1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1824 жж. реформаларға талдау жасаңыз. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің ашылуы



бет25/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

27.1822-1824 жж. реформаларға талдау жасаңыз. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің ашылуы.
Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті. Бұл қазақтардың жерін тартып алу барысында айқын көрінді. Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін қосып алып, жаңадан Жаңа Елек шебін құрды. Жаңа Елек шебі Жайық, Елек, Құралай және Бер-1822–1824 жылдардағы жарғыларды енгi- зудiң салдары. Бұл жарғылар, негiзiнен алғанда, алысты көздейтiн арам ниеттi пиғылмен жасалған едi. Соның салдарынан Кiшi жүз бен Орта жүз қа- зақтары өздерiнiң тәуелсіздiгiнен айырылып қалды. Қазақстан бiрте-бiрте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көшi-қон шеңберiн тарылтты, еркiн көшу бостандығы мүмкiн болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқан рулық ұжымдар бiр- бiрiмен мидай араласып кеттi. Бiр кездегi дамыған көшпелi малшаруашылығы тұйыққа тiрелiп, жағдай күрт құлдырай бастады.Округтiк приказдар империяның Қазақстан аумағындағы және Орта Азия иелiктерiндегi әскери-отаршылдық әрекеттерiн одан әрi өршiтудiң әзiрлiк алаңдарына айналды. Сұлтандардың бiр бөлiгi әсi- ресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезiнде ескерусiз қалған бөлiгi, патша үкiметiнiң реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтар- дың бiрқатары қарулы көтерiлiске ұласты. 822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жа- риялады. Елек өзені бойындағы жерлерді қай- тарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды. Ресей империясының жазалаушы әскері 1825 жылы көтерілісшілерге шабуыл жасап, қара- пайым халықты аяусыз қырып-жойды.Жоламан Тіленшіұлы көтерілісін қатаң жазалаған патша үкіметі қазақтардың байырғы қоныстарын кең көлемде тартып ала бастады. Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылды. 1835 жылы Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін шегаралық шеп қазақ даласының ішкі жағына қарай жылжытылды. Жаңашеп аймағы құрылды. Осының бәрі отаршылдыққа қарсы жаңа көтерілістің тууына алып келді. 1825 жылы көтерілісті Қарқаралы округі қазақтарының басқарушы сұлтаны Саржан Қа- сымұлы басқарды. 1826 жылы Саржан Қасымұлы жасағы патша үкіметінің әскеріне қарсы ашықтан ашық шайқасқа шықты. Алайда олар жеңіліске ұшырады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер жеңіліс тапқанымен, қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында ерекше орын алады.
Хандық биXIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.
XVIII – XIX ғғ. Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында айтулы роль ойнаған атақты Абылай, Қасым, Кенесары хандардың ордалары орналасты.Көкшетау қаласының іргетасы әскери қоныс, Көкшетау сыртқы округының әкімшілік орталығы ретінде қаланды. Оның ресми ашылуы 1824 жылдың 29 қаңтарында Бурабайда, Көкшетау тауының оңтүстік беткейінде жүзеге асты. 1824 жылы 17 қыркүйекте Көкшетау окруктік приказы ресми тізімге енгізілді.
28.И. Тайманов пен М. Өтемісов басқарған Бөкей Ордасы қазақтарының көтерілісіне (1836-1838 жж.), Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық қозғалысына (1837-1847 жж.) сипаттама беріңіз.
1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды.Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді.Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
1-ші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.Көтерілістің жеңілу себептері:

  • Үстем тап өкілдерінің опасыздығы;

  • Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы;

  • Қару-жарақ теңсіздігі;

  • Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі;

  • Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы;

  • Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы;

  • Көтерілістің жергілікті сипатта болуы.

Нәтижесі:

  • Салық мөлшеріне шек қойылды;

  • Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды;

  • Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегенін дәлелдеді;

  • Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару әкімшілігімен байланыста екенін көрсетті;

Әртүрлі халық өкілдерінің қанаушыларға қарсы біріккен күресінің негізі қаланды.Кіші жүзге келген патшаның жазалаушы әскері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды.Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.1838 жылы Кенесары әскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дәріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге межбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды.Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет