Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті – «Ең таяу даму зонасын» жасау.
Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны).
Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).
Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті).
Оқыту әдістері.
Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.
Оқыту нәтижелері.
Әдебиеттер:
Я.А.Коменский Дидактика. Избр., пед. Соч., 1995
Ж.Аймауытов Дидактика., оқу құралы, 1922
М.Н.Скаткин Проблема современной дидактики., М.: 1984
Основы дидактики (Под. ред Б.Т.Есипова) М.: 1967
М.И.Махмутова Организация проблемного обучения в школе., М.: 1977
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика., оқу құралы, Алматы, 2000 – 384б
Г.К.Ахметова, З.Ә.Исаева, Н.С.Әлқожаева Педагогика., оқулық, Алматы, 2006 – 220б.
11 лекция: Спорттағы қозғалыстық жетілудің психологиялық негізі.
Техникалық дайындықтың психологиялық негізі
Идеомоторлы елестетулер мен олардың жоғары қызметтілігі.
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскетліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті, дамиды, ғылыми-матералистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет.
Оқушыларды біліммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру.
Білім мазмұнында әлеуметтік-экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негізде жүзеге асыру.
Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудің тұрмыс, мәдениет және ғылым саласындағы маңыздылығы.
Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы – теориялық, практикалық білімнің негізі.
Жалпы білім оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.
Ғылыми-жаратылыс пәндері (физика, математика, химия, биология т.б.) табиғат заңдылықтары жайында оқушыларға терең білім береді, олардың ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі құралы. Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамның даму заңдарымен таныстырады. Әртүрлі тілдер қоршаған шындықты танудың, ойлау аппаратын дамытудың, қарым-қатынас жасаудың құралы. Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі іс-әрекетерінің процесінде олар іскерлікке, дағдыға иемденеді. Еңбек сабақтары кәсіптік бағдар беру ісіне болымды әсер етеді.
Білім беру мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйге келтіріледі.
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты істеліп жатқан жұмыстар көптеп саналады. Солардың бірі «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы».
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының объективті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі дидактикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |