1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1914-1918 жж.). 1916 жылғы халық-азаттық көтеріліс



бет34/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

39.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1914-1918 жж.). 1916 жылғы халық-азаттық көтеріліс.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914ж.19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды.Соғысқа қатысушы басты одақтар:Үштік одақ – Германия, Австрия-Венгрия, Италия.Антанта – Англия, Франция, Ресей
Соғыстың сипаты – басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.Себептері:Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі;Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы;
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүниежүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.Бірінші джс-ға Ресей дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік потенциалы төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.Бұл соғыс барлық халықтарға, соның ішінде ҚЗ да аса ауыр зардаптарын тигізді. ҚЗ майданы ауыр шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі ҚЗды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді.
1. 40899244 пұт мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн пұт мақта майы
4. 229 мың пұт сабын
5. 300 мың пұт ет
6. 473928 пұт балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды.
Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет