Нұсқауы: сізге 5 ретті сан тізбегі оқылады. Сіздің міндетіңіз бұл сандарды оқылу реті бойынша еске сақтауыңыз қажет. Бұдан кейін ойша бір санды екінші, 2-ші 3-ші, 3-ші 4-ші, 4-ші 5-ші, ал алынған төрт қосындыны жауап парағына жазу. Оперативті ес кестесінің тізбегі бойынша. Оқылатын сан тізбегіне назар аударыңыз. Соңғы сандардағы екпінге мән беріңіз. Мысалы, оқимын: 2,5,3,1,4. Қосамын: 2+5=7, 5+3=8, 3+1=4, 1+4=5.
Жазасыз: 7,8,4,5. Бұл операцияларды сіз ойша орындауыңыз керек. Қазір сізге сандар оқылады. Карныдаш алыңыз! Зейін бөліңіз!
1 нұсқау:
1) 5,2,7,1,4 (үзіліс 8 секунд) 6) 4,2,3,1,5
2) 3,5,4,2,5 7) 3,1,5,2,6
3) 7,1,4,3,2 8) 2,3,6,1,4
4) 2,6,2,5,3 9) 5,2,6,3,2.
Зерттелушіге бір ретті сандар оқылады. Міндеті бұл сандарды есте сақтау, бірақ бұл ойша жүзеге асады, алдыңғы санның қосындысы қағаз бетінде тіркеледі. 5 тізбекті 10 рет беріледі.
Қосындысының максималды саны – 40, ортасындағы үзіліс 15 секунд, жалпы сандар қосындысы 9-дан аспайды. Жауаптары тізбек бойынша жазылады.
Жұмыс бастамас бұрын зерттелушіге жауап жазатын парақты даярлау. Жұмыс процесінде олардың сандарды жазып алмауларына көз жеткізу. Қорытынды құрылымы: оперативті естің бағалануы кесте бойынша дұрыс белгіленген сандар тізбегіне байланысты.
Ұпай көрсеткіштерінің шкаласы:
5 ұпай – оперативті естің жоғары деңгейде дамуы;
4- ұпай – жақсы дамыған оперативті ес;
3 ұпай – қанағаттанарлық дамыған оперативті ес;
2 ұпай – нашар дамыған оперативті ес.
10– апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 27.03. – 01.04.2023ж.
1. Ойлауды зерттеуге арналған әдістемелер.
Нұсқау: берілген тапсырманы оқып шығып , егер келіссеңіз «+», ал келіспесеңіз «-» қойып берілген жауап парағына белгілеңіз.
Мен біреуге түсіндіргенше, өзім істегенді ұнатамын.
Маған компьютерлік бағдарлама құру қызықты.
Мен кітап оқығанды жақсы көремін.
Маған бейнелеу өнері, архитектура, скульптура, ән – күй пәндері ұнайды.
Мен қалып қойған тапсырманы жақсартуға тырысамын.
Заттарды сурет арқылы түсіндіргенді жақсы көремін.
Мен шахмат ойнағанды жақсы көремін.
Мен өз ойымды ауызша және жазбаша тез мазмұндай аламын.
Мен кітап оқыған кезде нақты кейіпкерлердің бейнесі елестейді.
Қажеттілік етілген жұмыс маған қиындық туғызбайды.
Маған бәрін өз қолыммен істеген ұнайды.
Мен балалық шақты өз шифрымды шығарып жолдастарыммен хат жазысып тұрдым.
Мен сөз мағынасына көбірек мән беремін.
Таныс әуен белгілі бір бейнені көзіме елестетеді.
Адам өмірін әртүрлі әуестік бай және ашық қылады.
Есеп шығарған кезде мен қателерді талдап, тез ұғынамын.
Физикалық табиғат құбылысы мені қызықтырады.
Мені телерадио бағдарламасында жүзгізуші және журналист жұмысы қызықтырады.
Маған табиғатта өмір сүрмейтін жануарлармен заттарды елестету оңай.
Нәтижесіне қарағанда маған процесстің өзі ұнайды.
Мен кішкентай кезімде «Лего» констурукторын құрастырғанды ұнататынмын.
Мен математика , физика пәндерін ұнатамын.
Мен кейбір өлеңдерге мүлтіксіз және тереңіреу таңырқаймын.
Таныс иіс менің өткен өмірімді елестетеді.
Мен өз өмірімде қиын жүйеге бағынғым келмейді.
Мен әуен естіген кезде билегім келеді.
Мен математикалық формуланы жақсы түсінемін.
Мен кез келген дәрісханада өзімді еркін ұстай аламын.
Мен спектакль , концерт, көрмелерге барғанды ұнатамын.
Басқаларға анық болса да мен күмәнданамын.
Мен өз қолымнан істегенді ұнатамын. Мысалы: тоқыма тоқу, тігу, ұсталық ету.
Ежелгі жазуды түсіну маған өте қызықты.
Таныс емес фраза грамматиканы тез ұғынып аламын.
Әсемдік – өмірді қорғайды дегенмен келісемін.
Мен бір жолмен жүргенді ұнатпаймын.
Шындық ол өз көзіңмен көрген нәрсе.
Мен таңба, формулаларды тез есімде сақтаймын.
Әңгіме айтқанда, жолдастарым мені тыңдағанды ұнатады.
Әңгімеде мен кейіпке кіріп кете аламын.
Мен жұмысымды аяғына дейін орындағанша дамыл таппаймын.
Жауап бланкісі:
3-Ә
|
А-С
|
С-Л
|
К-Б
|
К
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
34
|
35
|
36
|
37
|
38
|
39
|
40
|
Нәтижелерді өңдеу және талдау:
Әр бағандағы плюс белгілерінің қосындысын соңғы бос торкөзге жазу керек. Әрбір баған белгілі бір ойлау типін білдіреді. Әр бағанның соңындағы сан сол ойлау типінің даму деңгейін білдіреді (0-2 – төмен, 3-5 – орташа,
6-8 – жоғары).
3-Ә Заттық – әрекеттік ойлау істің адамдарына тән. Олар туралы әдетте «қолы алтын» деп жатады. Олар ақпаратты әрекет арқылы жақсы меңгереді. Оларда әдетте қозғалыс координациялары жақсы жетілген. Бізді қоршаған заттық әлем солардың қолымен жасалған. Олар машина жүзгізеді, станоктарда тұрады, компьютерлерді жинақтайды. Оларсыз ең жарқын идеяның өзін іске асыру мүмкін емес. Көптеген спортсмендер мен бишілерде де ойлаудың осы түрі жақсы дамыған.
А-С Абстрактілі – символдық ойлау көптеген ғылым адамдарына тән – физик – теоретикатер, математиктер экономистер, программистер мен аналитиктер. Бұндай адамдар ақпараттарды ұстауға да, елестетуге де келмейтін әртүрлі математикалық қод, формулалар мен операциялар арқылы меңгереді. Ойлаудың осы түрінің арқасында ғылымның барлық салаларында болжамдар негізінде көптеген жаңалықтар ашылған.
С-Л. Сөздік – логикалық ойлау аса жарқын вербалдық (лат.verbalis –сөздік) интеллектінің дамуымен ерекшеленеді. Сөздік - логикалық ойлаудың жақсы жетілгендігінің арқасында ғалым, оқытушы, аудармашы, жазушы , филогог, журналист өз ойларын жақсы құрастырып , оларды адамдарға жеткізе біледі. Бұл білік басшыларға саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне де қажет.
К-Б. Көрнекі – бейнелік ойлау болған , болатын не ешқашан болмаған және болмайтын нәрселерді елестете алатын ойлаудың көркемдік қабаттарын меңгерген адамдар – суретшілер , ақын, жазушылар, режиссерлер, архитектор, констуруктор, дизайнер, суретші, режиссерге ойлаудың жетілген көрнекі – бейнелік түрі болуы қажет.
К.Креативтілік – бұл шығармашылық ойлай білу, мәселенің стандартты емес шешімдерін таба білу. Креативтілік ойлаудың кез келген түрі дамыған адамдарға да тән бола алады. Бұл кез келген іс – әрекет саласында табысты талантты адамдарды ерекшелеп сирек, ештеңемен алмастырылмайтын қасиет.
Соңғы әңгіме:
Таза түрінде ойлау типтері өте сирек кездеседі. Көптеген адамдарда бір немесе екі ойлау типі болады. Көптеген мамандықтарға әртүрлі ойлау типтерінің үйлесімі қажет, мысалы психологқа. Бұндай ойлауды синтетикалық дейді. Өзіңіздің асты ойлау типіңіздіз өз іс – әрекетіңізбен немесе таңдалған бейін саласымен салыстырыңыз. Сіздің таңдауыңыз қаншалықты сәтті? Егер сіздің кәсіби жоспарларыңыз ойлау типімен соншалық сәйкес келмесе, ойланыңыз, нені өзгерту оңайырақ – жоспарларыңызды ма әлде ойлау типін бе?
Достарыңызбен бөлісу: |