1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ХІХ ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров басқарған қазақтардың көтерілістеріне сипаттама беріңіз



бет27/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

30.ХІХ ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет Көтібаров басқарған қазақтардың көтерілістеріне сипаттама беріңіз.
19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен белгілі. 19 ғасырдың ортасында болған Сырдария бойындағы көтерілістің себебі: Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты. 1845 жылғы көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді жойып жіберді. 1847 жылы Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. Жанқожа бірігіп соғысу үшін қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды. Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. Орынбор әкімшілігі Есет батырды ұстауды сұлтан Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады.19 ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі, Ташкенттен Жетісуға дейінгі жерлер Қоқан хандығына тəуелді болды. Қоқан хандығының езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс 1858 жылы наурызда Əулиеата маңында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары. Көтерілістің себебі: Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз жақындарына беруі. Қыздар мен тұрмыс құрмаған əйелдерге қосымша салық салуы. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет