1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ХVII-ХVШ ғғ. билердің қоғамдық рөліне сипаттама беріңіз. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің қызметі



бет22/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
23.ХVII-ХVШ ғғ. билердің қоғамдық рөліне сипаттама беріңіз. Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің қызметі.
Қазақтың атақты үш биінің есімдері – Төле би Әлібекұлы (1663-1765), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) – олардың мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы тұрғысынан, шешендік өнерінің және поэтикалық шеберлігінің күші жағынан халықтың жадында мәңгілік сақталып қалды және тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге одан тыс жерлерде де танылды.Даналық, аңғарғыш ақыл, аналитикалық ойлау қабілеті, ата-бабалармен жинақталған заң білімдерінің жиынтығын иелену, тайпаның, рудың, ауылдың, қаланың, аймақтың, жүздің, бүкіл Ұлы даланың өмірінің дәстүр-салттық тәртібінің егжей-тегжейінде бағдарлану және міндетті түрде – жеке тұлғаның дақ түспеген моральдық-адамгершілік қасиеттерімен бірлескен шешендік өнердің жоғары деңгейі адамға таңдаулы би болу құқығын берген.
Әйтеке би (шын аты Айтық) Байбекұлы. Оның өмірбаяны туралы мәліметтер өте мардымсыз, туылған жері мен күні де белгісіз. Ол Бұхараның жанында туылған және дүниеден өткен күні шамамен 1682-1766 жж. деп жорамалдайды. Бірақ оның үш жүзді біріктіру себебі бойынша кеңеске шешуші қатысуы белгілі. Ол үйдегі де, мектептегі де (Бұхарадағы медресе) тәрбие мен білім алу жолынан оның ағасы болып келетін Самарқандтағы Шардара және Телеқара құрылысымен әйгілі, қоғамдық және саяси қайраткер Жалаңтөстің тәлімгерлігімен өтті. 20 жасында Әйтеке би атақты би болды, 30 жасында Кіші жүздің аға биі атанды және содан бері оның есімі Төле бимен, Қазыбек бимен, сондай-ақ Тәуке ханмен қатар тұрады.
Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би-де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарапалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.Сонымен бірге Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікті Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке жібере отырып, ол Ресейдің қол астына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға ниетін құптай отырып, екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қазыбек би қазақ елшілігінің құрамында жоңғарларға бірнеше рет барып келген, соның нәтижесінде татулық пен бейбітшілік орнатылған. Бір кезде Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда, Қазыбек би Абылайды құтқару үшін үлкен табандылығын көрсеткен.Қазыбек би қазақ халқының тағдығырында шешуші рөлін атқарған: қазақ халқын біріктірген, орталықтандырылған мемлекетті құрғандардың бірі болған еді. 1680 жылы Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Тәуке хан Төле, Әйтеке, Қазыбек билерге жаңа заң жобасын — «Жеті жарғыны» жасатып, бүкіл халық алдында қабылдатты.азыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға өз бағасын дұрыс бере отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке, руаралық дауларды тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен достық қарым-қатынастарды орнатуға шақырып жүрген. Әділдік пен алғырлыр — оның би қызметіне тән болған белгілер. Ол өмір бойы өз халқының қамын ойлап жүрген. Әркезде әділ билігін айтып отырған. Халық ауыз әдебиетінде Қазыбек бидің нақыл сөздері өте көп сақталған.Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында дүниеден өткен.
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.Байбекұлы Әйтеке Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола отырып, «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруге қомақты үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайтуға бағытында маңызды рөл атқарды.Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты.Әйтеке би 25 жасынан бастап алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрған. Тәуке ханнан бері дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін боған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен дейді.
Сонымен, қазақтың үш биі — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қазақ мемлекетінің, қазақтардың «Жеті жарғы» заңдар жинағының жетілуі мен дамуында, қазақ халқын ойраттар шапқыншылығы қарсы біріктіруде елеулі рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет