1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметіне, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіне, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына сипаттама беріңіз



бет28/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

31.ХІХ ғ. 2-ші жартысындағы Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметіне, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіне, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына сипаттама беріңіз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Шоқанға ата-анасының азан шақырып қойған аты – Мұхаммедханафия. Шоқанның балалық шағы атақонысы Сырымбетте өткен. Шоқан 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында жинаған материалдарының негізінде «Тәңірі (Құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазған. Шоқан 1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы материалдар жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапардағы материалдары бойынша «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар»,«Қазақтың халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектер жазған. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса жоғары бағалаған. 1857 жылы небәрі жиырма екі жасында әйгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тяншанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға әйгілі саяхатын жасайды. Ресей тарапынан да зерттелмеген таныс емес беймәлім өлкенің тілі, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, жағырапиясы жайлы Шоқан жинаған мәліметтер бүкіл әлемдік ғылым саласына қосылған үлкен үлес болатын. Шоқан 1863-1864 жылдары Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазған.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушы ұстазы, алғашқы аудармашы, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай өңірінде дүниеге келген. Үш жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Балқожа Жаңбыршыұлы – қазақ даласына әйгілі билердің бірі болған. Болашақты болжағыш Балқожа немересі Ыбырайды бес жастан бастап Орынборда ашылмақ болған орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойған. 1850 жылы аталмыш мектеп ашылғанда түскен отыз қазақ баласының бірі – Ыбырай Алтынсарин еді. Қазақ балаларын оқытуды, қазақ балаларына арнап мектеп ашуды мақсат еткен Ыбырай 1860 жылы Торғайға барады. Мектеп 1864 жылы ашылғанда Ыбырай балаларды оқыту ісіне «қойға шапқан аш қасқырдай қызу кіріседі». Қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөлген Ыбырай 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырып, ұлы ағартушыға тән еңбек еткен. Қазақ даласында мектептер санының көбеюі мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тәртібіне қояды. 1881 жылы Омск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. 1879 жылы Орынбордан орыс әліпбиі негізінде «Қазақ хрестоматиясын» шығарған. Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы небәрі 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болған. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыс тауының бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Абай әлемі, оның өлеңдері мен қара сөздері бір халық қана, яғни қазақтың рухани жан дүниесінің сәулесі болған жоқ. Ол әлемдік деңгейде талданып, үлкен сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы. Себебі Абай әлемі кешегі парсы, араб, кейінгі орыс мәдениетімен ұштасып жатыр. Оған дананың өзі алған білімдері мен айтқан сөздері куә. Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рақат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолы-на жұмылдырады: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз” дейді. Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырамдайды: “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” дейді. Абай ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осыда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет