1ескі түркі жазба ескерткіштері


Шығыс және Батыс Қазақстаннан табылған көне түркі руникалық ойма жазулар



бет9/10
Дата04.04.2023
өлшемі462,17 Kb.
#79341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Янгибоева 2 курс истказписьма docx

2.1 Шығыс және Батыс Қазақстаннан табылған көне түркі руникалық ойма жазулар
Көне түркі руникалық жазуының таралған аймағы – Моңғолия мен Сібір өлкесі, Орта Азия мен Қазақстан атырабы болып табылады.руникалық жазудың қазіргі күнге дейін 200-ге жуык нұсқалары табылды.Бұл әріатік жазудың кең өріс алған кезі Түрік қағандығының VI – VIII ғасырардағы өмір сүрген дәуірмен шамалас келеді.Қазақстан жерінде жиырмадан астам руникалық ескерткіштер анықталды, дәлірек айтқанда Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан.1976 жылы Талас бойынан руникалық жазуы бар төрт бұрышты тас мөр және дөңгелек тастың жарты бөлігі табылды.Одан бөлек 1969 жылы Іле өзені бойынан жартастарға қашалған руникалық жазудың үш жерден табылғаны бар.Сыр бойындағы ескі кенттерден (Оңтүстік Қазақстан)орнынан табылған саз балшықтан күйдіріліп жасалған жөңгелек алқа, құмыраша сияқты бұйымдарға ойылған руникалық жазулары бар, қолба жазбалар мен ыдыстар табылды. Руникалық жазуы бар екінші қол айна Шығыс Қазақстан блысының Шемонаиха ауданынан Ертістің оң жағасындағы қорымнан 1969 жылы табылды. Руникалық жазуды 1973 жылы Ф.Х Арсланова мен С.Г Кляштор жариялады.Кейінірек Шығыс Қазақстан обылысы Марқакөл ауданынан 1985 жылы жартасқа қашалған көне түркі руникалық жазуы табылды.Жартаста «Ай еліг йурты».Қазіргі қазақ тіліне аударсақ «Ай хан жұрты (тұрағы)»деген мағына береді. Шығыс Қазақстанның тағы бір аймағы Күршім ауданынан руникалық жазуы бар төрт бұрышты тас мөр тасылған.Ол мөр жайлы Ақаш Жүнісов хабарлады. Бауға тағылатын тас мөр табанына ойылған таңбалар руникалық жазу екні белгілі болды.Оқылуы «сеч абын».Қазіргі қазақ тілінде «таңда уан» деген мағына білдіреді, ол дегеніміз өмірден әр нәрсенә таңда да, содан мейірім тап дегенді меңзейді.Семей облысының Жарма ауданына 1983 жылы табылған жазудың руникалық жазу (екі таңба) абам деп оқылып «атам , үлкен атам» деген ұғымды береді.Сондай – ақ Ертіс өңірінен (Павладар облысы) мақ дәуіріне жататын ескі қорымнан ең көне руникалық жазу табылды.
Шығыс Қазақстан облысы Түркі қағандығының әуел баста байрақ көтерген алғаш орталығы болған аймақ ретінде белгілі.Шығыс Қазақстан облысынан жеткілікті мөлшерде руникалық жазба ескерткіштер табылды[6,93-95].
Батыс Қазақстан аймағынан табылған қола айнадағы жазу VI VIII ғасырларда өмір сүрген түркі қағанатына жататын ескерткіш болып табылады.Айнаның жиегінде 14 әріптік жазудан түрантын руникалық жазба бар. «Таш тегрек тег йег есен» жазбаны көне түркі тілінен қазақ тіліне аударсақ «Тас қорғандай игі есендік»деген ақ тілекті білдіретін баталы сөз болып шықты.Дөңгелек қол айнаны Орынбор музейі 1930 жылы Қазақстан Орталық мемлекеттік музейі құрылғанда Республикамызға қатысты мемлекеттік музейге тапсырылған.

ҚОРЫТЫНДЫ


Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері мәдени-тарихи құндылықтармен қатар, лингвистикалық жағынанда аса маңызды әрі құнды деректерге бай жәдігерлер.Біз көне түркі жазба ескерткіштерін зерттей отыра, көне түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне, шығу тарихына қол жеткіземіз.Кез-келген халықтың мәдениетін тарихын қандай да бір шежіре немесе жазба ескерткіштерсіз зерттеп білу мүмкін емес.Сол секілді Орхон-Енесей, Күлтегін, Білге және де Талас жазу ескерткіштері түркі халықтарынының тарихы мен мәдениетінің айнасы.Сонымен қатар көне түркі руникалық жазуы – алғашқы әріп жазуының бір тармағы болып табылады.Бұл алфавитпен жазылған қолжазба ескерткіштер түркі халықтарының жоғарғы тіл мәдениеті мен білім өресінің дәлелі. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің кең қанат жайған аймағы – Оңтүстік Сібір , Моңғолия, Қырғыстан мен қазақстанның кең қанат жайған аймақтары. Түркі руникалық жазба ескерткіштердің тарихи маңызы зор. Жазба ескерткіштерде көне түркі халықтардың мәдениеті тарихы жайлы баяндалған. VII - IXғасырларда көне түркі тайпалары руникалық жазуды кең ауқымда пайдаланған.Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін осы жазба ескерткіштер арқылы білеміз.Тарихи деректерге қарағанда түркі тайпалары жужандардың, тибеттердің қол астында болған.Түркі тайпаларының тарихы жөнінде деректер өз дәуірлерінде Б.Бартольд, П.М. Мелиоранский, В.Томсен кейінгі кездері А.Н Берштам, Л.Н Гумилев зерттеулер жасап құнды деректер жазды.Түркі жазба ескерткіштерінен біз тасқа қашалған сөздерді кездестіреміз «Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер.Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым.Солардың көріңдер, ұғыңдар» - бұл сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.


Түркі халықтары – еуразиядағы ірі этностардың бірі, олардың тарихында маңызды рөл атқарған Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қаған, бізге жеткен Күлтегін, Тоныкөк, Құтлығ, Білге қаған жазба ескерткіштері.Тарихи аренада түркі халықтары V-VIғасырларда пайда болғанымен , табылған көне жазба есмкерткіштер түркі халықтарының көне заманнан келе жатқанының дәлелі.Ежелгі түркі халықтарының мәдениеті жөнінде айтқанда біз бірінші және екінші қағандықтарға негіз болған төрт тайпаны – теле(оғыз), ашина (түркі), Енесей қырғыздары мен қыпшақтарды айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет