүрлі болып келеді, араларында кішігім жазбалар мен ірі көлемді жазбаларда кездеседі.Енесей жазбалары адымен Орхон өзені, кей»ннен Талас өзені бойында тараған.Енесей ескерткіштерінің ең көне түрі Минусинск ойпатынан табылған. Енесей жазба мұралары түркі халықтарының отырықшы болып , егіншілікпен, метал өңдеумен айналысқанының дәлелі[2,146].

(Енесей ескерткіші)
1887 -1888 жылдары Ж. Аспелин бастаған фин ғалымдары Есеней өзені аңғарына барып, ескерткіштерді өз жерінде зерттеді.Екі экспедиция материяалдары 1889 жылдары «Енесей жазбалары» деген атпен жеке еңбек болып жарияланды.Бұдан кейін 1890 жылы Г.Гейкель жане 1891 жылы Р. Радлов бастаған экспедияцияда зерттеу жұмыстарын жүргізді.1959 жылы И.А Батманов Енесей ескерткіштерінің тілдік негіздеріне байланысты «Енесей көне түркі ескерткіштер тілі» атты еңбек жазды.Қолдану мерзімі жағынан Енесей ескерткіштері түркі жазбаларының ең көнесі, ол шамамен V-VII ғасырларды қамтиды[1,9].
Талас жазу ескерткіштері.Талас өзені бойымен Қырғызстан жерінен жалпы саны 13 ескерткіш табылған.Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер саны мен көлемі жағынан шағын әрі аз.1932 жылы Талас өзені бойынан руна жазуы бар асатаяқ табылды.Асатаяқтың төрт қырында көне түрік алфавитімен жазылған жазуы бар.Асатаяқ Санк-Петербругтегі мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.[2.148-б].1896 жылы Талас өзені бойындағы Айыртам –Ой дейтін жерден Әулие –Ата уезінің бастығы В.А каллаур жазуы бар тас тауып алды.Бұл ескерткішті кейінірек Г.Гейкель қарап шықты.Одан кейін оның аудармасын В.Радлов (1899), Ю.Немат (1926), С.Е Малов (1928), Х.Н Оркун (1930) жасады.



(Талас ескерткіші)
Талас жазба ескерткіштерінің екінші мұрасы 1898 жылы Талас өзені бойындағы Дмитриевск селосы маңынан ,бірінші ескерткіштен 500 қадамдай жерден табылды.Ю.Немат, С.Е Малов, Х.Н Оркун, П.М Мелиоранский аудармасын жасап жариялады.1898 жылы Талас ескерткіштерінің үшінші жазбасыда табылды.Аудармаларын Ю.Немат(1926), С.Е Малов(1936), Х.Н Оркун(1939) жасады.Жалпы Талас ескерткіштерінің алтауы осы жылдары табылды.1932 жылдан кейін И.А Батманов бастаған қырғыз ғалымдары Талас өзені бойында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.И.А Батманов бұрын және кейін табылған Талас жазба ескерткіштерін толық зерттеп өз алдына кітап етіп шығарды. 1961 жылы археолог – топограф П.Н Кожмяко Талас өзені бойынан төрт жолдан тұратын ескерткіш тапты.Талас жазба ескерткіштері VIII ғасырды қамтиды.Талас жазба ескерткіштерінің, Орхон – Енесей ескерткіштерінен өзіндік графикалық ерекшіліктері байқалады. Жалпы түрік жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдар Талас жазба ескерткіштерін, Енесей жазба ескерткіштері жақын келеді деген пікір қалдырды[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет