1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1907 жж. бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз



бет32/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

36.1905-1907 жж. бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз. .
1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде казақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.Қазак халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: «Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі», — деп ашық айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет