1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


Жалғасқан мүдде және орыс-қазақ мектептерінің ашылуы



бет33/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе

Жалғасқан мүдде және орыс-қазақ мектептерінің ашылуы
Қазақ даласында жаңа әкімшілік-территориялық бірліктердің және оларға сай басқару аппараттарының пайда болуына байланысты білімді шенеуніктерге сұраныс өсті. Қазақ жастарына білім, тәрбие беруде 1850-1869 жылдары жұмыс жасаған Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан ашылған қазақ мектеп-интернаты ерекше рөл атқарды. Шекаралық комиссия Кіші жүздегі сұлтандар мен дистанциялық бастықтары жанында іс жүргізе алатын, сонымен қатар тек қазақтар ғана тағайындала алатын қызмет орындарында жұмыс істеуге қабілетті қызметкерлер даярлау үшін 1844 жылы 14 маусымда арнаулы ереже қабылдады. Бұл мектептерді ашудағы мақсаттардың бірі – Орынбор әкімшілігіне қажетті қызметкерлер дайындау еді. Сол себепті В.В. Григорьев қазақ мектебін болашақта дамыту туралы айта келіп, бұл мектепті орыс-қазақ мектебіне айналдыру қажеттігі туралы сөз қозғаған бірінші адам болды. Ол қазақ балаларының орыстармен етене араласуы ауызекі орыс тілін тез игеруге көмектесетінін айтты.
ХІХ ғасырдың 60-ыншы жылдары Қазақстан Ресей империясына қосылуы аяқталып, Далада Ресей үкіметінің саяси ұстанымы нығайғаннан кейін орыс билігінің адында жаңа міндеттер тұрды. Ол білім ошақтарында қазақ балаларын орыс тіліне оқытып, нәтижесінде Даладағы іс-қағазды орыс тілінде жүргізуді көздеді.
Сонымен қатар болыстық басқармаларда хатшы қызметіне орыс тілін білетін қазақтарды тарту үшін жергілікті әкімшілік оларды қызметтері үшін көмек көрсету жүйесін жасады. Медальдармен, мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтар секілді дүниелермен марапаттады.
Осылайша ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей үкіметі жинақталып қазақ шенеуніктігінің қалыптасу процесін заңнамаларды ықшамдап белгілі бір жағдай жасады.
74. «КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде  Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды. Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. КСРО унитарлы болды деп есептеймін, себебі, сол ортақ Конституция барлық республикаларға тән болды. Барлық республикалар бір Орталыққа бағынды.
75. XX ғасырдағы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
1. 1917 жылы халық санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ ұлтының құрамы басым еді.
 2. Оңтүстік облыстарды қосу нәтижесінде Қазақстан аумағы ұлғайды. Қазақ АКСР-і одақтас республикалар арасында көлемі жағынан екінші орын алды. Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, күш-қуаты артты.
 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның демографиялық көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі бойынша 6,2 млн адамды құрады. Полиэтникалық республикамызда 86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді.
3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамы өзгерді. 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 30-жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды. 1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7% адамды құрады. 1937 жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс емес деп танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық санының азаюын көшіп кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ жүргізгендердің біразы қуғын-сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл санақ материалдары жарияланбай, ұзақ уақыт бойы КСРО мұрағаттарында сақталып қалды. 1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн адам болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. Ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес салмағының 40%-ын орыстар құрады.
4. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықтар депортациясы болды. ХХ ғасырдың 30–40-жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге асырды. 1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың саны 360 мың адамға жетті. 1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды.
Қуғын-сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші отанын тапты. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті.
1937 жылы Қиыр Шығыстан корей халқы да жаппай күштеп қоныс аударылды.
1937–1938 жылдары Кавказдан шегара аймақтарында тұратын күрд, ирандықтар мен түріктер «сенімсіз халықтар» деген желеумен көшірілді. 1937 жылдың соңында Әзірбайжан, Армения КСР-і елдерінен мыңнан астам күрд, түрік отбасылары Қазақстанға әкелінді. Оларды, негізінен, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының ауылдарына орналастырды. 1938 жылдың қазан-қараша айларында Әзірбайжаннан осы облыстарға ирандық 2000 отбасы қоныстандырылды.
 5. Соғыс жылдарындағы кеңес өкіметінің депортациялық саясаты. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазақстанға жүздеген мың адам еріксіз көшіріліп әкелінді. Жалпы соғыс жылдары алпыстан астам ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды. 1941 жылы қыркүйек айында депортацияның алғашқы легі кеңестік немістерді көшіру науқанынан басталды. 1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды. Арнайы қоныс аударылғандар көбінесе тек елді мекендерге орналастырылды. Үй-жай, мал-мүлігін тастап, көшу кезінде оларға өзімен бірге тек қажетті заттарды ғана алып кетуге рұқсат берілді. Ұлты неміс әскери басшылар мен әскер қатарындағылар армиядан аластатылды. Неміс халқы республиканың облыс орталықтарынан көшіріліп, соғыс кезінде өндіріс орындарындағы ауыр жұмыстарға жаппай жұмылдырылды, МТС, совхоздар мен колхоздарға жіберілді.
1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар күштеп көшіріле бастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам депортацияланды. Сол жылы Еділ қалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына және Оралға жер аударылды. Жалпы 100 мыңға жуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы немесе 2 268 адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды.
1944 жылы қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і жеріне шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім қабылданды. Аталған халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды.
6. Бүкілодақтық санақ қорытындылары бойынша халықтың ұлттық құрамындағы өзгерістер. 50-жылдардың ортасында КСРО-ның одақтас республикаларынан ағылған жүздеген мың тың игерушілер есебінен көбейді.1959–1970 жылдары Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны азайып, ұлттық құрамында қазақтардың үлесі ұлғайғаны байқалады.
 Қазақстан халқын 13 млн адам құрады. 1970–1989 жылдары Қазақстандағы қазақтардың негізгі этнодемографиялық сипаттамасы: халық аштықтың және 30-жылдардың қуғын-сүргін салдарынан қалпына келе бастауы еді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтар саны көбейді. Ұзақ жылдар бойы солтүстік және шығыс аймақтарда азшылықты құраған қазақтардың үлесі артқаны байқалды.
ХХ ғасырдың 30–40-жылдары кеңестік биліктің қысымымен Қазақстанға қоныс аударылғандар мен жергілікті тұрғындар арасында мәдени тұрғыда қарым-қатынас орнықты. Қоныс аударғандар қазақ тілін меңгерді, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағам мен киім кию салтын да қабылдай бастады. Өз кезегінде жергілікті қазақтар жаңадан көшіп келгендердің музыкасы, тағам мәзірі, бау-бақша өсіру тәсілдерін меңгерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет