37.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселеге сипаттама беріңіз. Столыпин реформалары.
XXғ.басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, ҚЗда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді.Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді.Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. 1906ж. Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Мәселен 1895-1905жж. Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 300мыңға жуық адам қоныстанса, кейінгі жылдары қоныстанушылар саны 770 мың адамға жеткен.
38.Ресейдегі I және II Мемлекеттік Думалардағы қазақ депутаттарының қызметін сипаттаңыз. Бірінші Мемлекеттік Дума – Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11.12 Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. Бірінші Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 4 депутат: Торғай обл: А. Бірімжанов
Орал обл: А. Қалменов
Семей обл: Ә. Бөкейханов
Ақмола обл: Ш. Қосшығұлов сайланды.
Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған:
Уфа губ: С. Жантөрин Астрахан губ: Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. Бірінші Мемлекеттік Думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтауды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
Екінші Мемлекеттік Дума – Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың екінщі рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 ж. 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 ж. 11.12 сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқының депутаттыққа:
Оралдан: Б. Қаратаев
Ақмоладан: Ш. Қосшығұлов
Торғайдан: А. Бірімжанов
Семейден: Т. Нұрекенов
Жетісудан: М. Тынышбаев
Сырдариядан: Т. Алдабергенов
Астраханнан: Б. Құлманов сайланды.
Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция «Мұсылман фракциясы» және «Мұсылман қызмет фракциясы» болып 2 топқа бөлінді. 1907 ж. 21.04 мұсылман депутаттары «Дума» газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен күрес жүргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына Тынышбаев конституциялық-демократияялық фракция құрамына кірді.1907 ж. 3 маусымда таратылды.