32.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы үдерісіне сипаттама беріңіз. Қазақстанның оңтүстігінің қосылуы. Әлеуметтік-экономикалық салдары. Қз-нның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы- Ұлы ж Ресейдің қоластына Кіші ж-бен Орта ж-ден кейін өтті. Өйткені XIX ғ 20 ж Ұлы ж-дің 1 бөлігі, Орта + Кіші ж-дердің оңтүстік аймақтары Хиуа + Қоқан, Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуыл жасап отырды.
1821ж Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10.000 асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.
Патша үкіметі Оңтүстік Қз өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды Қоқан әскерін жеңеді.1863 ж Қоңыраттың 4.000 жуық, бестаңбалы руының 5.000 жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды.
Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды.
Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен қатар Қз-нның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас+ сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие , қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда болды.