17.Қазақ жүздерінің құрылу үдерісі, олардың этникалық құрамы+аумағына сипаттама.
«Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді.XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды. 14-15ғғ. тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне енуі салдарынан ҚЗ аумағында үш жүз құрылды. Қазақ жүздеріне енетін тайпалар бір бірімен ортақ көшу бағыттарымен байланыста болды. Ұлы жүз Жетісудан Сырдарияға дейінгі жерлерде орналасты. Құрамы: үйсін,қаңлы,дулат,албан,суан,сіргелі,ысты,шапырашты,жалайыр т.б. тайпалар. Орта жүз Орталық,Солтүстік Шығыс ҚЗ аудандарын мекендеді. Құрамы.қыпшақ,арғын,найман,керей,қоырат,уақ тайпалары.Кіші жүз Батыс ҚЗ,Сырдария сағаларынан Арал теңізі,Каспий теңізі жағалауының солт. жерлерді мекендеді. ҚҰрамы: алшын,адай,байбақты,жаппас,қарасақал,қаракесек т.б. тайпалар.
18.Қазақ хандығының Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан билігі кезіндегі ішкі және сыртқы саясатына сипаттама беріңіз. Қасым хан (1511-1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі.Жәнібек ханның ұлы.Қазақтың төртінші ханы.Қасым хан хандықтың күшею кезеңін соңына дейін жүргізген билеуші.1510ж. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ жеріне жасаған жорығына тойтарыс беріп,оның әскерін Ұлытаудағы ұрыс барысында тас талқан етіп жеңеді. Осы оқиғадан кейін Бұрындық хан амалсыздан Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болып, Қасым хан Қазақ елінің тағын иеленеді. 1511-1512жж. Мауереннахрдағы саяси дағдарысты пайдаланып, оңт.бағытта Ташкентке дейінгі жерлерді Қазақ хандығына қосып алады.Қасым хан тұсында елдің ішкі бірлігі тұрақтанып, қазақ халқының саны бір млн жетеді.Ішкі қоғамдық тұрақтарды реттейтін "Қасым ханның қасқа жолы" атты заңдар жинағы өмірге келеді.
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханныңХанық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Билігі--Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Билігінің алғашқы он жылдығында сыртқы қатынастарда белсенділік көрсетпейді,ішкі қатынастарды реттеуге күш салады. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Тәуекел хан- 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.1586ж. Тәуекел хан алғаш рет Абдаллахтың иелігіндегі Ташкент өңіріне жорық ұйымдастырады. Келесі жылдары Тәуекел хан негізгі қарсыласымен күресу үшін басқа көршілерімен қарым қатынас орнатуға ұмтылады.1590ж орт. Мәскеумен елшілік байланыс орнатады. 1597ж және 1598ж. екі рет мауереннахрға жорық жасап, екінші жорық барысында Ташкент,Самарқанд қалалары мен өңірлерін бағындырады.Тәуекел ханның Мауереннахрға жасаған жорықтарының қорытындысы бойынша Сырдария өзені бойындағы жерлер Ташкент қаласымен қоса Қазақ хандығының құрамына енеді.Сөйтіп Тәуекел ханның тұсында Қазақ халқының этностық аумағының қалыптасуы аяқталады.
Есім хан-Шығай ханның ұлы, Тәуекел ханның інісі.1598-1616жж. және 1627-1628жж. билік құрған. Есім хан қазақ тағына екі рет отырған билеуші.Сыр бойындағы Яссы қаласын Қазақ хандығының саяси орталығына айналдыры, ол Түркістан деп атала бастады.Сол тұстан бастап қазақ хандары мен атақты сұлтандар мен белгілі тарихи тұлғалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына жерленген. Қалыптасқан жаңа уақыт талаптарына сай қоғамдық қатынасты реттеу үшін бұрынғы заңдарды жаңғыртады. Ел аузында ол заңдар "Есім ханның ескі жолы" деген атаумен қалады. Ташкенттегі қазақ билеушісі Тұрсын Мұхаммед ханмен қайшылықта болып,1616-1624жж. Шығыс Түркістанға кетуге мәжбүр болады.Кейіннен Тұрсын Мұхаммед ханмен келісіп, Түркістанға қайта оралады.1627ж. опасыздығы үшін Тұрсын ханға қарсы шығып, оны өлтіреді, ал өзі келесі жылы қайтыс болады. Есім ханның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына жерленді.
Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.1635ж. алғашқы қазақ жоңғар соғысында Жәңгір сұлтан жоңғарларға тұтқынға түседі,бірақ көп ұзамай жоңғар тұтқынынан босап шығады.Жоңғария құрылтайының басшысы Хұнделен тайшының қызына үйленеді. Болашақ қазақ ханы Тәуке хан осы некеден дүниеге келеді.1643-1644жж. қыс айларындағы жоңғарлардың қазақтарға жорығында 50мыңдық жау әскеріне 600 қазақ сарбазымен Орбұлақ деген жерде тойтарыс берді. Самарқаннан Жалаңтөс батыр бастаған 20000 әскер келіп жетеді де, жоңғар хонтайшысы кері шегінеді. Осы шайқастан кейін көп ұзамай ағасы қайтыс болып,Жәңгір хан тақты иеленеді.1652ж кезекті қазақ жоңғар соғыстарының бірінде Жәңгір хан қаза табады. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанына жерленген.