1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін сипаттаңыз. Өнеркәсіптің, қалалардың, көлік жүйесінің дамуы



бет31/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

35.ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін сипаттаңыз. Өнеркәсіптің, қалалардың, көлік жүйесінің дамуы.
Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы.Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
— қалалар мен темір жолдар салынды;
— тауар-ақша қатынастары дамыды;
—көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
— әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).
Алайда Қазақстанға капитализм белгілері өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді.Аймақта сауда өндірісі өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды.
Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды мал және ет саудасы, екінші орынды нан, үшіншіден — өнеркәсіп тауарлары иеленді.
Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік өндіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. ХІХ ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті.
Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері болды. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе өлкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 ж. негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.Баяу болса да ұсақ өнеркәсіптерге жаңа техника мен технология енгізіле бастады. Мәселен, тоқыма, ұста, пима басу, тері өңдеу, ұн тарту, май шайқау өнеркәсіптерінде жаңа өндіріс құрал- жабдықтары пайда болды.Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін өнеркәсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын және т.б. кәсіпорындар ұсақ қол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй кәсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, көбінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды.Тұтастай алғанда өнеркәсіп революциясы аяқталып үлгермеді. Қазақстан Ресей өнеркәсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет