1ескі түркі жазба ескерткіштері


Құтлығ(Онгин) – Білге (Могилян) ескерткіштері



бет5/10
Дата04.04.2023
өлшемі462,17 Kb.
#79341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Янгибоева 2 курс истказписьма docx

1.2 Құтлығ(Онгин) – Білге (Могилян) ескерткіштері
Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші.Моңғолиядағы Онгин өзені бойынан 1891 жылы Н.Я Ядринцев тапты.Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші Орхан жазба мұраларының ішіндеі ең көнесі.Бұл жазба ескерткіште Ілтеріс (Құтлығ) қаған мен оның әйелі Ілбілге қатын жөнінде баяндалады.Ілтеріс (Құтлығ) қаған Күлтегін мен Білге Қағанның әкесі. Ескерткіште Құтлығ қағанмен оның ұлдарының жорықтары жазылған.Құтлығ қаған ескерткіші Орхон жазбаларынан графикасы бойынша ерекшелінеді.
Білге қаған (Могилян) ескерткіші.1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан Н.Я Ядринцев тапты. Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі «мәңгі тас» қатарына жататын ескерткіш кешен.Білге қаған жазба ескерткіші құрылысы жағынан, Күлтегін жазба ескерткішіне ұқсас болып келеді.Білге қаған ескерткішінде оғыз, тоғыз-оғыз, құрықан, қырқыз, отұз татар, ұйғыр, қарлұқ, түргеш, үч құрықан сияқты түркі этностарымен қатар, моңғол-манжұр тектес ру тайпалар және де, бөклі челлік ел, түпүт, апар, пұрұм, тағбач т.б отырықшы елдердің тарихы мен мәдениеті туралы деректер келтірілген.Ұлы түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайту және саяси дамыту жолындағы іс-шаралар,жорық-шабуылдар, және олар басып өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селенгі, Ертіс, Езгінті, Мағы қорған т.б елді мекендер мен жер-су аттары жырланады.Жазба ескерткіште інісі Күлтегін иен білгір кеңесшісі Тоныкөк жайлы да жазылған.Ескерткіштегі жазба Күлтегін ескерткішіне ұқсас келген, Білге қаған (Могилянға) арналған.Білге қаған Құтлығ қағанның үлкен ұлы, Қапаған қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырған.Жазба екерткіште сол кездегі түркі тайпалары, дәлірек айтқанда оғыз, қыпшақ, қарлук, чік , чігіл, ұйғыр,татарлар жайлы құнды деректер жазылған.Білге қаған 638 -734 жылдар аралығында өмір сүрген.Өз заманының ақылды ,әрі жаужүрек батыры болған деректер бар.Білге қаған жайлы жазба ескерткішті оның туысы – Иоллығ тегін жазған деректер бар. 716 жылы Могилян таққа отырғаннан кейін, «Білге Қаған» деген атқа ие болады.Білге қаған деген лауазым ол кезде «билік жүргізуші көреген ,білгір хан» деген ұғымды білдірген. Көптеген түркі тайпалары Білге қаған ел билігін өз қолына алғанға дейін тұрмыстың қиындығына шыдамай , әр жақа бытырап көшкен деген жазбалар бар.Білге билікке келгеннен кейін , енді олар Білге қағанның маңайына жиналып, ел бола бастайды деп көрсетілген. Қағанның ұйғаруы бойынша олардың астанасы Өтүкен тауы болған. Ескерткіштің тағы бір құнды жері – топонимдер (жер-су аттары).Хандықтың VI ғасырдағы құрылған кезінен бастап, әр түрлі тайпаны бағындыру тізе біктіру мақсатымен жасаған жорықтарды сипаттағанда шығыста Қадырқан (Үлкен Хинган) таулары, батыста Темір Қапығ (Гиссар жотасындағы Бузгала өткелі) және Кенгү Тарбан сиякты жер-су аттары бар[6,86].Жазба ескерткіште Могиланның қырғыз, қарлұқ, түргеш, байырқұ, тонгра сияқты тайпалармен соғысытары нақты көрсетілген. Могиланның тағбаштармен соғыстық дегені де айтылады.Бірақ соғыстардың болған кезі мен жері айтылмаған. Жазуда сыртқы соғыстар аз баяндалғанымен, тайпалар арасында жүргізілген ішкі соғыстар түгелдей дерлік жазылған.Ішкі бүліншіктер Могилан кезінде туған.Мысалы оған дәлел: Могиланның қырғызбен жауласқаны.Жазуда Иоллығ Тегін біз қырғызға қарсы 27 жорық жасап, 13 рет шайқастық жеңді «елдігін әлсіреттік, қағандығын жойдық, тізеліні бүктірдік, бастыны еңкейттік» дейді. Қайтуда Ертіс бойындағы түргештерді шаптық, «түргеш өз еліміз еді, білместігі үшін, бізге жаулығы үшін қағаны өлді, бектері қырғын тапты» деген жазу жолдары бар. Жазба ескерткіште Тоныкөк жайлыда жазьалар кездеседі. Телес саясатын қолданған Могилан ішкі және сыртқы саясатқа бірдей шорқақ болған. Тоныкөк « мен шадтардың ең ұлығына ердім» десе, ол айтқаны Могилан болатын[5,31.32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет